Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Ұяшық көлемін өзгерту. Тор сызықтарын алып тастау



бет24/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

2. Ұяшық көлемін өзгерту. Тор сызықтарын алып тастау.
Егер енгізілген информация ұяшыққа сыймаса, оған көңіл бөлмеуге болады. Не Word-тағы сияқты, тышқан не мәзір арқылы ұяшықтар ені мен биіктігін өзгерту де мүмкін. Мәзірді пайдаланған кезде алдымен өажетті блокты таңдап, Формат-Баған-Ен (ұяшық енін таңдау), Формат-Жол-Биіктік (Ұяшық биіктігін таңдау) командаларының қажеттісін беру керек.
Бұл әрекеттер берілгендерді ұяшықта толық көрсету үшін қажет. Мәтінді ұяшықта толық көрсетудің басқа тиімді әдісі: қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар блогын таңдап, форматтау панелінің Біріктіру және орталықта орналастыру түймесін шерту. Блок ішіндегі тор сызықтарын алынып тасталынады. Мәтінді блок ішіне енгізген соң оны “Туралау” түймелері арқылы оңға не солға жылжытуға болады. Бұл әдіс кесте бетінде тақырып не ұзын мәтін жазғанда өте қолайлы болып келеді.
3. Ұяшықты және ұяшықтар блогын өшіру.
Ұяшықтың ішіндегісін өшіру үшін оны таңдап, Del пернесін басу жеткілікті.
Ұяшықтар блогын жою үшін оны таңдаған соң мәзір арқылы Түзету-Алып тастау командасының берілуі тиіс. “Ұяшықты алып тастау” сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезе қажетті ауыстырып қосқышты орнатып, ОК түймесін ешрту керек.
4. Ұяшықты, ұяшықтар блогын жылжыту және көшіру.
Ұяшықтардың ішіндегісін жылжыту не көшіруді, Word-тағы сияқты, алмастыру буфері арқылы орындауға болады. Кірістіру үшін алдымен блоктың сол жақ жоғарғы бұрышындағы ұяшықты ағымдық етіп, блокты таңдап алу керек.
Жылжыту не қалдыру әдісі бойынша ұяшықты не блокты жылжыту үшін алдымен оны таңдап, көрсеткішті үстіне әкелу және оның нұсқама түріне айналуын күту керек.
5. Қаріпті өзгерту. Ұяшықтар диапазонын бояу.
Ұяшықтар диапазонының шрифтін өзгерту үшін диапазонды таңдап, Формат-Ұяшықтар командасын беру керек. “Ұяшықтар форматы” сұхбаттық терезесі көрінеді. Оның “Шрифт” қондырма бетінің қажетті шрифт типін, пішінін (стилін) және өлшемін таңдап, ОК түймесін шерту керек.
Терезенің “Сыртқы түр” қондырмасы арқылы диапазон фонын таңдалған түспен бояп, безендіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет