Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


-тапсырма. Лабораториялық жұмысты Диаграмма файлы түрінде сақтаңыз. 5-тапсырма



бет27/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

4-тапсырма. Лабораториялық жұмысты Диаграмма файлы түрінде сақтаңыз.
5-тапсырма. Диаграмманы қағаз бетіне басып шығару.
5.1 Жоғарғы колонтитулға фамилияңызды, төменгі колонтитулға ағымдық уақыт пен күнді енгізіңіз.
5.2 Диаграмма салынған парақты қағаз бетіне басып шығарыңыз.

Тапсырмалар




Мәндер

Тұрғызу керек

1

4,2,13,18,16,17,3,21,25

Күлтелік диаграмма

2

-14,-2,-5,-19,-13,-9,6,8,-3

Көлемді диаграмма

3

-50,100,200,150,-140,-6,0

Нүктелік диаграмма

4

95,15,-4,-2,32,-43,16,-14,17,23

Сақиналық диаграмма

5

2,6,8,36,-4,-2,7,1,0,5,-9,12,-1,16

Пирамидалық диаграмма

6

5,7,-2,6,4,9,13,-21,56,45,32

Конустық диаграмма

7

0,5,-9,12,-1,16,-43,16,-14,17,23

Цилиндрлік диаграмма

8

-14,-2,-5,-19,-13,-9,6,8,-3

Сызықтық диаграмма

9

-50,100,200,150,-140,-6,0

Дөңгелектік диаграмма

10

8,36,-4,-2,7,1,0,5,-9,12,-1,16

График диаграмма

11

15,-4,-2,32,-43,16,-14,17,23

Облыстармен диаграмма

12

7,1,0,5,-9,12,-1,16,13,-9,6,8,-3

Нүктелік диаграмма

13

95,15,-4,-2,32,-1,0,5,-9,12,-1,16

Сақиналық диаграмма

14

8,36,-4,-2,7,1,0,5,-9,12,-1,16

Пирамидалық диаграмма

1-тапсырма


1. Мәтін тақырыбын WordArt объектісінен қажетті стильді таңдап жазу.
2. Мәтінді форматтау.



сол, оң жақ жиек

жоғарғы, төменгі жиек

шрифт өлшемі

интервал
(ашық,
тығыз)

қатар
аралық
интервал

Ж, К,

шрифт түсі

1

5-3

3-2

7

(а) 1,5

1,5

Ж

қызыл

2

2,5-1,5

1,5-2

12,5

(т) 1,5

2

К

жасыл

3

2-2

2-3

13

(а) 1,7

1



көк

4

1,5-1,5

2-2

16

(т) 1,3

1,5

Ж

сары

5

3-1,5

1,5-1

15

(т) 1,8

2,5



қоңыр

6

2-1,5

1-1

23

(а) 1,3

3

К

алқызыл

7

2,5-2,5

2-2

22,5

(т) 1,6

3,5



күлгін

8

3-3

3-3

17,5

(а) 1,2

4

Ж

қызыл-сары

9

2,5-3

2,5-3

7

(а) 1,9

2

К

ашық қоңыр

10

3-1

2-1

19

(т) 1,7

2,5



алтын түстес

11

2,5-1

1,5-2

25

(т) 1,4

3

Ж

ашық жасыл

12

2-3

3-2

8,5

(а) 1,6

1,5



ашық көк

13

3-2,5

2-1,5

6,5

(т) 2

4

К

сары

14

1,5-2

2-1,5

5

(а) 2

2,5

Ж

күлгін

15

2-2

3-3

14,5

(а) 2,4

2



алқызыл

3. Мәтінді номерлеу. Ол үшін Формат-Тізім (Список) командасын орындап ашылған терезеден қажетті түрді таңдау керек.
4. Мәтінді беттің ортасы, оң жақ, сол жақ, екі жақ жиектері бойынша туралау.
5. Мәтінді Жұмыс үстеліне Студент1 деген атпен жаңа бума құрып, Студент деген атпен сақтап қойыңыз.


2-тапсырма Студенттер



1. Студенттер – аяулы ақ армандар,
Жыл сайын жаңарғандар, жасарғандар.
Қызық қуып, терезеге қадалғандар,
Білім қуып бөлмеге қамалғандар.

2. Студенттер – аптыққан ақ көңілдер,


Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер.
Ауылға жиі айтатын сәлемдері
«Ақша сал, жетпей жатыр, ап келіңдер»!

3. Студенттер – сарылып ой қуғандар,


Қарнын қанағатқа тойдырғандар.
Қара нанды достармен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар.

4. Студенттер – болашақ жас мамандар,


Үй жоқ деп үйленуден қашпағандар.
Қиындықтан қысылып саспағандар,
Бастарына кітапты жастанғандар.

5. Студенттер – ұстазға ұқсағандар,


Сүрінгендер кей-кейде құлағандар.
Қайтадан тапсырам деп жылағандар,
Студенттің жан сырын сұрамаңдар.

6. Тәттіні, ащыны да татып тұрар,


Сонда да жанарында бақыт тұрар.
Студенттер, студенттер, студенттер,
Студенттер сондықтан бақыттылар.

  1. 2-ші шумағын жуан шрифтпен ауыстыру

  2. 4-ші шумағын қиғаш шрифтпен, шрифт өлшемін 9-ға өзгерту

  3. 3-шумағының фонын сарыға, шрифт түсін қызылға бояу

  4. Студенттер атты өлеңді жазып екі баған етіп орналастыру



3 -тапсырма



  1. Суретті салу. Үйдің шатыры - қызыл, қабырғалары – қоңыр, сары, есігі – жасыл, терезесі – көк, мұржасын - қоңыр түспен бояу.

  2. Квадрат-көк, шеңбер-жасыл, тіктөртбұрышты-сары түспен бояу.

Фигуралар шашырап кетпеу үшін Рисование қатарында Действие-Группировать командасын орындап оларды топтастырып қою керек.

  1. Өз ойынан сурет құрастыру.



Бақылау сұрақтары

  1. Диаграмма шеңберінің терезелері, олардың параметрлері

  2. Диаграмманы форматтау деген не?

  3. Диаграмманы баспаға шығару

  4. Диаграмма өлшемдерін тышқан көмегімен өзгерту

  5. Беттерге қалай нөмір қоюға болады?

  6. «Рисование» қатары көрінбесе оны экранға қалай шығаруға болады?

  7. Форматтау қатарының нөмірлеу пиктограммасы жоқ болса оны қалай қатарға қосуға болады?

  8. Тышқанды пайдаланбай сөзді қиғаш, асты сызылған, жуан етіп, беттің ортасына жазу және сөзді сақтау, қиып алу, кірістіру қалай орындалады?

  9. Беттің параметрлерін қалай өзгертеміз?



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
2. Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
3. О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
4. Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
5. Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
6. Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
7. Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
8. Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
9. Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)
Лекция №8
Функцияны кестелеу


1. Ұяшықтағы деректерді өңдеу.
2. Ұяшықтағы тор сызықтарды қосу және алып тастау.
3. Деректерді форматтау тәсілдері.

Ұяшықтарды абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде адрестеу, Форматтау аспаптар панелі мен Формат мәзірін пайдалану.


1-тапсырма. Ұяшықтарды абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде адрестеу.
Ұяшықтарды адрестеуді В1, А1:А9, С12 т.с.с. тәсілмен жазуға болады. Бұлай жазу ұяшықтарды салыстырмалы түрде адрестеу деп аталады, мұнда адрестер ағымдағы ұяшыққа салыстырмалы күйде беріледі. Мысалы, А4 ұяшығына =A1+A2 формуласын енгізсек, электрондық кестеде нәтижеде А4 ұяшығына бұдан үш қатар жоғары орналасқан ұяшықтағы санды екі қатар жоғары орналасқан санға қосқандағы мән жазылады. Егер =А1+А2 формуласын А4 ұяшығынан В4, С4 ұяшықтарына көшіріп жазсақ, сәйкес түрде = В1+В2 , = С1+С2 деп көшіріледі. Егер ұяшықты адрестеуді салыстырмалы емес нақты күйде бергіміз келсе, онда ұяшықты абсолютті түрде адрестеу керек. Ол үшін ұяшық адресіне $ символы қосылып жазылуы керек. Мысалы: $G$4, $B$2, $D$27 т.с.с. Формуланы көшірген кезде оның кейбір элементтерін салыстырмалы адрестеу, ал кейбірін абсолютті адрестеу арқылы жазуға болады, бұл ұяшықты аралас түрдегі адрестеу деп аталады.
Аралас түрдегі адрестеу үшін $ символы өзгермейтін баған атауына немесе өзгермейтін жол нөмірінің алдына жазылады. Мысалы: $В4, АС$7 т.с.с.

    1. А1:А10 блогын жұп сандармен, В1:В10 блогын тақ сандармен автотолтырыңыз.

    2. С1 ұяшығына =A1+B1 формуласын енгізіңіз.

    3. С1 ұяшығының формуласын С2:С10 блогына көшіріңіз.

    4. D 1 ұяшығына =A1*B1 формуласын енгізіңіз.

    5. D2: D10 блогына D1 ұяшығының формуласын өшіріңіз.

    6. Е1 ұяшығына =$A$1*$B$1 формуласын енгізіңіз.

    7. Е2:Е10 блогына Е1 ұяшығының формуласын көшіріңіз.

    8. Ғ1 ұяшығына =$А1*$B1 формуласын енгізіңіз.

    9. Ғ2:Ғ10 блогына Ғ1 ұяшығының формуласын көшіріңіз.

    10. D, Е, Ғ бағандарындағы нәтижелердің әртүрлілігін түсіндіріңіз.

2-тапсырма. Деректерді форматтау.
2.1 Бірінші жолдан жоғарыдан тақырыптар енгізілген екі жол босатыңыз. Ол үшін Енгізу-Қатарлар командасын орындаңыз.
2.2. Кестеге атау беріңіз де, оны кестенің орта тұсына жылжытыңыз. Ол үшін Форматтау аспаптар панелінің батырмаларын пайдаланыңыз.
3-тапсырма.
3.1 x [-10;6] аргументтер тізімін 30-жолға көшырып жазыңыз.
3.2 у=3x3+2x2-4 функциясының мәндерін 31-жолға есептеңіз.
4-тапсырма. Ұяшықтарды форматтау.
Кез-келген ұяшықтағы деректерді форматтауға болады. Ең алдымен өзгеріске ұшырайтын ұяшықты немесе блокты белгілеп алу керек. Деректерді форматтауды 2 тәсілмен орындауға болады:
1-тәсіл. Форматтау аспаптар панелінің батырмаларын пайдалану арқылы;
2-тәсіл. Формат-Ұяшық командасын орындап, сұхбаттық терезенің Шрифт бетінің параметрлерін тағайындау.
Тіктөртбұрышты жақтаулар сызықтарын сызу үшін:
1-тәсіл. Форматтау аспаптар панелінің сәйкес батырмасын ашу және қажетті жақтау сызықтарын таңдау;
2-тәсіл. Формат-Ұяшық командасын орындап, сұхбаттық терезенің Жақтау (Граница) бетінің параметрлерін тағайындау.
Деректерді туралау үшін:
1-тәсіл. Форматтау аспаптар панелінің сәйкес батырмаларын пайдалану;
2-тәсіл. Формат-Ұяшық командасын орындап, сұхбаттық терезенің Туралау (Выравнивание) бетінің параметрлерін тағайындау.
Кез-келген ұяшық немесе блок ішіндегі деректер үшін фон түсін, негізгі сызықтар түсін өзгертуге болады:
1-тәсіл. Форматтау аспаптар панелінің сәйкес батырмасын ашу арқылы;
2-тәсіл. Формат-Ұяшық командасын орындап, сұхбаттық терезенің Түр бетінің параметрлерін тағайындау.
4.1 1.1 тапсырмадағы деректер кестесін жоғарыда айтылған өзгерістерге ұшыратып форматтаңыз.
Төмендегідей кесте салыңыз.

5-тапсырма. Жұмыс кітабын Функция деп сақтаңыз.

Тапсырмалар







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет