Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Файлдарды және бумаларды жылжыту



бет32/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

7. Файлдарды және бумаларды жылжыту Тышқан көмегімен: Жылжытатын файлдарды және бумаларды ерекшелеңіз. Жылжытуға арналған файлдарды және бумаларды қажет дискіге немесе бумаға апарыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
Пернетақта көмегімен: Жылжытуға қажет файлдарды немесе бумаларды ерекшелеңіз. Түзету-Қиып алу (Правка-Вырезать) командасын таңдаңыз. Таңдалған файлдарды немесе бумаларды жылжыту қажет дискіні немесе буманы белгілеңіз. Түзету-Енгізу командасын орындаңыз.
8. Өшіру және қайта қалпына келтіру Сілтеушіні ашыңыз. Файл – Құру командасын таңдаңыз. Пайда болған ішкі мәзірден Документ Microsoft Word –ты таңдаңыз. Word құжатына Студент атын енгізіңіз. Студент файлын өшіру үшін, оны ерекшелеп, аспаптар панеліндегі Өшіру пиктограммасын шерту қажет.
9. Себет көмегімен өшіру. Сілтеуші бағдарламасын ашыңыз. Тышқанның сол жақ пернесін басып жібермей, Студент файлын себетке апарыңыз. Себетті ашыңыз, Түр (Вид) мәзірін қолданып файлдарды атаулары бойынша сұрыптаңыз. Студент файлын ерекшелеп, файл мәзірінің Қайта қалпына келтіру командасын орындаңыз.
10. Файлдардың және бумалардың атауларын өзгерту Файл атауын өзгерту үшін келесі іс-әрекеттерді орындаңыз. Сілтеуші терезесінен Студент файлын ерекшелеп, Файл-Атын өзгерту (Файл-Переименовать) командасын орындаңыз. Файл атауы қоршауға алынып ерекшеленеді. Файлдың жаңа атауын «Архив» деп теріңіз. Файлдың жаңа атауын тергенде ескі атау өшіріледі. Файлдың жаңа атауын тергеннен кейін пернесін немесе Сілтеуші терезесінің бос жеріне шертіңіз.
Windows операциялық жүйесі дискілерде орналасқан файлдар мен бумаларға байланысты көптеген операцияларды (көшіру, өшіру, атын өзгерту, орын ауыстыру және т.б.) орындау үшін пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс ұсынады.

11. Файлды немесе буманы іздеу


1. Іске қосу (Пуск) батырмасын басып, Іздеу (Поиск) бөлімін таңдаңыз.
2. Файлдар және бумалар (Файлы и папки) командасын таңдаңыз.

  1. Атау (Имя) өрісінде іздестірілген файлдың атауын немесе атаудың бастапқы әріптерін енгізіңіз. Егер атау белгісіз немесе іздестіруді қосымша шарттармен жүргізу қажет болса уақыт өзгерту және қосымша салымын қолдану қажет. Іздестіруді бастайтын терезені іске қосу үшін “Обзор” батырмасын басу қажет.

  2. Іздеу (Найти) батырмасын басыңыз.

Мәтінді іздеу өрісінің қосымша салымы арқылы (Искать текст) берілген мәтін бойынша файлды іздеу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет