Менің компьютерім (Mу computer) – компьютердің барлық бумаларын ағаш түрінде көрсетеді. Жүйені күйге келтіруге мүмкіндік беретін компьютердің конфигурациясы және қызметтік бумалары бейнеленеді.
Себет (Recycle Bin) - мұнда өшірілген құжаттар болады. Windows-та өшірілген құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі бар.
Желілік қоршау – егер компьютер желіге қосылған болса желілік ресурстарды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Менің құжаттарым (My documents) – пайдаланушы құжаттарын сақтауға арналған бума.
Портфель (My Briefcase) – бірден бірнеше компьютерлерде өңделетін файлдарды синхрондауға мүмкіндік береді.
Есептер тақтасы (Панель задач -Task bar) – экранның ең төменгі жағында орналасады. Ол жерде қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан барлық қосымшалар орналасады.
Іске қосу (Пуск–Start) – бұл батырма есептер тақтасының оң жағында орналасады. Бұл батырманы басып кез-келген қосымшаны жүктеуге, анықтама шақыруға немесе файл іздеуге болады.
Жұмыс үстелі қазіргі барлық операциялық жүйелер интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс үстелімізді алайық. Жұмыс үстелінде кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш т.б.) орналасуы мүмкін. Олар сіздің қалауыңызша, үстелде әр түрлі күйде орналаса алады. Үстел беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің үстел бетіндігі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы үстел бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр. Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер (немесе белгілер) түрінде орналасқан.
Шартбелгілер (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр шартбелгі белгілі-бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болған жағдайда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: |