Рыноктық экономиканың ерекше белгілері: 1) Инвестициялық ресурстарға жеке меншік. 2) Макроэкономикалық қызметті рыноктық механизм арқылы реттеу. 2) Еркін бәсеке. 3) Көптеген сатушылар мен сатып алушылардың болуы. 3) Еркін кәсіпкерліктің дамуы.
Аралас экономика туралы 100 жылдай бұрын А.Шефле, А. Вагнер еңбектерінде орын алды. Олардың пікірінше аралас экономиканың қалыптасуына жеке кәсіпкерлікке мемлекеттің араласуы негіз болған. Батыс экономистері аралас экономикаға «мемлекет пен жеке сектордың есепке негізделген некеге отыруы» деп анықтама берген.
Аралас экономика жоспарлы экономикалық жүйенің рыноктық экономикалық жүйеге ауысуымен байланысты емес. Қазақстанда аралас экономика мен өтпелі экономика кезеңдері тұспа-тұс келген болатын. Ал дамыған елдерде аралас экономика объективті экономикалық құбылыс ретінде Кеңес дәуірінен бұрын да өмір сүрді.
Аралас экономиканың сипатты белгілері: 1) Мемлекеттік меншіктің болуы. Ол экономиканың дамуында тұрақтандырушы рөл атқарады. Жеке сектор жүзеге асыра алмайтын салаларда (темір жол, космосты игеру, атом энергетикасы ,т.б.) қызмет етеді.
2) Меншіктің көптүрлілігі. Бәсекелік ортаның күшеюіне әсері мол.
3) Экономика рыноктық және жоспарлы тетіктер арқылы реттеледі.
4) Макро-микроэкономикалық деңгейде экономикалық процестердің ұйымдастырушылық және басқарушылық рөлі басым.
5) Жеке кәсіпорындардың ірі әртараптандырылған фирмаларға өзгеруі.
Мемлекет рыноктағы экономикалық субъектілердің пайда табуға бағытталған іс-әрекеттерінің теріс жақтарын болдырмау шараларын ұйымдастыру, бақылау механизмін жүзеге асырады. Яғни, бай мен кедей халық топтарының араларындағы әлеуметтік, экономикалық , саяси алшақтықты төмендетуге, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға, экологиялық мәселелерді шешуге, үкіметке деген сенімді жоғарылатуға қызмет етеді.
Қоғамдық шаруашылықты рыноктық ұйымдастырудың қажеттігіне қазіргі кезде күмән келтірушілер өте сирек.
Қоғамдық-экономикалық формация тарихи материализмнің негізгі категориясы. Оның күрделі жүйеленген иерархиялық құрылымы бар. Қоғамдық-экономикалық формацияның қүрылымдық элементтері — өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар.