Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)


Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі



бет10/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
экономика-дріс

Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
1) Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
-орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
- рыноктық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
2) Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе :
-дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалып отырады.
-либералды - қоғамның дамуының тиімділігіне жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам).
- аралас - бірінші және екінші типтің элементтерінен құралады.
3) Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе -шаруашылық іс -әрекетін белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырады (натуралды шаруашылық).
-ашық экономикалық жүйе - басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстарын үнемі ұлғайтып отырады (рыноктық шаруашылық).
Экономикалық жүйенің негізін құрайтын меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты оның келесідей типтері болады:
1.Орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
2. Рыноктық экономикалық жүйе.
3. Аралас экономикалық жүйе.
Жоспарлы экономикалық жүйе моделінің негізгі белгілері:
1) Елдің материалдық байлығының 90%-ға жуығы қоғамның (мемлекеттің) меншігі болып табылады. Меншікті тиімсіз пайдалану ешкімге экономикалық және т.б. жауапкершілік жүктемейді. Ал тиімді пайдаланудың жүйелі механизмдері жоқ.
2) Қоғамның барлық салалары орталықтан жоспарлау арқылы реттеледі. Бір нұсқада жасалатын жоспардың орындалуы міндетті (директивті жоспар) болып табылады.
3) Өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау орталықтандырылған. Барлық ресурстар өндірушілерге бір орталықтан жоспар бойынша қатаң бөлініп беріледі (ресурстар қажет-қажет емес болса да).
4) Экономикалық ынталандыру тек жалақы мен сый-ақы жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады, бірақ оның өзі қатаң бақыланады. Еңбек ақы деңгейінде алшақтық жоқ және еңбек етуге мәжбүрлеу басым.
5) Экономикалық тепе-теңдік қатаң экономикалық-құқықтық және заң шығарушылық шаралар қабылдау негізінде қамтамасыз етіледі.

  1. Экономикада тауарлардың тапшылығы орын алады.

7) Қаржы-несие тетіктері (баға, пайыз, ақша массасы, несие) жаппай жоспардың орындалуына қызмет етеді. Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар рыногы мүлдем жоқ.
8) Сыртқы саудада мемлекеттің ғана монополиялық билігі бар. Валютаны еркін айырбастауға тиым салынған және валюта бағамын мемлекет бекітеді.
9) Шектеулердің көптігіне байланысты жүйеде көлеңкелі экономиканың үлесі жоғары.
10) Коммунистік идеологияның үстемдік етуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет