Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)


Қоғамдық-экономикалық формация



бет12/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
экономика-дріс

Қоғамдық-экономикалық формация- өндіріс әдісі мен қондырманың өзара бірлесіп, әрекеттесуінің нәтижесі. Адамзат дамуының табиғи-тарихи жолы қоғамдық-экономикалық формацияның жүйелі ауысуын көрсетеді. Оларға: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік қоғамдық-экономикалық формациялар жатады.
Материалистік диалектика қоғамның экономикалық дамуын зерттеудің методологиялық негізі Бұл теория дамудың қайнар көзі мен қозғаушы күші деп объективті қайшылықтар, қарама-қарсы жақтардың бірлігі мен күресін алып қарайды. Формациялық теорияның негізгі жағдайлары :
1) Қоғамдық-экономикалық формациялар біртіндеп табиғи-тарихи процесс ретінде орын ауыстырады.
2) Материалдық өмірдің рухани өмірмен салыстырғанда рөлі жоғары.
3) Өндірістік қатынастар қоғамның базисі, қондырма базистен туынды сипат алады.
4) Таптар тарихтың түлғасы және қоғамның негізгі
бірлігі, ал таптық күрес- таптардың
өзара қатынастарының негізгінысаны.
Қоғамдық-экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды. Олардың ішінде: батыс елдерінің революциялық емес, эволюциялық сипатта дамуы, дамыған аймақтармен қатар, артта қалған аймақтарда стагнацияның болуы, көптеген елдердің тарихи дамуында белгілі бір сатылардың болмауы, таптық қайшылықтағы мүдделердің маңызының темендеуі, ғылыми-техникалық прогресті дамытуда субъективті (адамдық) фактордың рөлінің өсуі, салт-дәстүрлер, дін, ұлттық психологияның ерекшеліктері, олардың материалдық өндірістік қатынастан тәуелсіздігі.
Қоғамдық-экономикалық формация теориясы қазіргі заманғы, тіптен бұрынғы тарихи кезеңдердегі көптеген құбылыстар мен процестерді толық түсіндіре алмайды.
Қоғамдық дамудың өркениеттік теориясындағы аса маңызды мәселелердің бірі -жүйені айқындаушы белгілерді анықтау. Адамзаттың негізгі мәселелерінің ғаламдық сипат алуы және өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктің күшеюі үйлесімділікке негізделген тәсілдерді қажет етеді. Өркениетті теория материалдық және рухани дамудың бірлігін, қағидалардың жалпылама және әмбебаптылығын мойындайды.
Қазіргі өркениет техногендік сипаттағы адамның қоғамдағы жаңа жағдайын, теңдікті қамтамасыз ету мен жеке іс-әрекеттің еркіндігін талап етеді. Соған қарамастан, рынок заңдарының ықпалымен бәсекелестік нәтижесінде теңсіздік пен тәуелділік көрініс алады. Бірақ, қоғамдық санадағы теңдік пен еркіндік қағидалары, институционалдық нысандар (құқықтық және саяси) мен қорғау шаралары қоғамдық өмірдің қағидаларын сақтауға мүмкіндік береді
Техногендік өркениет әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал еткеніне қарамастан, XX ғасырдың 70-90 жылдары өзінің өсу шегі бар екенін көрсете бастады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін экономикалық шығындардың үздіксіз артуы, табиғи ресурстардың көлемі экологиялық дағдарыспен шектелетінін айқындап берді. Техногендік өркениеттің шеңберінде қоғамдық дамудың қозғаушы күшін құрайтын мақсаттар мен мотивтер өздерінің мән-мағынасын өзгертті. Ғаламдық мәселелерді шешудің қажеттігі адамдардың рыноктық іс-әрекетінің мотивтерінің мәнін төмендетіп, осыған дейінгі техникалық және әлеуметтік-экономикалық дамудың теріс салдарын жою үшін адамгершілік қағидалар бірінші кезекке шықты.
Экономикалық әрекеттердің әмбебап әрі өте тиімді әдісі ретінде рынок, қоғамды дамытуда жаңа факторлардың әсеріне бейімделуі тиіс. Бұл экономикалық субъект ретінде мемлекеттің реттеушілік рөлінің артуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет