Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)



бет20/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
экономика-дріс

п = о/т,
мұнда /7 айналым саны,
0 капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:
К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.
Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.
Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.


Тақырып 12. Кәсіпорынның шығындары мен табысы.
Лекция жоспары: (1 сағат, 9 апта)

  1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

  2. Өндіріс шығындары классификациясы.

  3. Пайда мәні және оның түрлері. Шекті табыс.Фирма тепе-теңдігі.

Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайды, сондықтан өндіріс шығындарының деңгейі пайдаға да, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік шығындарды басқарудың басты мақсаты - тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы баға және шығын деңгейін орнату, алдын ала белгілеген, көздеген табысқа жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі.
Өндірістік шығындардың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
1. материалдарға кеткен тікелей шығындар;
2. еңбек ақы шығындары.
Өндірістік жанама шығындар өндірістік қызметке жатады және үш түрге бөлінеді:

  • Материалдарға кеткен жанама шығындар;

  • Еңбек ақы төлеуге байланысты жанама шығындар;

  • Басқа да жанама шығындар.

Тікелей шығындар, алғашқы құжаттар негізінде (тауар құжаттамасы, наряд), пайда болған уақытында оны дайын өнімге жатқызады (калькуляциялау объектісі). Ал өндірістік үстеме шығындар пайда болған кезінде дайын өнімге жатқызылмайды. Дайын өнімге жатқызу үшін олар алдын ала жиналып есептеу арқылы өнімнің (тауардың, қызметтің) өзіндік құнына бөлініп қосылуы керек. Сонымен қатар өндірістік шығындар сомасын өнімге кеткен шығындар деп те атайды.
Бір өнімді өндіруге кеткен өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің өндірістік бағасын өндірілген өнімнің санына бөлу арқылы есептейді.
Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын құрайды.
Бақылау және реттеу функциясын жүзеге асыру – шығындарға анализ жасау және жоспарлы бюджеттік көрсеткіштердің және ресурстар шығыстарының көрсетіштерінің нормаға сәйкес болуына бақылау жасау, жоспардан ауытқушылықтарды айқындау және нақты шығындардың жоспарлы шығындардан көбеймеуіне шараларды әзірлеу.
Ынталандыру (мотивация) функциясы арқылы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылдырады (жұмысшыны немесе бөлімшені), қазіргі жағдайдағы мақсаты – кәсіпорынның шығындарын төмендетуге қызмет ету.
Бағаның төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге мәжбүр етеді. Егер орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма тепе-теңдік жағдайда бола тұра «қарапайым пайдадан» жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе квазирента алады.
Орта шығындар бағадан төмен болса, онда фирма жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы пайда алады деп тұжырымдалады. Фирма тепе-теңдік шартын былайша түсіндіруге болады: МС=МР=Р. Фирма алатын жалпы пайда жалпы саудадан түсірген табыстары мен шығындарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады: П = табыс – шығындар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет