Лекция жоспары: (1 сағат,1 апта)


МОДУЛЬ 4. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС



бет22/27
Дата24.09.2023
өлшемі338.5 Kb.
#478438
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
экономика-дріс

МОДУЛЬ 4. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ҰДАЙЫ ӨНДІРІС.
Тақырып 14. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Лекция жоспары: (1 сағат, 11апта)


  1. Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары.

  2. Ұлттық экономиканың қызмет етуінің өлшемдері. Ұлттық есептеу жүйесі.

  3. Макроэкономикалық көрсеткіштер, оны өлшеу тәсілдері. ЖҰӨ дефляторы.

Белгілі бір мерзім аралығанда ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.
ЖІӨ-ді есептеуде негізінен бірнеше әдістер қолданылады.

  1. Қосымша құн әдісі

ЖІӨ-ді есептеу барысында аралық және түпкі өнім ұғымдары пайдаланылады Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып, дайын өнім өндіріліп, түпкі тұтынуға жіберілсе, онда ол түпкі өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.
Батыс статистикасында кайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қарстырылып отырылған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің ғана құны жатады. Басқаша айтар болсақ, егер өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдардың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалатын құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады.

  1. ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі

ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеуде төмендегі өлшемдер қолданылады:
Y = C + I + G + NX
С – үй шаруашылығының тұтыну шығындары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған және дәрігер, адвокат, шаштараз, т.б. қызметтеріне кеткен шығындар;
I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығындары;
G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет