Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


Лекция 9. Бала тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы



бет17/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

Лекция 9. Бала тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Қоршаған орта туралы жалпы бағдары мен тұрмыстық білім қорына баланың өзі, жакындары мен тума-туыстары, мекен-жайы, қоршаған орта, табиғаты, үй тұрмысында қолданылатын заттар, кеңістік пен уақыт, құралдар мен материалдар туралы білетін мәліметтері жатады. Бала жасының өзгеруіне сәйкес бұл білімдер біртіндеп кеңейіп,терендеп отырады.
6-7 жастан 10-11 жаска дейінгі, яғни мектеп табалдырығын алғаш аттаған және оның 1,2,3,4 сыныптарын бітіріп отырған балалардың қоршаған орта туралы жалпы бағдары мен тұрмыстық білім қорын жылма-жыл тексеріп,өзара салыстыру үшін ұсынып отырған әдістемелер комплексі әрқайсысы 10 сұрақтан құралған бір-біріне ұқсас сұрақтар жиынтығын қамтиды. Сұрақтар жылма-жыл мағынасы жағынан қайталанғанымен біртіндеп күрделеніп дұрыс та толық жауап беру үшін баладан нақты да кең білімді талап етеді. Мысалы,мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаға «Сенің атың кім?» деген қарапайым сұрақ қойылса, келесі жылдары сұрақ «Атың, тегің, әкеңнің аты қалай?» (1сынып), «Сенің әке-шешеңнің аттары, тегі, әкелерінің аттары қандай?» (2 сынып), «Атаң мен әжеңнің аттарын, тегін,әкелерінің аттарын ата» (3 сынып), «Сенің әкеңнің немесе шешеңнің бірге туған аға-апа, іні-қарындастарының аты-жөні кім?» (4 сынып) түрінде өзгереді. Бұл әдістеменің сұрақтары оларға тек қабілетті балалар ғана дұрыс та толық жауап бере алатындай етіп әдейі тандалған. Бұл арқылы, біріншіден, нағыз қабілетті балаларды анықтауға, екіншіден, жалпы бағдары мен тұрмыстық білім көрсеткішіне сәйкес оларды бірнеше топтарға бөлуте мүмкіндік туындайды. Ал, орта қабілетті кез келген бала сұрақтардың ең кемі бірнешеуіне жауап беріп,белгілі бір ұпай жинайды.
Әдістеме бойынша жауапты сан жағынан бағалаудың 2 тәсілі қарастырылған: 0 ұпай және 1 ұпай. Бірақ тәжірибе жауаптың тек 2 нұсқасы болуының тиімсіздігін көрсетіп отыр. Себебі, балалар кейде жауапқа жартылай дұрыс жауап береді де,оны 0 немесе 1 ұпаймен бағалау мүмкін болмай қалады. Сонымен қатар, кейбір сұрақтар, мысалы 6,7,8,9 сұрақтары, бір емес екі сұрақтан құралған. Бала кейде осы сұрактардың біріне жауап беріп,екіншісіне жауап бермеуі мүмкін.Осыған байланысты жартылай дұрыс немесе толық емес жауапқа 0,5 ұпай берген жөн. Зерттеу барысында берілген сұраққа бала жауапты білмегендіктен емес, сол сұраққа ол баланың қайтарар жауабы жоқ болғандықтан жауап қайтармайтын жағдай да кездесуі мүмкін. Мысалы берілген әдістемедегі 1 сынып оқушыларына арналған 2,6 сұрақ, 2 сынып оқушыларына арналған 5,9 сұрақтар. Сондықтан, баланың отбасы жағдайымен алдын-ала танысып, сұрақтардағы сөздерді бала жағдайына қарай бейімдеп қолдануға болады. Мысалы, «туыстарың» сөзін «таныстарың» сөзімен, қажет болғанда «ата-ананың» сөзін балаға қамқоршы болып отырған жанашырларының атымен, яғни «аға-жеңгең», «апа-жездең» т.б. сөздермен алмастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет