Лекция 10. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынасын анықтау Зейіннің аумағын анықтау «Есіңде сақтап, нүктелерді дұрыс орналастыр» Бұл әдістеменің негізгі мақсаты - мектеп табалдырығын аттап отырған баланың оқуға деген қызығушылығын анықтау. Баланың мектепке дайындығының психологиялық бір белгісі оның оқуға деген қарым-қатынасы болып табылады. Себебі баланың таным процестерінің даму көрсеткіші жақсы болып, ол үлкендермен және басқа балалармен бірлесе әрекет жасай алатындай болатын күнде де,баланы мектепке толық дайын деп айтуға болмайды. Психологиялық дайындықтың 2 белгісі, яғни коммуникативтік дайындық және таным болғанмен, окуға деген ынта болмаса, баланы мектепке «қызығушылық алғашқы айларда пайда болады» деген шартпен ғана алуға болады. Бұл шарт жаңа білім алуға, мектеп бағдарламасын игеруге қажетті іскерлік пен дағдыларды меңгеру ынтасына тікелей байланысты.
Тәжірибе бұл әдістемеде де бағалауды 0 және 1 ұпаймен шектеуге болмайтыны көрсетіп отыр, себебі, біріншіден, бұнда да 2 бөліктен тұратын күрделі сұрақтар бар. Бала біреуіне дұрыс жауап берсе,екіншісіне кате жауап беруі мүмкін. Сол сияқты ұсынылған сұраққа баланың қайтарған жауабы жартылай дұрыс болатын жағдай да кездеседі. Осындай бала толық жауап бере алмаған күрделі сұрақтар үшін және бала жартылай дұрыс жауап берген сұрақтар үшін 0,5 ұпайды қолданған жөн. 1 ұпай дұрыс та толық, яғни дұрыстығы жағынан күмән тудырмайтын, дәлелді, кең түсініктеме түрінде берілген жауапқа қойылады. Жауап біржақты және толық емес болса, 0,5 ұпаймен бағаланады. Мысалы «Мектепке бару не үшін қажет?» деген сұраққа толық жауап үлгісі «Пайдалы білім,іскерлік,дағдыны меңгеру үшін» түрінде, ал толық емес жауап «Оқу үшіін» түрінде болуы мүмкін. Ал пайдалы білім, іскерлік, дағдыны меңгеру туралы ештеңе айтылмаған, «көңілді болу үшін» үлгісінде қайтарылған жауаптар қатеге есептеліп, 0 ұпаймен бағаланады. Егер оқушының жауабы толық болмай, бірақ көмекші, қосымша сұрақтардан соң жауабын толықтыра алса, онда 1 ұпай қойылады, ал жауапты толықтыра алмаса, 0,5 ұпаймен қалады. Осы әдістеме бойынша тексеру нәтижесінде аралық 0,5 ұпайларды қоса есептегенде ең кемі 8 ұпай жинақтаған бала мектепте оқуға толығынан дайын деп есептеледі. Ал 5 пен 8 ұпайдың арасын жинаған баланың мектепте окуға дайындығы толық емес деп саналады, 5-тен төмен ұпай жинаған бала мектепте оқуға дайын емес деп есептеледі.
Әдістеме бойынша жауап беру үшін төмендегі сұрақтар сериясы ұсынылады:
1. Сенің мектепке барғың келе ме?
2. Мектепке бару не үшін қажет?
3. Сен мектепте немен айналысасың? /Басқа нұсқасы: Әдетте мектепте балалар немен айналысады?/
4. Мектепке баруға дайын болу үшін нелер қажет?
5. Сабақ деген не? Онда немен шұғылданады?
6. Мектепте сабақ үстінде өзінді қалай ұстау керек деп ойлайсың?
7. Үй тапсырмасы деген не?
8. Үй тапсырмасын орындау не үшін қажет?
9. Сен мектептен келген соң, үйде немен шұғылданасың?
10. Мектепте оқуыңа байланысты сенің өмірінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Сұрақтың мағынасына толық және дәл келетін жауап дұрысқа саналады. Бала мектепте оқуға дайын деп есептеу үшін ол берілген сұрақтардың көпшілігіне дұрыс жауап беруі керек. Егер бала жауабы толық не дәл болмаса, зерттеуші қосымша, жетекші сұрақтар қоюы керек, жауапқа соңғы баға қосымша сұрақтарға қайтарылған жауапты да ескере отырып қойылады. Тағы бір ескеретін жайт кез келген сұрақты қойғанда, ол сұрақты баланың дұрыс түсінгеніне көз жеткізу керек. Бұл әдістеме бойынша баланың жинақтай алатын ең жоғары ұпайы - 10 ұпай. Практикада бала берілген сұрақтардың ең кемі жартысына дұрыс жауап берген жағдайда мектепке баруға психологиялық тұрғыдан дайын деп есептеледі.