Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа


әдістеме Зейіннің аумағын анықтау



бет20/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

3 әдістеме Зейіннің аумағын анықтау
«Есіңде сақтап, нҥктелерді дұрыс орналастыр»
Әдістемені жүргізу үшін шаршылар қолданылады. 8 шаршы алдын-ала қиылып дайындалады да, ең жоғарысында 2 нүктесі бар шаршы орналасатындай етіп, ретімен жиналады. Эксперимент жүргізуші балаға төмендегідей нұсқау береді: «Қазір екеуіміз зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Мен саған нүктелер салынған карточкаларды бірінен соң бірін көрсетемін, сен оларды алдындағы шаршыға көргеніңдей етіп, яғни қай торға орналасқанын бейнелейсің». Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен /яғни нүктелер біртіндеп көбейетіндей/ әрқайсысы, 1-2 сек. көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң баладан көргенін бос шаршыға 15 сек. ішінде бейнелеп беру сұралады. Бұл әдістеме мектепке дейінгі балаларға қолданылған түрде алынған, сонымен қатар осы әдістемені жасөспірімдер мен жеткіншектерге де қолдануға болады. Зейіннің аумағы 10 ұпайлық жүйемен бағаланады. Ересектер зейіні аумағының орта деңгейі 3-7 бірліктен тұратыны белгілі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек тобы үшін және бастауыш сынып оқушылары үшін де төменгі көрсеткіш 3 бірлік болып қалады, ал жоғарғы көрсеткіш баланың жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады, себебі балалық кезде жалпы зейін, оның ішінде оның аумағы дамып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек тобы үшін және бастауыш сынып оқушылары үшін зейін аумағы шамамен олардың жасына тең болады, бірақ ересектер зейіні аумағының орта деңгейінен артып кетпеуі керек. Мысалы, 3-4 жасар балада зейін аумағының орта деңгейі 3-4 бірлікке, 4-5 жасар балада зейін аумағының орта деңгейі 4-5 бірлікке, 5-6 жасар балада соған сәйкес 5-6 бірлікке тең болады. Зейін аумағы көрсеткішінің осы соңғы деңгейі бастауыш сыныптардың 1-2 сыныптарында шамамен сол қалпында қалады да, 3-4 сыныптарында зейін аумағының орта деңгейі ересектер көрсеткіші шамасына дейін көтеріледі. Осыған сәйкес балаларда эксперимент барысында анықталған көрсеткіштерді үйреншікті 10 ұпайлық шкала көшірудің төмендегідей жүйесі ұсынылады:
10 ұпай – зейін аумағы 6 бірлікке тең немесе одан жоғары
8-9 ұпай – зейін аумағы 4-5 бірліктен тұрады
4-7 ұпай – зейін аумағы 2-3 бірлікке тең
0-3 ұпай – зейін аумағы 2 бірліктен төмен.
10 ұпай жинаған балалар зейіннің даму көрсеткіші жағынан мектепке баруға толық дайын ғана болып қоймай, бұл тұрғыдан өз қатарларының көбісінен ілгері тұрады.
8-9 ұпай жинаған балалар да мектепке баруға дайын деп есептеледі. Бірақ осындай ұпайды 3-4 сынып аралығында оқитын оқушылар жинаса, бұл көрсеткіш нормадан төмен болып саналады.
4-7 ұпай мектепке баратын балалар үшін зейін аумағы дамуының орта көрсеткіші болса /жеткіліксіздеу болса да/, мектепте оқып жатқан балалар үшін төмен көрсеткіш болып саналады.
Ал, 0-5 ұпай мектепке баратын балалар үшін де, онда оқып жатқан балалар үшін де зейін аумағы көрсеткішінің жеткіліксіздігін көрсетеді.
Бұндай балалар туралы зейіннің даму көрсеткіші жөнінен мектепте оқуға дайын емес деген қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет