Екінші қорек көздері.
Жоспары:
(қаралатын сұрақтар тізімі)
Екінші қорек көздерінің құрылымдық сұлбалары.
Түзеткіштер. Жазғыш фильтрлер. Кернеу тұрақтандырғыштары.
Мазмұны
Электрлік қорек көздері бұл бірінші реттік қорек көзінің электр энергиясын электр қондырғыларын қорек көзімен қамтамасыз ету үшін белгілі бір шаманы түрлендіреді. Түрлендіру операциясын орындайтын қорек көзі екінші ретті қорек көзі деп аталады. Бірініші реттік қорек көздері ретінде өндірістік айнымалы ток желісін немесе дербес айнымалы ток көздерін және тұрақты ток көздерін пайдаланады. Бұл қорек көздері тікелей, әр түрлі электрлік құрылғыларын қоректендіруге мүмкіндік бола бермейді. Міне, осы себептен бірінші ретті қорек көздерін энергияны түрлендіретін құрылғыларға қажеттілік туады. Екінші ретті қорек көздері күшейткіштерді, интегралдық жүйелерді және де осы айтылған электр сұлбаларын пайдаланып құрасытырылған қондырғыларды ток көзімен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Өндірістегі қолданылатын электр көздерінің кернеулері 220В, ал аккумуляторлық ток көздерінің кернеулері 12В. Жоғарыда айтқанымыздай, бұл кейбір аспаптарды қоректендіруге жарамайды. Екінші реттік қорек көздері негізгі 3 түрлі блоктардан туады:
Жиілікті реттеу;
Тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Кернеудің шамасын беру.
Жиілікті реттеу формасы түрлендіретін энергияның қажеттілігіне байланысты 2 негізгі классқа бөлінеді:
Түзеткіштер;
Инверторлар.
Түзеткіш дегеніміз айнымалы токты және кернеуді тұрақты токқа түрлендіреді.
Инвертор дегеніміз тұрақты кернеуді айнымалы кернеуге айналдырады.
Автоматиканың барлық құрылғылары сырттан қоректендіруге байланысты категорияларға бөлінеді. Бірінші категорияларға электрқабылдағыштары жатады. Екінші категорияға өндірістік электр энергиясын пайдаланытын құрылғылар жатады.
Қорек көздері туралы жалпы мағлұмат
Көптеген электронды құрылғылардың жұмыс істеуі үшін бір немесе бірнеше қорек көздері болуы қажет.
Барлық қорек көздерін 2 топқа бөлуге болады:
Біріншілік қорек көздері;
Екіншілік қорек көздері.
Радиоэлектронды құрылғылардың құрамына 1 топты және 2 топты қорек көздері бір мезгілде пайдалануы мүмкін.
Біріншілік қорек көздері
Бұл топқа жататын қорек көздері :
Химиялық қорек көздері (галваникалық элементтер, батарея және аккумуляторлар);
Термобатареялар;
Термоэлектронды түрлендіргіштер;
Фотоэлектрлік түрлендіргіштер;
Отынды элементтер;
Биохимиялық қорек көздері;
Атомды элементтер;
Электромашиналы генераторлар.
Химиялық қорек көздері - автономды қоректі талап ететін, аз қуатты құрылғылар мен аппаратураларды топпен қоректендіру үшін кеңінен қолданылады. Батареялар мен аккумуляторлар санымен қатар қосымша және резервті қорек көзі ретінде пайдаланылады. Мұндай қорек көздерінің шығыс керенуінің айнымалы құраушысы жоқ десе де болады.
Термобатареялар – бұл тізбектегі қосылған термопаралар. Термобатареялар аз қуатты қорек көзі ретінде пайдаланылады. Мысалы: радиоқабылдағыштар.
Термоэлектронды түрлендіргіштер - қатты қызатын катоды бар вакуумды немесе газды аспаптар. Жылу энергиясын электр энергиясына айналдыру бұл құрылғыларда термоэлектронды эмиссия құбылысының арқасында жүзеге асады.
Фотоэлектрлік түрлендіргіш – жылу және күн энергиясын электр энергиясына түрлендіреді. Фотоэлектронды түрлендіргіштер аз қуатты қажет ететін радиоэлектрлік, спутниктегі техникаларда қолданылады.
Отындыэлементтер – химиялық реакцияның энергиясын электрлік энергияға түрлендіреді. Жұмыс істеу принципі заттың тотықтануына негізделген.
Биохимиялық ток көздері отындық қорек көздері сияқты химиялық реакция энергиясын электр энергиясына түрлендіреді.
Атомды элементтер аз қуатты қажет ететін радиоэлетронды аппаратураларды қоректендіру үшін қажет. Жұмыс істеу принципі атомды элемент 2 электродтан тұрады. Екі электродтын арасында диэлектрик немесе вакуум болады. Электродтың біреуіне радиоактивті стронций орнатылады. Стронций β сәулесін шығарады. Осының арқасында 2 электродтың арасында кернеулер айырымы пайда болады.
Электромашиналы генераторлар механикалық энергияны электрлік энергияға түрлендіреді. Олар тұрақты және айнымалы ток генераторлары болып екіге бөлінеді.
Екіншілік қорек көздері жоғарыда айтып өткендей радиоэлектронды аппаратуралардың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол біріншілік қорек көзінен алынған электр энергиясын қоректендірілуі керек болған радио электронды аппартуралардың талабына сәйкес түрлендіріп береді.
Екіншілік қорек көздерінің классификациясы
Екіншілік қорек көздерінің төмендегі параметрлеріне сәйкес классификациялауға болады:
Қоректендіретін тізбектің түрлеріне байланысты
Бір фазалы айнымалы ток желісінің электр энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
Үш фазалы айнымалы ток желісін электр энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
Автономды тұрақты ток көзінің энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
Жүктемеге түсетін кернеуге байланысты:
Төмен кернеулі қорек көздері 100 В – қа дейін;
Орташа кернеулі қорек көздері 100 В – 1000 В дейін;
Жоғары кернеулі қорек көздері 1000 В – тан жоғары;
Жүктеменің қуатына байланысты:
Аз қуатты қорек көздері 100 В – қа дейін;
Орташа қуатты қорек көздері 100 В – 1000 В дейін;
Жоғары қуатты қорек көздері 1000 В – тан жоғары;
Жүктеменің тогының түріне байланысты:
Шығысындағы тогы айнымалы қорек көздері;
Шығысындағы тогы тұрақты қорек көздері;
Шығысындағы тогы тұрақты айнымалы қорек көздері;
Шығысының санына байланысты:
Бір шығысы бар;
Көп каналды шығысы бар;
Жүктемедегі кернеудің тұрақтылығына байланысты:
Тұрақтандырылған қорек көздері;
Тұрақтындырылмаған қорек көздері;
Қорек көздерінің ерекшелігі ол қоректендірілетін электр құрылғының сипаттамасының талаптарына сәйкес анықталады. Ал ол қорек көздерін жобалауда қатаң талаптар қояды, ол талаптар: массасы, көлемі, құны, сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуі. Тұрақты және айнымалы токтың беретін энергиясының шамасы бірнеше мВт – тан мыңдаған Вт – қа дейін өсуі мүмкін. Ал кернеу бірнеше вольттан мыңдаған вольт болуы мүмкін. Ал кейбір қорек көздері шығыс кернеуінің жиілігі 1 Гц – тен 1000 Гц болуы мүмкін. Барлық жағдайда мүмкіндігінше пайдалы әсер коэффициентін жоғары болуына қол жеткізу керек. П.Ә.К төмендеген сайын қорек көздеріне қосымша салқындатқыштар керек болады. Ал бұл оның массасының және көлемінің артуына әкеліп соғады. Дегенмен, қорек көздерінің негізгі функциясы кіріс кернеуінің үлкен ауытқуына қарамай шығыс кернеуін тұрақты қамтамасыз ету болып табылады. Бұл оның сапасының көрсеткіші болып табылады. Бұл оның сапасының көрсеткіші болып табылады.
Екіншілік қорек көздерінің параметрлері
Номиналды шығыс кернеудің және токтың мәні;
Пайдалану кезіндегі шығыс кернеуінің тұрақсыздығы;
Максималды және минималды номиналды қуат мәні;
Біріншілік электр желісінің тогының номиналды мәні;
Айнымалы ток желісінің қоректенетін қорек көздері үшін қуат коэффициенті
cosφ =
S =
мұндағы Р – толық қуаттың активті құраушысы; ал S – қуаттың айнымалы құраушысы. Тұрақты ток үшін cosφ=1.
ПӘК
η=100
Мұндағы Pж i i шығысқа берілетін номиналды қуат, PТ,ном - толық номиналды қуат пайдаланылатын.
Қорек көздерінің ішкі кедергісі шығыс кернеудің сол өзгеріске себепші болған шығыс тогының қатынасы.
Un
ΔI Δu R=
I
Шығыс кернеуінің лүпілдеу деңгейі немесе лүпілдеу коэффициенті
k = k ≈ 2
Бақылау сұрақтары
1. Автотербелістік режімде (мультивибраторда) жұмыс істейтін тіктөртбұрыш импульстардың генератор жұмысының уақыттық диаграммасын көрсетіңіз.
2. Бірвибратордың мультивибратордан айырмашылығы?
3. Квази тепе-теңдік күй дегеніміз не жəне мультивибраторда мұндай қанша күй бар?
4. Логикалық элементтердегі тіктөртбұрыш импульстардың генератордың сұлбасын салыңыздар жəне оның жұмыс істеу принціпін түсіндіріңіз.
№ _9__ тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |