Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта немесе ноутбук, проектор, тақырыпқа байланысты презентациялар, бейнематериалдар, сызба-кестелер, газет тігінділері
Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, кіріспе лекция.
Деңгейлік тапсырмалар:
1-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырып таңдау және ақпарат іздеу.
Тақырып түрлері мен қызметі
2-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырып, идея, сюжет.
Тақырып, лид, түйін.
3-ші деңгейдің сұрақтары:
Тақырыптар кешені
Тақырыптарды безендіру жолдары
СӨЖ тапсырмалары:
Жанр және жанр пішіндері.
Баспасөз жанрларының түрленуі.
ОБСӨЖ тапсырмалары:
Шындықты танудың әдістері.
Баспасөз тектерін жүйелеу, жанрларға бөлу.
Дәріс №12. Шешендік сөзердегі публицистикалық белгілер.
Ғалым М. Балақаев пернелі шешендік сөздерде публицистиканың сөйлеу ретіндегі түрі деп айқын көрсетіп кеткен. Тақырып бойынша шешендік сөздердің дәл осы қыры қарастырылады, Майқы би, Төле би, Қазбек би, Әйтеке би сияқты шешендердің тарихи шындықты көрсететін асыл сөз маржандарының публицистикалық сипатына мән береді.
Қандай қоғам болмасын мемлекеттік иделогияны қалыптастыруда сөз өнері тізгінін қолға ұстаған тұлғалардың шешуші рольде болғандығы ақиқат. Күшпен, қарумен дүниеге келген иделогиялық мұраттың ғұмыры баянды болып көрген жоқ.
Өркениетті заман саналатын қазіргі ХХІ ғасырда да сөз өнері, яғни, Әдебиет пен Баспасөздің қоғамға тигізер әсер-ықпалы зор. Журналистиканың төртінші билік атануы да бекерден-бекер емес. Жыраулар поэзиясы бәсеңдей бастаған ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында би-шешен, ақындық тұлғалардың тарих сахнасына шығып, ел мүддесіне ықпал етуі де табиғи заңдылық.
Қазақ даласында болып жатқан түрлі өзгерістер қоғамдық болмыстың барлық салаларына өз әсерін тигізе бастады.
«Қазақ жеріне, қала түсті, бекіністер салынып, орыс әскерлері кірді. Шұрайлы жерлер тартып алынып, орыс шаруалары қоныстандырылды. Ел тіршілігінің шеңбері тарылып, отаршылдық темір құрсаудай қыса бастады. Осыған орай дербес ақындық поэзия қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайларын жырлауға бет бұрып, ел басындағы ауыр мұңды, қайғыны суреттеуге ойысты».
Қоғамдық формациялардың өзгеруі халықтың рухани ой-өрісіне де белгілі дәрежеде әсер-ықпалын тигізеді. Мәселен кеңес заманында көркем әдебиет алдыңғы орынға шықса, өтпелі кезеңде публицистиканың ықпалы зор болды. Мұндай өзгерістер әр дәуірде, әр қилы қоғамдық жағдайларға байланысты орын алып отырды. ХІХ ғасыр айтыс өнерінің өркендеп, қанатын кеңге жайған тұс еді. Қазақ даласында бағзыдан келе жатқан айтыс, шешендік сөз өнері қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге араласып, өз үнін, ықпалын таныта бастады. Ортақ жаудың тарих сахнасынан жойылуы, қазақ тайпа-руларына бүтіндей тыныштық әкелгенімен, өз ішіндегі жер дауы, жесір дауы, барымта сияқты ежелден келе жатқан ескі әдет етектен тартуын қоймады. Қазақ үшін мұндай келеңсіздіктер кейде рулық, жүздік сипат алып, мемлекеттің іштен іруіне әкеліп соқтыратын.
Қазақтың осындай кеселден арылтуда немесе ел ішіндегі тыныштықты, бейбітшілікті сақтауда би-шешен, ақындардың рөлі ерекше болды. Мұндай жағдайда ел басқарып отырған хан-сұлтандардың өзі халық ішінен шыққан қабырғалы билер мен от ауызды, орақ тілді шешендерге, ақындарға арқа сүйегендігі тарихи шындық еді.
Белгілі ғалым Нысанбек Төреқұл: «Қазақта би-шешендер ерекше тұлға. Ерекше тұлға дейтін себебіміз, бұрын-соңды қазақтан басқа халықтарда мұндай тұлға, мұндай елді аузына қаратқан адамдар болған емес. Шығыс халықтары арасында біздің билерімізге ұқсас бірлі-жарым болуы мүмкін, бірақ олар дәл қазақтағыдай еместін. Демек, би-шешендер тек қазаққа ғана
тән құбылыс. Олар айтқан билік, шешендік сөздер тек қазақ арасында кездесетін халықтық асыл қазына болып табылады», - деп жазады.
Ғалым пікіріне сүйене отырып, ұлтымызға тән осынау ұлы тұлғалардың ел тарихындаға еңбектерінің елеулі екендігіне олардың бүгінге жеткен шығармашылық мұрасын зерделей отырып көз жеткіземіз. Тіпті, қара қылды қақ жарып, төрелік айтқан билер дәуірі біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-ІІІ ғасырларда болғандығын зерттеушілеріміз дәлелдеп жазу үстінде. Қазақ халқының тарихында Төле би, Қазыбек би, Әйтек би есімдері ел бірліг мен ынтымағы, мемлекет іргесінің нығаюы жолында ұлт болып қалыптасудың негізін қалаған қайраткерлер ретінде бағаланады.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», - дейді халық даналығы. Би болу, билік айту сөз білетін кісінің бәріне бірдей бұйырмаған. Жоғарыда келтірілген халық даналығы би-шешеннің өзін ар тезіне салатын қағида іспеттес.
Журналистертер де би-шешендер сияқты қашанда әділ, адал болып, кез-келген даулы мәселенің анық-қанғына жетекенсоң сол күйінде тыңдарманына, көрерменіне жеткізе білуі керек.
Қазақ елі танымдық-тағылымдық, тәрбиелік-тәжірибелік мәні бар өнегенің, өсиеттің көбін ауызша айтып, ауызша таратты. Ұрпақ қамын ойлағанда, ең әуелі бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлді. Өмірге жаңа келген сәбидің бойына қарапайым әуені бар бесік жырынан бастап, жаңылтпаш, жұмбақ, тақпақ, өлең, ән, жыр, ойын арқылы азаматтық, адамгершілік қасиеттердің сынығын ер жеткенге дейін сыналап ендіре берді. Ес білген жайда осындай өнеге үйретер тәлім айтар, тағылым берер шешенсөз - терме болды.
XIX ғасыр шығармашылық қана емес, орындаушылық өнердің де ерекше қарқынмен дамыған кезеңі. Бұл кезде бұрынғы жыраулардың ел ісіне араласу, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қозғау, ой салу, бағыт беру, жөн сілтеу қызметі бәсеңсіп, яғни қайраткерлік функциясы төмендеп, тек үгіттік, насихаттық іске бой ұрып, орындаушылық өнерге бет алған шағында, олардың заман жайында, өмір турасында, қоғам хақында, адам туралы, тіршілік жөнінде сөз қозғаған толғауларының ең ұтымды, өткір заманға, адамға қажет нұсқаларын жыршы-термеші, өлеңшілер іліп алып, елге таратуды жөн көрді. Сөйтіп үлгілі сөзді теріп айту, нұсқалы ойды насихаттау бел алды. Мұның тарихи-әлеуметтік себептері бар еді.
Бұрын ел шетіне жау тиіп, тынымсыз өмір, аласапыран күн кешіп келген қазақ еліне қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туып, аттың жалы, түйенің қомы қалып, бейбіт өмір кешті. Елді сыртқы жаулардан сақтандыру, бірлік пен ынтымаққа, адамгершілік қасиеттерге үндеу уақыт сұранысының алдына шықты. Бұл сұранысты өтеуді ақын-жыраулар, термеші-жыршылар, сал-серілер мен өлеңшілер өз міндетіне алды. Осы міндетті атқару жолында олар әр түрлі әдістер, көркемдік құралдар, эстетикалық тәсілдер қолданды. Біреулер жыр жаттап айтты, енді біреулері өсиет-өнеге сөздер айтты, сан алуан аңыз-ертегілер шығарды, осылардың ішінде ақыл айтудың ең ұтымды да пәрменді тәсілі ретінде терме жанры да алдыңғы қатарлардың біріне көтерілді. Өйткені терме жыр, толғау секілді ұзақ болмады, тақпақ секілді тым қысқа да болмады. Оның үстіне ақыл-нақыл, үлгі-нұсқа, үгіт-насихат қара сөзбен емес, ырғақты сөзбен, ырғақты сөзбен ғана емес, әуенді сөзбен, бұл әуенді сөз музыка аспабының сүйемелімен орындалды. Сөйтіп оның әсерлілігі де, әсемдігі де, пәрменділігі де, ұтымдылығы да өзіндік мақсатқа ие болып, жанр ретінде дара өмір сүре бастады.
Сөйлеу мәдениетінің негізі әдеби тіл болып табылады. Ол ұлттық ана тілдің ең жоғарғы көрсеткішін құрайды. Бұл - мәдениеттің, әдебиеттің, білім берудің, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі.
Әдеби тіл адамдар қызметінің әр түрлі саласында қызмет көрсетеді. Ең негізгілеріне тоқтасақ, олар - саясат, ғылым, мәдениет, сөз өнері, білім беру, заң шығару орындары, ресми-іскерлік қарым-қатынас, тұрмыстық тіл қатысу, ұлтаралық қарым-қатынас, баспасөз, радио, телевидение.
Ұлттық тілдің әр алуан түрлерін, мәселен, қарапайым ауызекі сөйлеу тілі, аймақтық және әлеуметтік диалектика, жаргондарды салыстырсақ, әрине, эдеби тіл басты роль атқарады. Әдеби тіл ой-түсініктер мен атаулардың мағынасын танытуда, эмоция мен ойды білдіруде ең ұтымды тәсілдерге құрылған немесе бойына жинақтаған.
Әдеби тіл мен тілдің әдеби нормаға жатпайтын түрлерінің арасында өзара ықпал ету процестері үздіксіз болып жатады, әсіресе ауызекі сөйлеу стилінде көбірек байқалады.
Ғылыми лингвистикалық әдебиетте әдеби тілдің негізгі белгілері былайша көрсетілген:
Бірінші - сұрыпталған, яғни М.Горькийше айтсақ, әдеби тіл -жазушылар, ақындар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері сияқты сөз шеберлері сұрыптаған, жетілдірген тіл; Екінші - тұрақтылық; Үшінші - тілді қолданушылар мен жеткізушілердің барлығына жүктелген міндеттеме; Төртінші - жүйелілік;
Бесінші - функционалды стильдердің болуы.
Тартымды көркем сөйлеу тәсілдері:
М.В. Ломоносов: "Шешендік дегеніміз кез келген материя туралы әсерлі (красно), бейнелі баяндау, сол арқылы өз пікіріңе басқаларды ұйыта білу қабілеті", - деген болатын.
Көркем тілде сөйлеу әңгімеңіздің тиімділігін арттырады, айшықты сөз тыңдаушылардың қызығушылығын және тақырыпқа деген адамның ықыласын оятады, адамның ойына ғана емес, сезіміне, көзге ойша елестету қабілетіне әсер етеді.
Көркем, бейнелі, айшықты тілмен тыңдаушылардың ықыласын игеріп, оларға белгілі бір дәрежеде ықпал ете білу өз сөзіңізге ұйыту мақсатынан туындайды. Айшықты, мәнерлі, көркем тілде сөйлеу сіздің сөзіңіздің тиімділігін арттырады, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырады, әңгіме өзегі болып табылатын мәселе төңірегінде барлық адамдардың ықыласын топтастырып, олардың санасына, сезіміне, елестету қабілетіне әсер етеді.
Сөздің реңін кіргізу, әдеби тілмен ажарлау жайлы сөз еткенде тілді көркемдеудің тәсілі ретінде ең алдымен эпитет ауызға оралады. Эпитет дегеніміз заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Бұл аталған тәсілсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Әрине, бұрын-соңды сан мәртебе қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталай берудің керегі жоқ .Мысалы, эпитет жөнінде Абайдың:
Сур бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан, -
деген өлең жолдарын мысалға алуға болады. Бұл жерде эпитет өлеңге айрықша өң беріп, табиғат суреттерін дәл өрнектеуге қызмет етіп тұр.
Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы эдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі - теңеу. Мұнда суреткер заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттейді. Сонда бұлар туралы оқырман түсінігі айқындалу үстіне тереңдейді де, өнер туындысының эстетикалық әсері күшейе. Мысалға Ғафу Қайырбековтың өлеңін сыналауға болады:
Шілдеде қандай момақан,
Толқының майда мақпалдай.
Бірнеше жұмсақ алақан
Көтеріп бара жатқандай...
Толқынды осынша жанды суреттеу ақын шеберлігі.
Әдеби тілді ажарлап қана қоймай оны құбылта білу керек. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ, бір сөз бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіріп құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болады. Демек, троптың ең басты мәні таныту тарапында жатыр.
Құбылтудың түрлері көп. Журналистикада ең басты құбылтулардың бірі - ауыстыру, яки метафора - сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Гималай - көктің кіндігі,
Гималай - жердің түндігі,
(I. Жансүгіров)
Бұл өлең жолдарынан Гималай тауының шынайы образын көреміз, яғни оның биіктігін көкпен таласқан асқақтығынан, алыптығын түндіктей жер бетін көмкеріп тұруынан тануға болады. Ақын таудың өмірдегі шынайы баламасын дәл таба білген.
Ауыстыру жеке сөздерде немесе сөйлем ішінде ғана ұлғаюмен тынбай, кейде бүкіл шығарманың өн бойындағы бейнелеу тәсіліне көшуі мүмкін, мұны кейіптеу деп атаймыз.
Топтың бір түрі - астарлау, яки символ - бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы - символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялы астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді
Достарыңызбен бөлісу: |