Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
Дәріс 15. Тақырып, лид, түйін
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Болашақ журналистер мен қоғаммен байланыс мамандарын қазіргі заманғы журналистиканың менеджмент жүйесімен таныстыру,Қазақстанның қазіргі медиа нарығы, түрлі БАҚ-та жұмыс істеу ерекшеліктері мен үлгілері, журналистердің кейбір кәсіби «құпиялары», PR және жарнама негіздері ұсынылған. Болашақ журналист өз мамандығының құқықтық жағын міндетті түрде білуі тиіс.Сондықтан да пәнді журналистік қызметтің құқықтық аспектілері де қарастырылған. Пән барысында журналистика жанрлары, оларды күнделікті жұмыста қолданудың қыр-сыры түсінікті тілмен баяндалады. Жас журналистерге ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Журналистік жолын енді бастаймын деген болашақ журналистерге медиа саласының бел ортасында жүрген практик журналистердің неден бастап, қалай жазу қажет екендігін және алдын ала қандай қателіктерді жіберіп алмау турасындағы материалдары мен кеңестері әбден пайдалы болады деп сенеміз.
Дәріс мазмұны:
Мақала тақырыбының (атының) атқаратын қызметі (функциясы) мен түрлері. Тақырыптық комплекс. Такт-тест. Сәтсіз тақырыптар. Тура және созылған лидтер (кіріспе бөлімдер). Тура лидтің әртүрлігі - қайталаушы, түрленген, орауыш, сындырылған лидтер. Созылған лидтің әртүрлігі - сахналық, баяндаушы және анегдоттық созылған лидтер. Ұнамсыз лидтер - тақырыптық, сұраулық және дәйексөздік (цитаталық) ұнамсыз лидтер. Лидтің үйлесімді өлшемі. Қорытындының әртүрлігі - хронологиялық, футиристикалық (реализмге қарсы бағыттағы) поэтикалық, шешім, шеңбердің аяқталуы, галстук, жұмылдыру және Шваба қорытындысы.
Тақырып, лид пен қорытынды - журналистік мәтіннің маңызды құрылымдық элементтері. Тарауда оларда жазуға талдау жасалынған және әрбір варианттың орынды қолданылуына нұсқаулар беріледі.
Мақала тақырыбының маңыздылығы мынаған байланысты, оның оқылуға сенімділігі 90% болады, себебі көз қарамен жазылған қатарды міндетті түрде бірінші байқайды. Егер мақаланың аты арқылы оқырманның назарын аударуға мүмкіндік болмаса, мақала бәрінен бұрын оқылмайтын болып қалады. Интернет-басылымдағы мақала тақырыбының (атының) орны тіпті зор болады, себебі, интернетті ашқанда мақаланың тақырыбын бірінші көреді де,сонан соң ғана аталған мақаланы ашып болғанға дейін толық мәтінді көре алмайды. Сондықтан сәтсіз тақырып материалды жазуға кеткен алтын уақыт пен күш- жігерді заяға кетіреді. Сол себепті, мақаланың атын таңдауға да мақаланың өзін жазғандай уақыт кетеді.
Мақала атының атқаратын қызметі екеу - ақпараттық және байланыстырушы қызмет. Ол мақаланы оқырманға жеткізіп, осы мақаланы оқуға деген ұмтылысын оятады. Сондықтан мақала тақырыбын дүкеннің сөресі мен маңдайша жазуына теңейді. Себебі , маңдайша жазу мен сөресі дүкеннен қандай затты алуға болатындығы туралы уәде болса, мақала тақырыбы мақалада қандай ақпарат болатындығы туралы кепілдік беруші қызмет атқарады.
Жалпы алғанда мақаланың атын қоюдың талаптары төмендегідей: айтарлықтай қызықты әрі тартымды болу керек, себебі оқырманды қызықтыруы керек, бірақ мақалада жоқ атты қойып, жоқ оқиғаны уәде етіп, оларды шатастырмау керек. Өтірік айту оқырманның ашу-ызасына тиіп, ерте ме, кеш пе басылымды оқуын тоқтатады, себебі мақала атында уәде еткен ақпарат мақалада болмай шықса нәтижесі осындай болады.
Мақала атының түріне қарай номинативті және прединативті болып бөлінеді. Номинативті тақырып толық сөйлеммен берілмейді, әдетте зат есімнен тұратын екі сөзбен немесе зат есім мен сын есімнен қойылады. Мысалы, "Басымдық жолы", "Келісілмеген фарш", "Жұлдыздың келбеті" т.б.
Номинативті тақырып, әдетте, жаңалықты бағалаудан тұрады және оның негізін ашатын, кең таралған сөйлемнен тұратын тараушалармен толықтырылады. Міне, қосымша тақырыбы бар мақаланың аты: "Аяз ата және қызыл мұрын" (мақала аты). 1-қаңтардағы мас болған театр ертеңгілігін актерлар қорқынышпен және күлкімен еске алады (қосымша тақырып (подзоголовка).
Прединативті тақырып, керісінше толық сөйлемнен тұрады, мысалы, "Майор сковородка қорғаныс Министрлігімен 4 мың долларға соттасты", "Путин қоғамдық палата құрамын алмастырды" ("Коммерсант" 28 қыркүйек, 2007 жыл) т.б. Преданитивті тақырып тарауша арқылы да жеке дара да қойыла береді. Әдетте оны қысқа мақалаларға қояды, ал номинативті тақырып керісінше кең көлемді мақалаға қойылады. Сондай-ақ "тақырыптық комплекс" деген тақырып да бар. Бұл атаудың, қосымша атаудың, айдардың (рубрика) біріккен құрылымынан тұрады. Тақырыптық комплекс атауға күш түсіруге мүмкіндік береді, ақпараттық қызметті қосымша атауға түсіріп, байланыстың қызметті орындауға назар аудартуды көздейді. Атаудың құрамына айдар (рубрика) да кірсе, ол тақырыптың міндетін атқарып (проблемалық жағдай, мақаладағы баяндалатын проблемалық сәттер)көмекші атаудың идеяның қызметін атқаруына мүмкіндік береді (осы проблемадан шығудың жолдарын ұсынады). Тақырыптық комплексті жазу барысында оның әр түрлі элементтерінің арасында бірдей сөздердің қайталанбауына назар аудару керек.
Атауға қойылатын талаптар мыналар. Тақырып төмендегідей болуы керек:
* баяндаудың айқын болуы
* мәтіннің негізгі идеясын өз мойнына алуы керек
* материал мазмұнына керіағар болмауы керек
* нақты, жеңіл ұғынылатын, түсінікті құрылуы керек
* оқырманның қызығушылығын оятуы керек.
Атауды ТАКТ-мәтіннің (ағылшын тілінде Taste - дәм, талғам, Attractiveness - тартымдылық, Clavity - айқындық, Truth - шындық - сөздерінен алынған термин) көмегімен тексеруге болады. Мысалы, қарттар үйінде болған, адам шығыны болған оқиға туралы жазылған "Қарттар өліміне дейін өмір сүре алмады" ( ) деген мақаланың тақырыбын алсақ, талғам тұрғысынан қарағанда сәтті шыққан мақала тақырыбына жатады. Нашар атауға "нольдік", "екеулік" және "түсіндірмелі" мақала тақырыптары жатады. Нольдік атауда бірдеңе туралы болжамдайды, бірақ ол оқырманға жұмбақ болып қалады. Мұндай жағдайлар бұлыңғыр тақырып қойылып, мақал-мәтел, қанатты сөздер, ұрандар арқылы қойылған, көпшілік оқырманға түсініксіз терминдер арқылы қойылған тақырыптарда ұшырасады.
"Екеулік" тақырып - бұл бірден тақырыптың екі қырын біріктіріп баяндайтын атау. Нәтижесінде, бұл түрі жағынан өте ұзақ әрі созылыңқы, мазмұны жағынан шатысқан болып келеді. Мұндай жағдайда екеуінің біреуін алып тастау керек, болмаса екі аспектіні екі мақала етіп, екеуіне екі тақырып қою керек.
Түсіндірмелі ат қою ақпараттық мақалаларға тура келмейді, сәтсіз болады. Мұндай жағдайда оқырмандарда мынандай пікір пайда болады, осы мақала арқылы белгілі бір пікірді тықпалағандай болып, мақалада айтылған баяндаулар оқырманды белгілі бір тығырыққа тірейді. Түсіндірмелі тақырып қойылған басылымдар партиялық немесе корпоротивтік мақала ретінде қабылданып, оқырманға ақпарат беруші емес, насихат құралы немесе жарнама ретінде қабылданады.
Бұдан бөлек мақаланың атын қоюда күрделі синтаксистік құрылымды пайдаланудың қажеті жоқ, бірімен бірі байланысты сөздерді бірінен-бірін қашық қолдану керек, мысалы, анықтауыш пен анықталушы сөзді қатар қолданбаған дұрыс. Сондай-ақ тақырып қойғанда көп мағыналы сөздер мен қалың көпшілікке таныс емес сөздерді де қолданудың қажеті жоқ, мұндай жағдайда мақаланың атын дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
Мақаланың атына дәйексөз қойғанда да абайлау қажет. Мұндай дәйексөзді атауды портрет пен сұхбатта ғана ақылға сыйымды болып саналады.
Бұдан басқа барлық жерлерде мынаны есте ұстау керек, себебі, мақаланың кейіпкері атынан айтылған сөздер материалдың мәнін кетіріп, айтарлықтай құнын төмендетеді, өйткені айтылатын сөзді журналистің өзі де айта алады. Дәйексөзбен қойылған тақырып автор мен редактордың көп еңбек етпеуіне куә бола алады, себебі, кейіпкерге сай келетін бір тіркесті ала салады.
Атауды ойлап табу журналист жұмысының ерекше көп қырлылығын көрсетеді. Әдеттегідей өз мәтініне жақсы тақырып ойлап табуы айтарлықтай күрделі. Бұған ақпараттың көптігі кедергі болады, себебі, өзінің мақаласынан ара-қашықтықты сақтай алмайды, егер оған сырттай қараса, кейбір анық сәттеріне үңілсе, осының бәрі тақырып қоюда өзінің әсерін қалдырады. Сондықтан тәжірибеде журналистер әдетте өз мақаласының тақырыбына "жұмысшы" тақырыбын бере салады, ал ең соңғы атауды редакторлар немесе арнайы қызметкерлер қояды, өйткені олар "сырттай қарау" мүмкіндігін иеленеді. Кей кезде ат қою тапсырмасы бүкіл редакцияға беріледі, себебі мұндай "ақылды ұйымдасып жұмсау" нәтиже беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мақалаға ат қоюды оңайлату үшін төмендегідей тәсіл қолданылады. Мақаланы жазу барысында немесе мәтінді редакциялау кезінде кілт сөздерді көшіру керек, сонда ат қоюға идея ретінде қызмет атқарады (кілт сөздер).
Мақаланы оқығандағы адам санасында туындайтын бейнелерді, эмоцияны, мақаладан алынатын эмоцияға (көңіл сезімдерін) ерекше назар аудару керек, мақаланың әрбір деталі, мәтінге назар аудару, оның мағынасын бере білу, алға қойған мақсатының орындалуы, мақалада алға қойған мақсатына жақындауы немесе алшақтауы сияқты мәселелерге ерекше назар аудару керек. Ал әртүрлі кейбір жанрлардың атына келсек, жоғарыда айтылғандай сұхбат пен портретке дәйексөздер де тақырып бола береді. Репортажда, мүмкіншілігі болғанша мәтіннің жағдайын бере білу керек, ал түсіндірмеде болса, "кілт" сөздердің бірін тақырып етіп қойған дұрыс болады, өйткені оның идеясын түсіндіріп тұрғаны дұрыс.
Қазіргі журналистикада ең көп тараған тақырыптар тұрақты айтылатын үлгі принципіне құрылған мақала аты жатады. Ол дегеніңіз бәріне белгілі дәйексөз, қанатты сөз, мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестері бола алады, содан соң мақала тақырыбына мәтінге қатысы бар әсерлі сөздермен ауыстырылады. Аталған мәтіннің мағынасын беретін тіркес те тақырып бола алады, мазмұнын бере білетін, бағасын бере білетін тұрақты сөздер де тақырып бола алады. Атаудың мұндай түрлерін "Егемен Қазақстан", "Айқын", "Түркістан" сияқты республикалық газеттер жиі қолданады. Мұндай тақырыптарға "Адам адамға қарыз", "Қатаң режимнің оқытушысы" сияқты мақалалар дәлел бола алады.
Мақаланың келесі бір элементі - лид " ағылшын тіліндегі кіріспе бөлім, lead - деген сөзден алынған термин). Бұл мәтіннің бірінші азат жолы, бұл қара әріппен теріледі. Кейде оны кіріспе деп те атайды. Егер атауды дүкеннің сөресімен салыстырсақ, лид сол сөреге теңестіріледі. Атаудың міндеті оқырмандарды өзіне тартып, олардың назарын мақалаға тарту, аудару болып табылады. Лидтің міндеті оқырманды ұстап тұру, оларға қызықтыратын мақала ұсыну, нәтижесінде мақаланы оқуды жалғастыруға алып келу болып табылады.
Лид жазудың көп түрлі варианттарының ішінде екі түрі болады, біріншісі тура (ағылшын тіліндегі direct), екіншісі созылған (ағылшын тіліндегі delayed) лидтер. Тура лидте оқиғаның маңызды салалары хабарланады. Кіріспенің бұл түрі әдетте, жаңалық мақала жазуда қолданылады. Күн сайын шығатын газеттердегі лидтердің түрі тура лид үлгісінде болып келеді. Оның артықшылығы жаңалықпен бірден танысуға мүмкіндік беру. Тіпті оқырман лидті ғана оқып, әрі қарай мәтінді жалғастырмаған күннің өзінде мақала мазмұнымен таныс болады. Созылған лидтер мақаланың мәтініне тереңдеп енбейді, бірақ бәрібір оқиға туралы ақпараттандырады. Созылған лидтер тарихтың жағдайын беріп отырады, мақалада осы туралы айтылады. Бұл әртараптық арнайы репортаж, Нью-фиче және фиче сияқты, сол жанрлар секілді қолданылады. Әдеттегідей, созылған лидтер апта сайын шығатын газеттерде кездеседі, оның күн сайын шығатын газеттен айырмашылығы, көп көлемде оқылады, кейде қарап шығады. Себебі апталық газеттер өзінің назарын жаңалықтарға емес, бұл жөнінде, яғни жаңалық тарату жөнінде олар күнделікті шығатын газеттер мен электронды БАҚ басылымдарымен бәсекелес бола алмайды, ол оқиғалар туралы жанама, қосымша ғана мәнге ие болады. Мұндай жағдайда созылған лидтер мақала туралы оқырмандардың мағлұмат алуына ғана мүмкіндік береді, белгілі оқиғаны қайтадан еске салады. Мысалы, күнделікті шығатын газетте футбол туралы берген жаңалығында футбол командасының шешуші ойында медаль үшін жарыстан шығып қалғандығын "Кеше Х командасы Ү командасымен кездесіп мынандай есеппен жеңіліп қалды, сөйтіп жүлделі үштікке кіру мүмкіндігінен айрылды деп жаңалықты баяндайды. Жеңілудің себебі, қақпашының өрескел қателігі, себебі ойын бастала салысымен екі гол жіберіп алды". А апталық газетте осы жаңалық туралы төмендегідей баяндайды: "Х командасының қақпашысының таңертеңнен бастап жолы болмады. Автобустан түсе бергенде-ақ ол аяғын қайырып алды. Қонақ үйге кіргенде оның заттары жоғалғаны белгілі болды, сөйтіп ол қосымша форма іздеуге мәжбүр болды, ең соңында ойын басталар алдында әйелі телефон соғып, ажырасу туралы сотқа өтініш бергенін хабарлады. Сондықтан ойын басталғаннан кейінгі он минуттың ішінде оның екі гол жіберіп алғанына таңырқауға болмайды, Х жүлделі үшінші орында тұрған команданың жағдайы, міне, осындай деп баяндайды.
Тура лидтер үшке бөлінеді, олар: шолушы, түрленген, ораушы, сындырылған лидтер. Шолушы лидтер жаңалықтың алты сұрағына түгел жауап береді (кім? не? қайда? қашан? неліктен? не себептен?). Оның жақсы жағы оқырманды бірден оқиғамен таныстыруында. Ал кемшілігі оқиғаның өте мол болуында, себебі бірнеше сөйлемге оқиға туралы мәліметті сыйғызады. Нәтижесінде мұндай лид қабылдауға қиындық тудырады да оқырманды мақаладан алшақтатады. Одан бөлек қазіргі кезде адамдар сирек жағдайда ғана баспасөзден бірінші рет біледі. Себебі көптеген оқиғаны газет, журнал жазғаншаэлектронды БАҚ - теледидар, радио, интернет-басылымдар көрсетіп, айтып қояды. Сонымен ақпараттың азғантай бөлігі ғана қорытынды лид арқылы оқырманға белгілі болады. Сондықтан шолу лидін орындағанда оған өте абайлап келу керек, сондықтан оны эксклюзивті жаңалық арқылы іске асыру керек, себебі оқырмандар алғаш рет жаңалықты осы басылымнан табады.
Басқа жағдайларда түрленген лид жазу ұсынылады, себебі мұнда жаңалық 2-3 қырынан жазылуына назар аударылады. Әдетте бұл төмендегі сұрақтарға жауап береді, олар: "Не? деген сұраққа төмендегі сұрақтың жауабы қосылады. "Кім? қайда? немесе қашан?" деген сұрақтар. Егер бұл сұрақтар аталған жаңалыққа қажет болса ғана жауап беріледі. Түрленген лид сондай-ақ төмендегі сұрақтарға да жауап беруі мүмкін, олар: "Неліктен?" немесе "қандай жолмен?" деген жауап береді, себебі мақаладағы ақпарат оқиғаның қалай болғандығы туралы баяндайтын болса, осындай сұрақтарға жауап береді. Бұл жердегі жалпы ұсыныс, нұсқау мынандай: Егер қылмыс туралы мақала болса, Не? деген сұраққа жауап беріледі, егер жергілікті баспасөз қайда? деген сұраққа жауап беруден басталғаны жөн. Кейде газет-журналдар кейбір сала туралы өздерінің хабардар екенін көрсету үшін "N басылымына белгілі болғандай ..." деп бастайды. Басқа жағдайларда оқиғаны хабарлаушыға сілтеме келтіргенде әдетте екінші сөйлемнен бастайды, мысалы: "Х фирмасы Ү фирмасымен байланыс жасауға болмайды. Х фирмасының президенті кеше мынаны хабарлады сауда-саттық жасау шарты мүмкін емес". Қатысушы адамдарды көрсету барысында лидтің көрші ұсыныстарында синонимдерді қолдану ұсынылады. Бұл жоғарыда келтірілген мысалдардай болуы мүмкін, мекеме, жетекші немесе жасына сілтеме жасау, кәсібі мен адамның тұратын мекеніне сілтеме берілмейді, мысалы: "Әйел әлеуметтік қызметті сотқа берді, себебі оған көмек көрсетуді заңсыз тоқтатқан". 40 жасқа келген жалғыз басты екі баланың анасына күнкөрістің басқа көзі жоқ".
Түрленген лид сондай-ақ жаңалық өте күрделі, оқырманға тіптен түсініксіз болған жағдайдақолданылады, мұндай кезде оларды түсіндіруден бастайды. Егер депутаттар салық кодексіне түзету енгізгісі келсе, ол белгілі товарлардың бағасының өсіп кетуіне әсер етсе, лидтегі жаңалық депутаттардың түзетуінен кейінгі бағаның өсіп кетуі туралы болады. Бірақ, бұл жерде абайлау керек, оны түсіндіргенде көркемдігі жоқ газеттердей дөрекі түрде емес, мақаланы болған оқиға туралы абайлап, көркемдеп түсіндірілуі керек.
Көп нысанды жаңалықта, егер бір мақалада бірнеше оқиға баяндалатын болса, лид орағыш немесе сындырғыш лид үлгісінде жазылуы керек. Орағыш лид бірден бірнеше оқиғаны баяндайды, мысалы дауыл болған кезде қалада А әйелдер қайтыс болды, себебі, құлап мойны үзіліп кеткен, қалада В-ерлердің жүрек талмасы ұстаған, С-жастарды машина соғып кеткен. Содан соң аталған оқиғаларға арнайы тоқталып, түгел баяндайды.
Сындырылған лид, керісінше, осы оқиғалардың біреуіне ғана арналады, ал келесі оқиға мақалаға өзінше дербес, бөлек лид болып кіреді. Мұндай кіріспелер дәстүрлі түрде парламент мәжілісіне арналады немесе мемлекет басшыларының келіссөздеріне арналады, мұндай келіссөздерде бірнеше мәселе қаралады. Бірінші лид осылардың бір мәселесін ғана әңгімелейді, ал қалғандары "сол кезде" деген, "сол күні" деген басталады. Сондықтан олар жеке азат жолдан ұсынылады да бір сөйлемге дейін қысқартылады да сол оқиғаны ғана баяндауға бағытталады.
Созылған лидтер көріністік, баяндаушы, анекдоттық және жағдайлық болып бөлінеді. Көріністік лид оқиға болған жерді сипаттауға арналады немесе көрініс символдың ашық деталі болады. Бұл оқырманды бірден оқиға болған жердің арасына кіргізеді, болған оқиғаның ахуалын сезінуге мүмкіндік береді. Мысалы, аурухана туралы репортаж бірден палатаны сипаттаудан басталады, онда жатқан емделушілерді сипаттайды, ал егер күні кешегі коммунистік партияның өмірі туралы жазылса, заводтың бір цехында жасырынып жатқан лениннің мүсінін сипаттаудан басталады.
Егер сахналық немесе көріністік лид орнықты болса, онда баяндаушы оқиғаның басталуын айтады. Бұл жерде орын туралы сипаттағанда оған қатысушы адамдардың сипатын да қосып жібереді, олар, кейіпкерлер бірнәрсе істеп отырады немесе қандай да бір кедергілерге ұшырасады. Мысалы, ерікті жасақшылар туралы мақала Сириядағы немесе басқа да шетелдегі әскери қақтығысқа ерікті жасақ ретінде қатысушы қазақстандықтар туралы репортаж, әлгі соғысқа барушы еріктінің жұмысынан шығуы мен киім алып, Сирияға бару үшін көлікке билет алған сәтін баяндаудан басталады. Бұл жерде лид әлгі еріктінің тарихының соңын лидтің соңында береді. Себебі, оның, яғни кейіпкердің соңы не болғанын білу үшін оқырман мәтіннің соңына дейін оқуға себеп болады. Мұндай тәсілді детектив шығарма жазушылар да қолданады, бірақ көркем детективте оқиға ойдан құрастырылса, лидте журналист болған, шындық оқиға туралы баяндайды.
Анегдоттық лид (ағылшын тіліндегі Anecdote - қысқа әңгіме, тарих деген сөзден алынған термин) - дегеніміз, аяқталған оқиға туралы әңгіме, бұл мақаланың тақырыбын суреттеп жазатын лидтің түрі, мысалы, баспасөздің бірінде басылған мақала бір-біріне қарама-қарсы дәрілерді, яғни жыныстық жақындасудың әсерін жоятын (бала көтертпейтін) дәрі мен ангинаның (баспаның) дәрісін қабаттастырып қосып ішкен әйел туралы баяндалған. Нәтижесінде әйел екіқабат болып қалып әлгі дәрі өндірушілерді сотқа берген. Бірақ, сот дәрі ішудің нұсқаулығын оқымаған әйелдің өзін кіналап шешім шығарған. Сондықтан анегдоттық лид жазуда өте абай болу керек, себебі, сәтсіз құрастырылған тарих оқырманды шатастырып, мақаладан күткенін алмай, оқырманға сенімсіз түсінік, ұғым туғызады. Сондықтан мынандай тест құру ұсынылады: ең бірінші мұндай лидті өз әріптесіне оқытып алу керек, оған мақаланың тақырыбын айтпай, бұл мақаланың неге арналғанын сұрап алу керек. Егер ол лидтің тақырыбын дұрыс айтса, мақаланы қалдыруға, жарамды деп санауға болады. Егер "жоқ" деп жауап берсе, яғни тақырыбын таба алмаса, онда мақаладан бас тартқан дұрыс, немесе бұл оқиғаны лидтің ішкі жағына кірістіріп жіберген дұрыс.
Жағдаяттық лид жағдайда сипаттамалық ұсынады, әрекеттер мен кейіпкерлерді де сол күйінше береді. Мысалы, азаматтың арызы бойынша сот процесі туралы мақалада супермаркеттің жанындағы автотұрақтан ұрланған автомашина туралы супермаркет иелерін автомашинаның ұрлануына кінәлі деп сотқа бергендігі, ол зат сатып алуға кеткенде автомашинаның ұрлануына супермаркет иелерін кінәлі санаған, мақала сол оқиға туралы басынан бастап түсіндіреді де, жыл басынан бері мыңдаған машинаның ұрланғанын, бірақ супермаркет иелерінің ешбір жауапкершілікке тартылмағаны туралы баяндалады. Жағдаяттық лид оқиғаның осындай жалпы көрінісін береді, бұл кең ауқымды көріністі жазатын көріністік немесе анегдоттық лидке қарағанда әлдеқайда сәтті болады. Сондықтан жағдаяттық лидті басқа лид түрлерін жазуға болмаған жағдайда ғана қолданады.
Мақала жазғанда қолдануға болмайтын лидтер де бар, оларға: тақырыптық, сұраулық, дәйексөздік және эсселік лидтер жатады. Тақырыптық лидтің нашар жері мынада: себебі, бірінші орынға оқиғаның жағдайын қоймайды, оқиғаның қандай болғандығын бірінші орынға қояды. Мысалы, мақала адам өмірін өзгертетін депутаттардың заң қабылдағаны туралы жазбайды, депутаттардың парламент отырысына жиналғанын жазады. Ал заң туралы мақаланың ең бір терең жеріндежазады, ал оған дейін оқырманның көбісі оқымайды, лидтің бірінші сөйлемінен кейін-ақ оқуды тоқтатады.
Сұраулық лид, өзі айтып тұрғандай сұрау беруден басталады. Лидте сұрақ мына жағдайда қойылу керек, егер ол адам тұрмысының фундаментальді негізіне қатысты болса ғана қойылады, себебі, оқырманды ол туралы ойлануға алып келу үшін осылай қойылады. Ал бұдан басқа жағдайда лидте сұрақ қоюдың қажеті жоқ, себебі журналистика туралы шетел әдебиеттерінде осылай жазылған, себебі, оқырмандарды сұрақ емес жауап қызықтырады. Дәйексөзді лидтегі қажет емес нәрсе мынау, себебі кейіпкерге қарағанда журналистің өзі жаңалықты әлденеше рет артық жеткізеді. Дәйексөзді лид кейіпкердің сөзі аса қажет болғанда ғана орынды болып саналады.
Эсселік лид - журналисттің ой-талғамдарынан туындайды, сондай-ақ өз пікірлерін жеткізу үшін қолданылады. Журналисттің ой-талғамдары оқырмандар үшін қызықты емес, себебі, мәтінде дәлелдер үшін ғана оқиды. Мақаланың басындағы пікір тек қана түсіндірмеде ғана мүмкін болады. Барлық басқа жанрлардың материалдарында айтылатын пікір оқырманға журналистің өз пікірін білдіруге деген ұсынысыболып табылады, оның ішінде негізсіз пікірлерді де зорлап мінндеттеу үшін қолданылады. Сондықтан эсселік лид босқа құрылған болып шығады, немесе мақаладағы барлық таралған оқиғаларды өзіне күшпен тартып алады.
Лидтің ең жақсы өлшемі 30-40 немесе 250-350 таңба болады. 500 таңбадан асқан лидтер көп болып, мөлшерден артық болған болып саналады да қысқартуды қажет етеді. Лидті мақаладағы негізгі мәтіндегі баяндалған бөлімді тасымалдау арқылы қысқартады. Одан басқа кіріспені үстеу мен сын есімдерді алып тастау, сызып тастау арқылы да қысқартуға болады. Бірінші, әлі "кеппеген" вариантты материалдың ең басында жазуға ұсынылады. Бұл журналиске оның мақаласында не айтылатынын мөлшерлеуге мүмкіндік береді. Сонан соң материалмен жұмысты аяқтап болған соң лидті жөндеп шығу керек немесе оны қайтадан көшіріп шығу керек.
Енді қорытынды бөлімге келсек, "төңкерілген" пирамида ұстанымен жазылған кеңейтілген жаңалық мақаласында ерекше қорытынды бөлім болмайды, есесіне редакция жасағанда қысқартуға болатын маңызды ақпаратпен аяқталады. Бірақ репортаж, фиче, Нью-фиче, портрет, түсіндірме, сараптама мақала сияқты күрделі жанрларда жақсы аяқталу өте маңызды болып табылады. Біріншіден, ол өзіне тартатын қызықтырған құрал қызметін атқарады да мәтінді соңына дейін оқуға мәжбүр етеді. Екіншіден, америкалық медиакеңесші Чип Сканлан айтқандай, жақсы аяқтау мәтінге жаңа мағына қосып, оқырманға мәтіннің орталық идеясын миына "құяды". Сондықтан мақаланың қорытындысын материал жинау барысынан бастап, мәтінмен жұмыс жүргізудің басында ойлану ұсынылады. Сонан соң мақаланың соңын біреудің дәйексөзімен аяқтаудың қажеті жоқ, себебі ондай қорытынды қалыпқа айналып кеткендіктен оқырманды ығыр қылады. Бірақ журналистер сонда да іс жүзінде барлық уақытты қорытынды жаза алады, ол қорытынды кейіпкердің сөзіне қарағанда айтарлықтай анық, әлдеқайда артық болып шығады.
Қорытындының төмендегідей әр түрі болады, олар: хронологиялық, футиристік (реализмге қарсы бағыт), поэтикалық, қорытынды, шешім, шеңберді аяқтау, "галстук", жұмылдыру және Шваба қорытынды.
Хронологиялық қорытынды дегеніміз - тарихты аяқтау, сюжеттің әрекетінің соңы, сапардың бағытталған пунктке жетудегі репортердің жетістігі.
Футиристикалық қорытынды болашаққа көз жібереді, журналист болашақты алдын-ала айтып, әрі қарай не болатынын баяндайды. Футиристикалық қорытындының әр түрлілігіне эпилог жатады, баяндайтын оқиға аяқталған соң оған өмірдің жалғасы қарама-қарсы қойылады, мақалада сипатталған оқиға ауқымынан шығып кейіпкердің одан кейінгі өмірінде не болғаны айтылады.
Поэтикалық қорытындыда мақала символикалық жағдаймен, яғни көрініспен, дәйексөзбен, детальмен аяқталады. Сондықтан оқырманда міндетті түрде мақалада баяндалған түсініктен басқаша көрініс пайда болады да бұрынғы түсінігі күрт кері ұғынылады.
Қорытынды дегеніміз мақалада берілген аргументтерге сүйене отырып жасаған ақылды шешімі. Әдетте, сараптама мақала мен түсіндірмелер қорытындымен аяқталады. Бұл жердегі басты талап логикалық қайшылықтың болмауы. Егер қайшылық болса оқырмандар журналист бізге өз пікірлерін ғана ұсынып жатыр деп ойлайды.
Қорытынды-шешім құпияны ашады, мақаланың басында айтылған жұмбақтың жауабын береді. Шешім тікелей берілуі де мүмкін, сонымен қатар сахна түрінде де, көрініс түрінде де, оқиға түрінде де беріліп, автордың шын мәнінде не туралы айтқысы келгені мақсаты көрсетіледі.
Шеңбердің аяқталуы басында айтылған кейіпкерлер мен оқиға болған жер туралы соңында алдын-ала түсінік беріледі. Дегенмен мақаладан алған жаңа білім арқылы бұл ақпарат мүлдем басқаша қабылданады.
Галстук - қорытынды мақаланың басында айтылғанның аяқталуын шешуді міндеттенбейді, мақаланың ішіндегі кейбір элементтердің соңын, әдетте, ең ерекше, қарапайым емес көрініс пен детальдардың қорытындысын шешуге мән береді.
Жұмылдыру қорытындысы - оқырмандарды бір нәрсе істеуге шақырады, мысалы, митингіге баруға, кітап оқуға, қан тапсыруға т.б.
Шваба қорытындысы америкалық журналист Гарри Швабаның атына қойылған, өйткені ол өз мақалаларын күтпеген жағдайлармен аяқтап отырған. Мысалы, авиаапатта қайтыс болған жас балықшының оқиғасы туралы мақалада, сол оқиғаны теледидардан көрсетіп жатқанда оның ата-анасы балықшы ұлының алғашқы балықшылығы туралы түсірілген видеожазбаны көріп отыру көрінісімен аяқталады.
Атаудың атқаратын қызметі ақпараттық және ұштастырушы болып екіге бөлінеді. Комплексті атауға атаудың комбинациясы, атауша (барлық уақытта емес) айдардың тақырыбынан (рубриканың) тұрады. Атаудың орындылығы ТАКТ-тестінің көмегі арқылы анықталады (дәмі, тартымдылығы, айқындығы, шындығы). Сәтсіз атауға "нольдік, екеулік және түсіндірмелі тақырыптар" жатады. Тақырып үшін идея дерек-көздеріне тұрақты сөздердің үлгілері, сипатталатын көзқарас көріністерінің ауысуы, сондай-ақ бейнелер мен сезімдер, мақаланы оқығандағы әсерлер жатады.
Тура лидтер оқиғаның маңызды жақтарын хабарлайды, ал созылған лидтер оқиғаның жағдайын көрсетеді.
Шолу лидтері барлық негізгі алты сұрақтың бәріне жауап береді, модификацияланған (түрленген) лидтер осы сұрақтардың кейбіріне ғана жауап береді, оралған лидтер бірнеше оқиғаны қамтиды, ал сындырылған лидтер мақалада көрсетілген оқиғаның біреуіне ғана арналады. Сахналық (көріністік) лидте оқиға болған жер сипатталады, баяндаушы лидте оқиғаның басталуы сипатталады, анегдоттық лидте оқиға немесе болған жағдай түгел сипатталады.
Лидтің тиімді өлшемі 30-40 сөзден немесе 250-350 таңбадан тұрады. Хронологиялық қорытынды - оқиғаның аяқталуы болса, футиристік болашаққа деген көзқарасты сипаттайды, поэтикалық символ, зақымдаушы - инсайт, шешуші -қорытынды - журналисттің ми қорытуы, шешуші - қорытынды - құпияны ашушы болып табылады. Шеңбердің аяқталуы - басында болған оқиғаны соңында көз алдыңа елестету, мағлұмат беру, "галстук" мақала ішіндегі элементпен байланысты аяқтау, жұмылдыру қорытындысы оқырманды бір нәрсе істеуге шақыру, Шваба қорытынды мақаланы күтпеген оқиғамен аяқтау болып табылады.
* * *
Тақырып жоқ кезде не туралы жазу керек? "Не? "қалай?" және "неліктен?" журналистикасы. Тақырып іздеудегі сұраулық тәсілдер. Ақпараттың арнайы, спонтанды (ішкі себептермен пайда болған), тергеулік деңгейлері. Журналистің ақпарат алу жолдары. Байқау мен анықтаушының түрлері. Ақпарат жинаудың схемасы мен мақсаты. Сұраудың үлгісі.
Әрбір журналистің ештеңе жаза алмай қалатын жағдайға да ұшырайтын кездері болады. Мұндайда назар аударуға тұратын ешбір оқиға да ұшырамайды.Мұндайға журналистің өзінің жалқаулығы себеп болып, жаңалықты байқамауға өзі себеп болады.
Керісінше ол оқиғаның тамырын қолына ұстап тұр, күтпеген оқиғаны бақылайды, ньюсмеркерлерді үнемі кінәлайды, бірақ дәл осы сәтте бұл журналиске шын мәнінде ештеңе болмайды. Бірақ оқиғаның болмауының тіптен мәні жоқ. Себебі дәл осы күні ештеңе туралы жаза алмайды. Мақаланың тақырыбын бәрі бір табуға болады, осы тарауда мұны қалай істеуге болатыны айтылады. Біріншіден журналистерге дәстүрлі "не?" деген сұраққа жауап беретін дәстүрлі ұғымнан арылу керек. "Не?" деген журналистикадан басқа "қалай?" деген, "неліктен?" деген тағы да журналистика бар. Егер "не?" деген журналистика жаңа оқиғаларды ілуге негізделсе, "қалай?" деген журналистика белгілі оқиғаны жан-жақты, бүге-шүгесіне дейін түгел іздейді, ал "неліктен?" деген журналистика оқиғаның себебін іздейді. Жаңа нақты оқиға туралы ақпарат та, оқиғаның жаңа себебі де жаңалыққа жатады, тек қана бұл жерде ешкім білмейтін оқиғаны хабарламаймыз, осы оқиға туралы жаңаша түсінік береміз. "Қалай?" деген журналистика мен "неліктен?" деген журналистика "не?" деген журналистикамен салыстырғанда күрделі, бірақ осындай тәсілмен жазылған материал қарапайым оқиғаны жазғаннан әлдеқайда қызықты болады.
Екіншіден, тақырып табудың тағы бір жолы сұрақ арқылы тақырып табу, бұл тәсіл бойынша журналист өзіне-өзі сұрақ қояды да, сонсоң ол сұраққа жауап іздейді. Сонан соң сол жауаптың негізінде мақаланың негізі қаланады. Көптеген "сұраулық" тәсіл сипаттаған неміс медиакеңесшісі Йенс-Уве Мейер болды. Соның ішіндегі ең қарапайым "бес минут" тәсілі, бұл тәсіл бойынша журналист өзі таңдаған құбылысты жазғысы келгенде өзіне-өзі төмендегідей сұрақ береді:
* бұл құбылыс маған қандай ассоциация (қауымдастық) шақырады?
* бұл жағдай туралы менің жеке өзім басымнан не өткіздім, көрдім, есіттім?
* бұл құбылыс жайлы нені білмеймін?
* бұл құбылыс туралы көпшілік санасында не қалыптасқан?
* бұл құбылыс туралы менің таныстарым мен көршілерім айтқан ба?
Уақыттың жағдайына қарай ТАВ-тәсілді қолдануға болады.
ТАВ Аббревнатурасы. "Тақырып, Ассоциация, Вопрос", яғни қазақшасы ТҚС болып, ол "Тақырып, қауымдастық, сұрақ" болып аударылады. Тақырып - әлдебір кілт деген ұғымды білдіреді. Оны парақтың ортасына жазып, қоршауға алып қояды. Содан кейін осы ұғымның айналасына ьасына келген ассоциацияны (қауымдастықты) жазып қояды. Журналист қауымдастықты тауып болған соң оған сұрақтар ойлап табады. Мысалы, тақырыпқа мобильді байланыс таңдалды делік. Мұның ассоциациясы - салынған қаржының құрдымға кетуі - себебі, ол ешқандай табыс бермейтін сала. Сұрақтар: бұл технологияның пайдаланылуы қалайша өзін-өзі ұзақ сақтайды. Пайдаланушылар бұл технологияны қалай қабылдайды?
"Түрін ауыстыру", "кезеңімен араластыру", "тереңдетілген", "алып-сатарлық" сұрақтарын қолдану арқылы іске асырылатын тағы да бір тәсілдер бар. Олар мыналар:
Түрді ауыстыру сұрақтары:
* басқа жағынан қарағанда тақырып қалай көрінеді?
* бұл тақырыпты басқаша қалай атауға болады?
* осындай проблема туғанда басқа адамдар өздерін қалай ұстаған?
* қатысушылар ешқашан нені істемеу керек?
"Кезегімен ауыстыру" тәсілінің сұрақтары:
* проблема қашан пайда болды?
* ол бұрын қалай аталған?
* бұрын проблеманы қалай шешуге талпынған?
* бұл проблема болашақта қандай әсер етуі мүмкін?
"Тереңдетілген" сұрақтар:
* бұл неге осындай?
* бұл қандай проблемаға ұшыратады?
* қатысушы тұлғалардың ұстанымы қандай?
* жағдайдан шығудың қандай мүмкіндіктері бар?
"Алып-сатарлық" сұрақтар - мүмкіндіктер туралы сұрақ, мысалы:
* не болатын еді, егер осылай болса ...
Америкалық журналист Джеки Банашински (Jacqui Banaszynski) "алты жол" тәсілін сипаттаған, бұл шартты түрде былай аталған: профиль (кескін), түсініктеме, тренд, тергеу, баяндау және сипаттау. Бұл "жол" тәсілінде мынандай сауалдар топтастырылған.
1. Кескін - бұл оқиғаның артында тұрған адамдар. Олар кімдер? Кім басты кейіпкер? Мысалы, силиконды импланта (бет пішінді жөндейтін пластикалық отаның түрі) туралы мақалаға даярлану барысында бұл отаның денсаулыққа зиянды екеніне кінә тағатын әйелді табуға әрекет жасау қажет.
2. Түсіндіру - оқиғаның басталуы. Силиконды имплантантаны кім ойлап тапқан. Ол қалай кең тарап кетті. Ол денсаулыққа қандай зиян алып келеді?
3. Тренд дегеніміз - бұл оқиғаның түгел қамтылуы. Пластикалық операция (ота) қалай дамыды. Ол әлі де қалай дами бермек?
4. Тергеу, тексеру - бұл осыдан ақша жасап жүрген адамды іздеу жолы. Бұл болып жатқандар кімдерге пайдалы? Силикон өндірушілер қанша табыс табады? Хирургтер ше? Сәтсіз отадан зардап шеккен қорғаушылар (адвокаттар) ше
5. Баяндау дегеніміз - бұл басты кейіпкермен, сюжетпен басталу мен аяқталу оқиғасы. Силиконнан бірінші зардап шегушінің өмірі қалай болды?
6. Сипаттау дегеніміз - бұл басты қаһарман өмірінен алынған күн. Импланттаттан зардап шеккен әйел өзін қалай сезінеді? Операция жасайтын жердің келбеті қандай? Ота қалай жасалады? Имплантаттар қалай өндіріледі?
Үшіншіден, көріністі ауыстырудың мынандай әдістері бар: бұл обьективті тәсіл, "генералдау мен көзбояушылық" тәсілі, "мақсатты аудиторияға арналған жаңа жаңалықтар" тәсілі. "Әділ" тәсіл дегеніміз оқиғаның әділдік жағын қарастыратын тәсіл, жаңалықтың кімге арналғандығына бағытталады. Мысалы, қозғалыс схемасының өзгеруін қаладағы автотранспорт жүргізушісінің көзқарасы тұрғысынан баяндау, армияға шақыру туралы заңның өзгерістерін әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының ұстанымы тұрғысынан баяндау осының мысалы бола алады.
"Генералдау мен көзбояушылық" тәсілі жекеден жалпыға қарай, одан кейін жалпыдан соған байланысты жекеге қарай барып, содан кейін оны мақаланың тақырыбы етіп алатын тәсіл. Мысалы, фирма алыс аймақтан өкілдік ашып, қызметкерлерінің бір бөлігін сонда жібереді, олар енді өздерінің отбасынан бөлек тұруға тура келеді. Демек фирмадағы өмір жеке өмір болса, отбасындағы өмір ортақ, жалпы өмір, демек осы ортақ жалпы өмірден фирмадағы жеке өмірге ауысамыз, себебі ерлі-зайыптылар бір-бірінен шалғай аймақтарда жұмыс істегендіктен бірін-бірі анда-санда ғана сирек көреді.
"Өзінің мақсатты аудиториясына арналған жаңа жаңалықтар" тәсілі ескі оқиғаның баяндалуын нақты жағдайға байланысты қолданатын тәсіл. Мысалы, республикалық газеттер ұлттық штабтағы ипотекалық дағдарыс туралы жазса, жергілікті газеттер осыны негізге ала отырып, аталған жергілікті жердегі ипотекалық дағдарыстың жай-күйі туралы жазады.Журналист өз тақырыбын тауып алған соң, бағытын білген соң ақпарат жинау жұмысы басталады. Жаңалық жазу туралы оқулық жазушы автор Мелвин Менчер ақпараттың үш түрлі деңгейін анықтаған, олар: арнайы, спонтанды және тексеруші жаңалықтар деңгейі (спонтанды термині ішкі себептерден пайда болған жаңалық дегенді білдіреді). Егер оны пайдалы қазбалармен салыстырсақ, арнайы деңгей жер бетіне жақын жатқан қазба байлыққа ұқсайды, спонтанды деңгей одан тереңірек жатқан қазба байлыққа, ал тексеруші деңгей жер астының тереңінде жатқан қазба байлыққа ұқсайды. Жоғары жатқан ақпаратқа баспа-релиздер, барлық қойылатын іс-шаралар (баспасөз конференциялары, митингілер, іс-шаралар т.б.) жатады.
Арнайы деңгейдегі ақпараттың ерекшелігі мынада, ол толық болмаса да белгілі бөлігі сол құрылымның қоғамдық өкілдерінің мамандарымен бірлесе даярланған ақпарат болып табылады, сондықтан мұндай ақпаратқа сүйенуге болмайды. Онда тіпті тікелей өтірік айтылмаса да, шығып сөйлеушіге ұнамайтын жерлері жасырылып, алып тасталып қалады, сондықтан арнайы ақпаратқа қарап дұрыс мағлұмат алуға болмайды. Оның үстіне кейбір маманданған журналистер негізінен арнайы деңгейде ақпарат береді, мысалы, президент аппаратының тілшілері, үкіметтің парламенттің арнаулы тілшілері жатады.
Спонтанды деңгейдегі ақпарат дегеніміз өмірде қалай болса дәл сол күйінде жазылған ақпарат. Сондықтан бұл деңгейде берілетін барлық тәжірибелер "өзі үшін тексерілген" ақпаратқа жатады, мысалы журналистің бірдеңе сатқысы келетіні, сатып алғысы келетіні, кредит алғысы келетіні сияқты мәселелер сол күйінде беріледі.
Чиновник апатты жағдайға ұшыраған үйлердің жөнделгені туралы баяндағаннан кейін журналист сол елді-мекенге барып шын мәнінде үйлердің жөнделгендігін және қалай жөнделгендігін тексереді. Бұл жайында жаңалық жазғанда спонтанды деңгейдегі мақаланы арнайы деңгейдегі тәсілмен толықтырып осы саладағы жұмыстың деңгейі туралы ақпарат береді. Кей кезде арнайы деңгейдегі ақпараи спонтанды деңгейге айналып кетеді, мысалы баспасөз-конференциясына қатысқан ньюсмейкер өзінің сөзге шығуды жоспарламағанын айтып, өз сөзін бастайды.
Тексеруші деңгейдегі ақпарат дегеніміз - болған оқиға туралы мәлімет беруді мақсат етеді, оның себептерін баяндайды, оның ішінде, біреулер жасырғысы келген мәліметтерді де айтып жібереді. Мысалы, журналист табиғат апатынан зардап шеккен үйдің жөнделмегені туралы мәлімет берсе, оны жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының қайда кеткені туралы да мәліметті айтып өтеді. Немесе ауыр қауіпті қылмыскер ұсталғанын естіген журналист, сол сәтте оның босанып кеткенін естіп, босату туралы шешімнің не үшін шыққанын анықтауға тырысады.
БАҚ-тағы тексеру деңгейіндегі ақпарат басқаларымен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Біріншіден, бұл оны алудың қиындығына, журналистің және оны басатын редактордың батылдығына байланысты болады, себебі сыбайлас жемқорлыққа салынған чиновниктің атына, адал емес кәсіпкерге және қылмыс әлемінің өкілдеріне айыптау мақаласын даярлау, болу оңай шаруа емес.
Екіншіден, тексеру жүргізу өте көп уақыт алады, оның үстіне спонтантты және арнайы деңгейдегі ақпарат алуға да аз уақыт кетпейді, сондықтан кез келген басылым экономикалық себептерге байланысты тексеру журналистикасымен шұғылдануға тәуекел қыла бермейді. Мысалы, алғашқы деңгейлердегі мақаланы жазуға журналист күн сайын немесе апта сайын мақала жазса, тексеру деңгейіндегі мақала жазуға бірнеше ойын жұмсауы мүмкін. Сондықтан тексеру деңгейіндегі мақала жазу редакцияға жай мақала жазуға қарағанда 10-30 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Журналистикада ақпарат алудың үш жолы бар, олар: байқау жолы (тәсілі), дереккөздермен жұмыс, алынған мәліметтердің сараптамасын жасау тәсілі.
Байқау және сыртқы кірістірілген болып бөлінеді. Бірінші жағдайда журналист оқиғаға қатыспайды, екінші жағдайда оқиғаға қатысады. Мысалы, егер журналист болып жатқан митингіні бақыласа бұл сыртқы бақылау болады, егер экспедицияға оның бір мүшесі болып баратын болса, ол кірістірілген байқауға жатады.
Сондай-ақ байқау да ашық және жабық болып бөлінеді. Бірінші жағдайда журналист өзінің кәсіби керек-жарағы туралы хабарлайды, сондықтан айналасындағыларға оның журналист екені белгілі болады. Екінші байқауда журналистті басқа адамдар білмейді. Байқаудың мұндай түрін кей кезде "маска тәсілі" деп немесе "кәсіпті ауыстыру тәсілі" деп атайды, себебі мұндайда журналист біреудің қылмысын ашу үшін ондай адамдармен басқа адам болып байланыс жасайды, мысалы, фермер болып базарға өнімін сатуға әрекет жасайды, гастрайбайтер кейпіне еніп, астананың құрылысынан жұмыс табуға әрекет жасайды, кәсіпкер кейіпіне келіп бизнестің бір түрімен шұғылдану үшін лицензия алуға әрекет қылады.
Дереккөздері құжаттың және адамдарды зерттеуші болып бөлінеді. Құжаттың дереккөздеріне тек қана билік органдарының арнайы құжаттары ғана емес, ақпарат беретін құжаттардың барлық түрлері, оның ішінде фотосуреттер, видеоматериалдар жатады. Құжаттың дереккөздерімен жұмыс істегенде оқиғаға байланысты түпнұсқалары және атрибуцияларын (мекемедегі белгілі адамдар туралы) міндетті түрде анықтау керек. Адамдарды тіркейтін (зерттейтін) дереккөздері дегеніміз журналистің ақпарат алуына қажетті адамдар. Олар оқиғаның куәгерлері болып табылады. Олар оқиғаны көзімен көрген, болған оқиғаны басқалардың сөзінен естіген куәлер болуы мүмкін. Екінші жағдайда журналиске хабарлағаннан басқа да ақпараттар легі болуы мүмкін, "бұзылған телефон" нәтижесімен себепші болған өңін айналдырған ақпарат та болуы мүмкін, себебі әрбір есіткен адам, сонан соң естігенін қайтадан айтқан адамның хабарлауында өзі де байқамайтын кейбір детальдар жіберілуі мүмкін, керісінше өзі де болмаған оқиғаларды қосып жіберуі мүмкін.
Адамдарды зерттеуші дереккөздеріне тән атрибуттардың мынандай түрі болады (хабарлауға байланысты және нақты адамға байланысты):
* баспасөз үшін адамның аты-жөні, қызметі көрсетіледі
* бэкграунд үшін белгілі бір дереккөздеріне сілтеме келтірілген дәйексөздер келтіру. Бұл жерде төмендегідей жасырын басқыштаушылық болуы мүмкін: газпромның директорлар кеңесінің бір мүшесінің қызметі мен мекемесін көрсету; тек қана мекемесін көрсету (газпромдағы дереккөз), мекемесін көрсетпей қызметін көрсету (ірі мемлекеттік компанияның директорлар кеңесінің мүшесінің), мекемесін де айтпай, атын да қызметін де атамай немен айналысатынын ғана көрсету (газ өндіретін компанияның бірінің қызметкері), тек қана мәселеге қатысының деңгейін көрсету (газпроммен келісім жүргізуге жақын дереккөз)
* терең бэкграунд үшін ақпаратты жанама сөзбен ғана дереккөзіне сілтеме жасамай-ақ қолдану керек. Мұндай жағдайда журналист ақпаратты өз атынан жеткізеді, сондықтан шындыққа сай келмейтіндігінің жауапкершілігін өз мойнына алады. Бұл жерде барлығы дереккөзінің сенімділігіне, ақпараттың маңыздылығына байланысты болады. Ереже бойынша мұндай дәйексөздерді қолдану еліміздің басшылығын түсіндіру үшін қолданылады, себебі, ақпараттың дереккөздері басқа жағдайда қолданылмайды
* басқаға арналмаған ақпаратты ешқандай үлгіде қолдануға болмайды. Бұл ақпаратты дәлелдеу үшін басқа дереккөзіне сүйенуге рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда мәлімет журналиске тек қана тақырыппен танысуды хабарлайды. Мұндай шартқа мына жағдайда ғана келісу керек, ол кезде аталған ақпаратты басқа жерде алуға болмайды. Бұдан басқа барлық жерде мұндай ақпараттан бойын аулақ салу ұсынылады, себебі ол журналистің қолын байлайды, егер осы ақпаратты содан кейін оған басқа дереккөзі жариялауға құқық берсе де, бәрібір журналист бірінші жағдайға байланысты оны жариялай алмайды. Бар мәліметтерді талдау логикалық операция арқылы жүргізіледі. Шешім шығаруға болжамдаудың келесідей тәсілдері қолданылады: аналогия, сценарий, экстраполяция.
Экстраполяция дегеніміз бар дәстүрлерді болашаққа жоспарлау. Журналист барлық өмір сүріп жатқан процестер одан әрі дами береді деп жорамалдайды, мысалы экономика өседі, жұмыссыздық қысқарады. Ұлттық валюта сол орнында өзгеріссіз қалады деп ойлайды. Экстраполяция тәсілі жақын болашақты болжағанда шындыққа аз немесе көп жанасуы мүмкін. (бірнеше күннен бірнеше айға дейін). Орташа кезеңде қалай болуы мүмкін (бірнеше жыл) және алыс болашақта қалай болуы мүмкін (мысалы, ондаған жылда), бұл тұрғыдан қарағандағы экстраполяция, тәжірибе жүзінде журналист ойлағандай барлық уақытташындыққа жанаса бермейді, ойлағандай бола бермейді.
Аналогия кейбір жеке белгілерінің сәйкес келуіне қарап құбылыстың да сәйкес келетіндігіне шешім шығару. Бұл жердегі ең маңызды мынаған саяды, неге десеңіз осы белгілер аталған құбылысқа тән болуында. Мысалы, қазіргі Ресейде заң қорғау орындарының қызметкерлерін өз көзқарасын айтқаны үшін кеңес дәуірінен бері ізіне түсіп келген, бұл қазіргі үкімет пен кеңестік саясаттың ұқсастығын көрсетеді. Дәл осы уақытта кәсіпкердің қамалуы кеңес дәуіріндегі кулактарды тазалау науқанына ұқсамайды, тәркілеудің басталғанын білдірмейді.
Сценарий көптеген жағдайлар ескерілетін тәсіл және сол талдауды ескере отырып жүйені дамытудың мүмкіндігі туралы шешім шығаратын тәсіл. Әдетте қандай да бір фактордың әсерінен болған жағдайлар, сондай-ақ "бұрылыс" нүктелерінде қабылданған мүмкін шешімдер сценарийді құрайды. Мысалы, мұнай бағасының өзгеруі туралы сценарий мынандай жағдайды қамтиды, оған Таяу Шығыстағы қақтығыстың басталуы мен аяқталуы, энергия көзінің баламалы түрінің пайда болуы, кен орнындағы мұнай өндірудің төмендеуі, мұнай алудың жаңа технологиясының шығуына байланысты мұнай өндірудің артып кетуі сияқты факторлар ықпал етеді.
Михаэль Халлтердің анықтамасы бойынша ақпарат алудың мақсаты төмендегідей:
* қандай да бір саладағы жағдайды бүге-шүгесіне дейін дәл көрсету
* болған оқиғаны қайта қалпына келтіру
* осы оқиғаға қатысушыларды анықтап, олардың біліктілігін білу
* оқиғаның мүмкін әсері мен себебін анықтау
* оқиғаның оқырмандар үшін маңызын айқындау.
Ақпарат жинау журналист оқиғаның белгісіз қырларын анықтағанда ғана ақпарат "тереңіне" дейін барады, басқа оқиғалармен ара-қатынасын қосымша анықтағанда оның сөйлемдері назар аударатын нысанға айналады. Тереңдетілген тексерудің көлденең тексеруге қарағанда артықшылығы бар, өйткені тереңдетілген тексеру болған оқиғаның нақты деталі бойынша оқырмандарға айтарлықтай қызықты, оның атқаратын себептері мен мүмкін болатын зардабы болғанмен оқырмандар үшін ерекше қызғылықты болады.
Михаэль Халлер де ақпарат жинаудың үш түрлі схемасын сипаттайды, олар мыналар: "Алдыңғы және соңғы жоспар", "айсберг" және "симптом мен ауру" деген схемалар.
"Алдыңғы және соңғы жоспар" дегеніміз - оқиғаның сыртқы жағынан артық емес қолда бар ақпарат. Журналист қатысушы адамдардың себебі, оқиғаның себебі, олардың қоршаған ортаға әсерінің сыртында не тұрғанын анықтауға тырысады.
"Айсберг" схемасында да нақты жағдайлар туралы ақпаратты жазады, айсбергтің шыңы ретінде қарастырады. Журналист осы жағдайлардың сыртында не жасырынып жатқанын айқындайды және аталған оқиға тарихының алдындағы тарихын зерттейді.
"Симптом мен ауру" схемасы бойынша нақты жағдай қоғамда пайда болған кейбір процестердің пайда болуы деп қарастырылады, сондықтан журналист өз назарын алдымен мынаған аударады, оны анықтаған соң осы жағдайды пайдаланып оны сурет ретінде қолданады.
Оқиғаға қатысушылармен сұрақ өткізуді "іштен сыртқа" тәсілі бойынша жүргізу ұсынылады, бұл дегеніміз алдымен оқиғаға қатыспаған адамдарды сұрап, оқиғаға тартылмаған адамдарды сұрап, содан кейін барып оқиғаға тікелей қатысушылармен әңгімеге көшу керек. Бұл мынау үшін жасалады, себебі, оқиғаға қатысушылар өз көзқарасын журналиске таңбау үшін қажет, ал журналист адам сонан соң құтылуы қиын болады. Бұл жерде "бірінші хабардың нәтижесі" әрекет етуі керек, себебі бірінші ақпарат "белгісіз оқиға туралы) шын құбылыс ретінде қабылданады, оның шын мәнінде ақиқат екеніне қарамайды. Сұрау сырттағы бейтарап қатысушылардан басталып, журналист толық дәл болмаса да нақты, шындыққа жанасатын ақпараттар жинайды, оқиғаға қатысушылармен болған қарым-қатынас дәлелді нақты білу үшін және тартыстың қай жағына шығуын біледі.
Сұраулық барысында алты түрлі жауап алуға жетісу керек, олар мыналар: "Бұл сіз үшін неге маңызды?", себебі "сізге бұлай істеуге не мәжбүрледі?", дәлел "бұның осындай екенін сіз қайдан білдіңіз?" анықтау, (осының астарында не жатқанын сіз білесіз бе?) нәтиже, (бұл сізге не береді?), кедергілер (сізге істеугене кедергі болды?)
Жағдайға қарай сұрақ мына төмендегі үлгіде берілуі керек: "субьект-обьект", "полярлық сала" және "ішкі жаңалық".
Субъект-объект үлгісін мына жағдайда қолданылуға болады, ол оқиғаның екі жағының да айқындалуы кім істейді (субъект) және әрекет кімге қатысты болады (объект). Бұл жағдайда сұрақ үшінші жақтан басталады, олар болған жағдайға бейтарап және сарапшылар және осы уақытта мәселені шешетін тұлғалар болып табылады. Сонан соң журналист істің мәнісін анықтауға кіріскенде, алдымен объектімен келісу ұсынылады, неге десеңіз қақтығыстан жапа шеккен жақ, әдеттегідей барлық уақытта баспасөзге қолжетімді болады, ал осыдан кейін барып субъектіні сұрауға көшуге болады. Егер субъекті көп болса, ең бастысынан бастау керек, одан кейінгі басты сұрақ беруге де мүмкіндік қалдырған дұрыс. Сұрақтың бұл легінде журналист объекті мен субъектінің аралығында жүріп тұру керек және бір-бірінің сөзін қолдап немесе бас тартуға мәжбүрлеп және болған оқиға туралы өзіне ең анық көріністі алуға тырысу керек. Себебі мұндай тексеру теориялық жақтан шексіз жалғасып кетеіндіктен аталған тақырып туралы нақты мәлімет алған жерден тоқтау керек.
"Полярлық сала" үлгісі көп қатысушылар тартылған, бірден болмайтын немесе соған кереғар күрделі тартыстарға қолданылады. Егер журналист өз еркімен қатысушыларды екі топқа бөлер болса (мысалы жұмысшылар мен жұмыссыздар, автомобилистер мен жаяулар, әйелдер мен еркектер т.б.) сөйтіп, осы топтардың қайсысы шиеленіске, тартысқа көп қатысқандығын айқындайды. Одан кейін барып белгілеу, анықтау жұмыстары басталады (жұмысшылардың өзі жас, кәрі қызметкерлерге бөлініп кетеді, ал "әйелдер" балалы, баласы жоқтарға бөлінеді) одан кейін бірнеше циклдан соң "субъект, объект" үлгісіне көшеді.
"Ішкі ашу" үлгісі кезінде журналист жаңа ақпаратты сұрыптамайды, іздеп таппайды, респонденттерден бар ақпараттарды алады. Бұған журналистің ашық ақпарат кезіндегі өз көзқарасы бойынша жазған жағдай кіреді, сонан соң барып осы хабарды ньюсмейкерге түсіндіру үшін өтініш жасайды. Өтініш берілуі де мүмкін, "ойын бөлетін" әдісті қолдану арқылы да берілуі мүмкін, бұл журналист әңгімені мүлде басқа тақырыпты әңгімелеуден бастайды, арасында байқатпай аталған сұрақты қояды, мұны әңгімелесушінің спонтанды жағдайына жетуіне қол жеткізеді және дәйексөзді соның атынан басуға мүмкіндік алады.
Қазіргі журналистикада сұрақ қою ақпарат алудың ең сәтті тәсілі болғанмен дәйексөз келтіруді ақпарат жинайтын басқа тәсілдерге зиян тигізетіндей асыра қолдануға болмайды. Сарапшылардың немесе қатысушылардың сөзімен басталатын хабарды бсқа тәсілмен алуға олмаған жағдайда ғана қолдану керек. Мүмкіндігінше анықтамалық ақпараттарды тақырып бойынша журналистің өзі алуға жетісу керек, содан соң біреудің сөзіне сүйеніп емес, дереккөзге сілтеме келтіру арқылы мақаланы басу керек."Не?" журналистикасы жаңа оқиғалар іздейді, "қалай?" белгілі оқиғаны түгел, бүге-шүгесіне дейін іздейді, ал "неліктен?" журналистикасы олардың себептерін іздейді. Ақпараттың үш деңгейі былай бөлінеді: арнайы деңгей (баспасөз-релизі, қойылатын іс-шаралар т.б.), спонтантты деңгей (өзінен өзі болып жатқан оқиға) және тергеуші деңгей (біреулер жасыруға әрекеттеніп жүрген болған оқиғаның себебін ашу). Ақпарат алудың жолдары: байқау, дереккөздерімен жұмыс және қолда бар мәліметтерге талдау жасау. Байқау журналистің өзі қатыспаған оқиғаны баяндайтын сыртқы және журналистің өзі қатысушының бірі болған "кіріккен, қатысқан" түрлері болады. "Ашық" байқауда журналист өзі туралы хабарлайды да "жабық" байқауда өзін байқатпай, басқа мамандықты ұстанып байқау жасайды. Нышандардың (атрибуттардың) түрлерін жариялау дәйексөздеррі (цитаты): баспа үшін (қызметі мен аты-жөнін жариялайтын), бэкграунд үшін (атын көрсетпей әңгімелесушінің мекемесін немесе мекемесін көрсетпей, атқаратын қызметін көрсететін), тереңдетілген бэкграунд үшін (журналисттің ақпаратты өз атынан жариялайтын) және баспаға емес (ешқандай мәліметке рұқсат етілмейтін) түрлері болады. Ақпаратты "тереңдетіп" жинау (оқиғаның белгісіз қырларын іздеу)вширге қарағанда (оқиғаның сөйлемдерін кеңейтіп созу) артығырақ болады. "Сырттан ішке қарай" ережесінде алғашқыда сыртта жүрген байқаушылар сұралады, сонан соң барып оқиғаға тікелей қатысушылар сұралады.
Достарыңызбен бөлісу: |