Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет37/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Әлем өнер тарихы

Сабур Мамбеев
Дәстүрдің негізгі белгілері Сабур Мамбеев шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Адам образы мен оны қоршаған орта рухтың ойға шомуының медитативті полюсі-нен берілген. Өнегелік белгілер, идеалды түсіну адам мен табиғаттың қарым-қатынасы мәселелері, уақытты сезіну ерекшеліктері және кеңістікті беру әдістері оның туын-дыларында тағы да құндылықтардың дәстүрлі шкаласымен байланыстырылған. Еуропа мен Шығыс мәдениетінің білгірі Мамбеев, қазақ өнерінде бірінші болып ұлттық ерекшелікті іздеу мәселесін көтерді, және формалды әрі мағыналы жеке мета-тіл жасаудың өзара қарым-қатынасын қалыптастыр ды.
Қазақтың бай көркем мұрасы оның ерекше кескіндемелік стиль жасауында маңызды рөл атқарды. Сәндік-қолданбалы өнердің өрнектерін, зергерлік бұйымдар, текеметтер мен сырмақтардың оюларын Мамбеев өздерінің жаратушысы өмір сүрген әлем туралы ғана емес, сонымен қатар, өздеріне тән өмірді көру, түсіну және оны бере алу қабілеттері жайлы айтатын таңбаларды, нақты салыстырмалы тілі ретінде ұғынып қабылдады. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің колоритінде, композициясында, жазықтық ритмінде қамтылған формалды сырларды түсіндіру мен оларды майлы бояу кескіндемесінің стилистикасына өзгертудің арқасында суретші өзінің жазу ерекшелігін тапты. Ол шығыстың дәстүрлі дерексіздендірілген ойларын рухтың медитативті ойға батуын, уақытты мәңгілік деп сезінуді, шынайы әсерлерді символға, ауыспалы мағынаға немесе астарлап айтуға жинақтауды батыс дәстүріне тән суреттелінетін оқиғаның өтпелі кезеңін астарлап жеткізу қабілеттерімен байланыстырды.
Кескіндемешінің туындыларындағы бұл мызғымастық, адам санасында генетикалық жағынан теңестірілген, хаоста тәртіптің пайда болуы кезінде жоқтан барды жасаған дәстүрлі мәдениеттің құдіретті актісіне жақын формашығармашылық, форма жасау деңгейінде көрінеді. Қазіргі суретшінің дүниетану жөніндегі түсінігінің қазақтардың үлттық этикасымен, эпикалық, фольклорлық, дүниетанымдық дәстүрлерімен туыстығы көздің алдында анық байқалады, бұл жерде кейіпкер күшінің қайнар көзі - оның туған даласымен жақындығында. Қазақ кескіндемесінің негізін салушылар А.Қастеевтің, Г.Исмаилованың шығармашылығында айқындалған «Антей синдромы» өнер дамуының қазіргі кезеңінде дүниетанымның бөлінбес бір принципі ретінде көрінеді.
Мамбеев кейіпкерлері, мейлі олар қазіргі замандағы қыздар - студенттер, қалалықтар, немесе қазіргі ауыл тұрғындары болсын, олар дәстүрлі сананы таратушылар болғанымен, қалай десекте өздерінің алдарына мақсат қойып, идеалдарына жақындап қалған адамдар. Күрестің, әрекет-қимылдың ашық батылдығы Мамбеев кейіпкерлерінің «әсемдігін» айқындайды. Олардың позитивті «әсемдігі» өзінің бастауымен дәстүрдің ішіне кіреді, бұл жердегі негізгі белгі - тұлғаның үндестігі, адамның ішкі және сыртқы келбетінің тепе-теңдігі. Өнегелік тұрғыда тұтас, үйлесімді, бөлектену мен күдіктің драматизмін білмейтін оның кейіпкерінің табиғатына армандау, пайымдау және жеңіл, біраз мүдды философиялық ойлау тән. Суретші Ресей оқу орындарында тәжірибеден өткен, бірақ, ұлттық рухани және генетикалық естеліктерді сақтап қалған, өзі және өзінің әлемде алатын орны жайлы ойлайтын қазақ ұрпағының өзінше бір автопортретін жасап шығарды.
Мамбеев шығармаларына тән ерекше құпиялықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Онда белсенді, нақты, келесі әрекеттер мүлде жоқ. Кейде осы әрекеттердің жоқ болуы - олардың сөзсіз шарты болып көрінеді. Үнсіз әрі қызу шоғырланушылық, күрделі пайымдаушылық олардың оқиғасыздықтарын абсолютке жақындатады. Мұнда сыртқы ұстамдылыққа толы, құштарлықтың тұңғиығында жасырынған дәстүрлі этиканың сарқыншақтары сезіледі. Бұл сыртқы «әрекетсіздік» кейде даналықтан алынған нәтиже, универсал тәжірибе ретінде қабылданады. Шығыстың тағдыр алдындағы көп ғасырлық тыныштығын және осы тыныштыққа енген қуатты күшті полотнода көруге болады. Олар-дың жұмбақ тынық үнсіздігінде құдды эзотериялық, жасырын жатқан асыл білімнің құпиясы жасырынғандай.
Мамбеев жазуының бірегей үлгісі - бұл оның күшейген шығармашылық ойы мен ұлттық контексте ғана өзгеше емес дүниетану жөніндегі түсініктің негізгі көрінісі. Оның полотнолары ерекше ішкі мәнділік әсерін қалдырады. Бұл мағынада «Тауда» (1957), «Қоныс аудару» (1959), «Жолда» (1963), «Көктем» (1964) туындылары үлгі бола алады. Бұл әсер, тазалық пен мінездің қаталдығын сезумен бірге, жүректің түбінде ойланып, көркем құралдар жинағымен шығарылған азғана өзгешеліктерге дейін жасалады. Жеңіл, таңдаулы болып көрінетін стилистикасына қарамастан оны импрессионистикалық демей философиялық деп атағанымыз дұрыс болар. Байыптамай кездейсоқ кәсіпті меңгеруден, ой елегінен өтпеген әсерлерден, шебер алдын ала сезбеген күшті әсерлерден мүлде тазарған Мамбеевтің шығармашылық үлгісі нақты ойластырылған көркем құралдар жүйесін, яғни өзінің бірлігінде көп мағыналы және өзінің көп мағыналығында бір ғана жүйені ұсынды. Рух пен материя концепциясына негізделген Мамбеевтің толық аяқталған әлем картинасы дәстүрлі руханиятқа терең тамыр жайғандығын көрсетеді.
Халық шығармашылығының дәрістерін полотноның кескіндемелік негізіне қалыптастыра отырып, суретші мәдени дәстүрдің тәжірибелерін өмірді дара сезінумен байланыстырды. Республикамыздың өнертанушылары «Борисов-Мусатовтың конструкциялы жасалған гүлді-декоративті толық жұмыстарын» «аймақтың көркемөнер дәстүрінің» негізгі шығармашылық тірегі екенін ескере отырып салыстырды. Өзге ұлттық көркемөнер дәстүрін басқалардан артық көру, әсіресе кеңістіктік жаңалықтарды қолдану мүмкіндігін, Мамбеев өздерінің жаңа ашуларында шығыс өнерінің тәсілдерін нақты көрсеткен шеберлерге берді. Тым болмаса импрессионистердің Шығысқа құштарлығының кең спектрін есімізге түсірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет