Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет2/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Әлем өнер тарихы

Бақылау сұрақтары:

  1. Адамның рухани және материалдық өмірінде бейнелеу өнерінің алатын орны

  2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

  3. Бейнелеу өнерінің эмоциялы – мазмұндық мәнініњ көркемдік тілін құрушы бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдері

  4. Анималистер бірыңғай аңдарды бейнелейтін суретшілер

  5. Витраж- терезеге салынған сурет.

  6. Графика-сурет салу өнері.

  7. Живопись ең бір ежелгі өнер

  8. Композиция - латынның «compositio» ойлап шығару, құрастыру деген сөзінен шыққан.

  9. Миниатюра – ескі қолжазба кітаптардың беттерінде айтылып отырған оқиғаны бейнелейтін суреттер.

  10. Мозайка – ең ежелгі өнердің бірі.

  11. Мүсін-ең ежелгі өнерлердің бірі.

  12. Натюрморт-француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді.

  13. Пейзаж табиғат көріністерін бейнелейтін жанр

2. Лекция сабағының тақырыбы: Ежелгі кезеңдегі палеолит, мезолит және неолит өнері
Жоспары:
1. Ежелгі өнердің бастапқы нышандары
2. Полеолит, мезолит және неолит өнері
Мақсаты: Студенттерге өнердің бастапқы нышандары жайлы, пластикалық өнердің пайда болуы жөніндегі теориялық түсініктер беру
Мәтіні (қысқаша):
1.Өнердің бастапқы нышандары
Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды.
Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті.
Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.
Бізге белгісіздеу, бұлыңғырлау көрінетін мұнан ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Адамның арғы тегі болып табылатын неондертальдарда сезімдік түйсік пен ойлау қабілетінің қылаң беруі, оларды өмірге қажетті қарабайыр алғашқы еңбек құралдарын жасауға, түйсікпен еңбек етуге талпындырды. Бірақ олардың ойлау қабілеті мен сезімдік қасиеттерінің әлі толық жетілмеген кезі еді. Адамның өзін-өзі тежеу, көпшілік болып ұйымшылдыққа топтасуы әлі қалыптаса қоймаған. Көбінесе адамдар жалғыз-жарым өмір сүрді. Сондықтан болар, олардың қолданған құралдары мыңдаған жылдар бойы өзгере қоймады.
Тек кейінірек, өмірге қауіп төндіретін жыртқыш аңдарға қарсы тұру үшін, күн көрістің қамымен топтасып, қауымдасып өмір сүретін болды. Осыдан бастап алғашқы қауымдық құрылыс өмірге келді. Адамның сана-сезімі өсіп, тұжырымды да байыпты әрекеттерге барды. Өнерлі ой туындады. Егер бұрын адамдар табиғи заттарды еш өңдеусіз пайдаланса, енді оны өздерінің ыңғайына қарай қажетінше өзгертіп, өңдеп алып отырды. Бұл өнерлікке деген бастаманың алғашқы нышаны еді. Өйткені қандай зат болмасын, оның табиғи күйін саналы пайымдау арқылы өзінше өзгерту адамнан белгілі бір салиқалы ой-тұжырымды, шеберлікті қажет етеді. Ал шеберлік жүрген жерде әрдәйім өнерлі ой толғанысы пайда болады. Осыдан барып өмірге табиғи қалпындағы емес, адам қолымен өзгертіліп өңдеуден өткен, бойында өнер нышаны бар зат туындайды. Көбінесе осындай туындылар өнердің туып қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Өнерлі ой толғаныстың арқасында адамның еңбекке деген қызығушылығы мен ынтасы арта түсті, рухани сезім қажеттілігінің байи түсуіне үлкен әсер етті. Сонымен қоса адамның алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде рухани игіліктерді тез меңгеріп кетуіне, әлемнің тылсым сырына құштарлана түсуіне, айнала қоршаған табиғи құбылыстарды зерттеп-зерделей білуіне үлкен септігін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет