Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе



бет38/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Әлем өнер тарихы

4. Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ кескіндемесіндегі көркемдік құрылыс

  2. Қазақтардың дәстүрлі өнеріне тән импровизация

  3. Қазақ суретшілері шығармашылығындағы дала тақырыбы

  4. А.Ғалымбаеваның шығармашылығы

  5. Г.Исмайлованың шығармашылығы

  6. Қ.Телжановтың шығармашылығы

  7. М.Кенбаевтың шығармашылығы

  8. С.Мәмбеевтің шығармашылығы

  9. С.Романовтың шығармашылығы



16 Лекция сабағының тақырыбы: Қазақ көркем шығармашылығы кәсіби түрлерінің қалыптасуы
1. Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанда кәсіптік бейнелеу өнерінің қалыптасуы барысында ұлттық тақырып ізденістері

  2. Кәсіпқой суретшілердің шығармашылығы

2. Сабақтың мақсаты: 1960 жылдардың ортасы және 1970 жылдардың 1-жартысындағы ұлттық қолтаңба ізденістері: С.Айтбаев, Ә.Сыдыханов, Ш.Сариев, Т.Тоғысбаев жайлы түсіндіру
3. Қысқаша теориялық мәлімет:
Ә.Қастеевтің, Ә.Ысмайыловтың, ағайынды Қожахмет және Құлахмет Қожықовтардың өмірі мен шығармашылығы мәдени дәстүрді жедел түрде қайта бағдарлау кезеңіне тұспа-тұс келді. Өзінің діліне сәйкес түріктік, шығыстық контексте өнер бағдарлары мен қазақтардың әлеуметтік өмірі еуропалық құрылғылардың контекстіне аударылды. Аймақ өнері үшін аталған кезең оңайға соққан жоқ. Осы кезеңде жұмыс істеген суретшілердің шығармашылығы екі жақтық қысымда болды. Бір жағынан реалистік өнерді жасау қажеттілігі тұрса, соцреалистік реализм әдісін жасау да қалыс қалмады. Басқа да стилистикалық құрылғыларға ауытқу насырға шауып, формалист немесе кәсібисіз деп кінә тағатын. Мұндай қажеттілік енді бастап келе жатқан ұлттық суретшілерді өздерінің мәдени дәстүрі мен ділінен айырды. Белсенді әрекеттегі реформалық сананың қалыптасуына апаратын ойлаудың дәстүрлі танымдық түрінің көрінісінен, өмірді табиғатпен біріктіретін табиғи салттағы дәстүрлі қалаудан, адамның оған бастапқылы-ғының шексіз сенімі мен оның заңдарына деген араласушылықтан алыстатты. Дәстүрлі мәдениеттің шартты, тұспалданған, символды көркемдік тілінің орнына «өмірдің өзіндей» пішіндегі өмірдің бейнесі келді.
Қысымның екінші жағы идеологиялық сипатта болды. Сталиннің «пішінінде ұлттық, мазмұнында соцреалистік» өнерді жасау идеясы жүзеге аса бастады. Берілген тезис ұлттық ерекшеліктің бар екендігін мойындағанымен, көп қырлы ұлттық көзқарастың спектрін тарылтып, оны уақыт өте келе бейнелеу штампы жасап, идеологиялық тұрғыда мақұлдаған ұлттық сызба ретінде қабылдады.
Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, ағайынды Қожықовтар сияқты осы кезеңнің суретшілері, халықтың санасының тікелей және негізгі жалғастырушылары туындыларының көркем құрылысында ұлттық дәстүр мен діл ерекшеліктері жанама түрде көрінеді. Онда дүниетаным жалынды екпінмен берілген. Олардың кенептері «қосылған» өнер түрінің сыртқы пішіні арқылы, соның ішінде орыс «передвижниктері» дәстүрінің өте тар шеңберінде жеке дүниетаным мен көшпенділердің көп қырлы рухани дәстүрінің ерекшеліктерін көрсете білуімен есте қалады.
Әлемнің ұлттық картинасын қайта жасау қазақ суретшілерінің кеңістікті еуропалық түйсіну мен қабылдаудан өзгеше етіп беруге ұмтылуынан көрінеді. Қастеев кенептерінде кеңістік панорамалық шексіздіктерге қарай тартады, Ысмайылов пейзаждарындағы кеңістік ұшықиыры жоқ және маңғаз, ал Қожықов акварелінде кеңістік басы бар аяғы жоқ уақыттың тоқтамайтын, мәңгі циклі сияқты өмірді дәстүрлі түсіну және «артық потенциалды» табиғаттың дауылды күшінің құбылмалылығымен суреттелген. Суретшілердің әр-қайсысы өзінің қажеттілігіне қарай кескіндемеде дүниетаным жөніндегі толық өзіндік түсінігін бере отырып өз әдісін тапқан. Сонымен қатар олардың бірде біреуі жер кеңістігін, шексіз қиян даланы шегі жоқ Универсум-космос кеңістігінің жалғасы ретінде қабылдаған көшпенділердің түсініктеріне қарсы келген жоқ.
Контексте Қ.Қожықов шығармашылығы дәстүрлі көзқарасының архетиптері есте қаларлықтай көрсетілген. Оның «Егін ору мерзімі» (1937), «Астық басу» (1937) туындылары нақты өмірлік жағдайларды беру арқылы визуалданған барлық нақтылардың жан жақты байланысы жайлы түсінік болып табылады. Оның жұмыстарының композициялары мен ырғақтарында өмірдің алғаш пайда болуын түйсіну, көк пен жердің құдіретті мәнін түсіну, өмірдің жоғарғы және тұрақты қалыптарына адамның қатыстылығы сияқты дүниетанымның этномәдени дәстүрі қатпарлары қатты өзгерген.
Ток өрісінің қайталанған сызықтарымен көбейген бір қалыпты, динамикалық қозғалыстың серпінді ырғағы қайталамалы айналу идеясын өзектендіріп, көк аспан астындағы адамның еңбек ырғағын суретші санасындағы универсуммен сәйкес келетін табиғат ырғағының айналымымен біріктіреді. Аспанның нұр шашып өрнектелген жолақ белдеулері жердің түсін беретін алтындалған динамикалық белдеулермен үйлесе отырып композицияға алғашқы сұлулық пен болмыстың балғындығы сезімін береді. Бастапқы апаттардың күші мәдени естелікте Көк Тәңірі-Аспан Әке-Жер Ананы рухтандыру, яғни пұтқа табынушылық сарқындарымен үйлестіріліп көрсетілген.
Х.Қожықов жұмыстарында Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов туындыларына тән ерекше қасиеттер көрініп, нәтижесінде қазақ бейнелеу өнерінің тұтас форма қалыптастырғыш қасиетіне ұласты. Күнделікті салттандыру өткен мен бүгінгінің, қарапайымдылық пен құдіреттіліктің, өткінші мен мәңгіліктің, нақты мен жалпының арасында байланыс орнату тәсілі ретінде этномәдени дәстүрде алғашқы тәртіпті қайта қалыптастыру принципімен байланыстырылады. Ол өнерде хаосқа жол бермей, өмір қозғалысын қамтамасыз ететін бастапқы тәртіпті қайта қалыптастыру принципін, алғашқы жаратылыстың тұрақты идеясын өзектендірді. Егін ору, астық басу сияқты қарапайым сюжеттерге салт жораға ұқсас әрекет әсерін бере отырып, суретші бүгінгінің ақиқатын өткенмен, мәңгілікпен, дәстүрлі дүниетанымның ең басты принциптерімен қисындастыратын түркілер үшін аса қасиетті болмыс пласттарымен салыстырады. Қазақ суретшілерінің салт жоралар идеясын кескіндемелік туындылардың әртүрлі қырынан басқаша түсіндіруге ұмтылуында сөзде, ырғақта, музыкада, әдет-ғұрыптарда, дәстүрлі ойындар мен ауыз әдебиетінде көрініс тапқан дүниеге көзқарастың дәстүрлі ерекшелігінің тұрақтылығы жүзеге асады.
Халықтық эпос тақырыбына арналған пейзаждар мен туындылар Ә.Ысмайыловтың шығармашылық тұлғасын едәуір ауқымды көрсеткен сала болып табылады. Оның «Құртоғай» (1955), «Хан-тәңірі» (1958), «Бетпақ даланы игеру» (1957), «Бұрынғы ақселеу дала» (1957), «Жуалының жазығында» (1968) картиналарында туған табиғат орасан зор ұлылықпен бейнеленген. Оның полотноларында көрініс тапқан бейғам дала, таудың қуаты және ұшы-қиыры жоқ аспан тартылысы көк пен жерді аса дәріптеген, таулар мен ағаштарда, аңғарлар мен өзендерде жанды деп үғынған бабаларымыздың көне сенімдері жайлы естеліктер сыры жасырынған. Суретшіні кезең де, әсер де емес, керісінше, табиғаттың мәңгілік имманенттік сұлулығы мен үндестігі, табиғаттың адам жанымен бірлігі толғандырады. Уақыттың, ғасырдың, тарихтың кезеңі және табиғатпен бірлікте өмір сүрген қазақ ұрпақтарының алмасуы арқылы Ысмайылов өзінің туған даласының образын қабылдайды.
Суретші өзінің кенептеріне кеңістіктің шексіздігін сыйдыруға тырысады. Күннің кешкі сәулесімен жұмсақ-қызғылт, жасыл-көк, алтын түстес нәзік гаммаға боялған даланың адам ақылы қамти алмас кеңістігінде балбалдардың түсініксіз бұлдыр кескіндері жасырынып, түйелер бір қалыппен аяңдаса, мұнарланған қиянда өнеркәсіп дәуіріне көрсетілген құрмет — бедерлі бағандардың төбелері алыстан бұлдырап көзге көрінбей кетеді. Аңыздар мен өсиеттердің, бұрынғы өткен заман турасындағы көмескі естеліктердің рухы суретшінің Отанына деген сезімін жандандырады.
Дәстүрлер мен образдардың қайнар көзі халық фольклорына деген қызығушылық Ысмайыловтың фольклорлық тақырыптарға көңіл аударуы мен қазақ аңыздарының кейіп-керлері, ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптар, мерекелерге байланысты сюжеттерді бейнелеуінен көрінеді. Оның түсіндіруінде халық фольклоры көп қырлы, ол - ашық көрініс, алып ғажайып күш («Қазақша күрес», 1941), сондай-ақ ымыраға келмейтін күшті сезімнің трагизмі («Еңлік-Кебек», 1958). Ысмайылов фольклорының құштарлыққа толы бір-тұтас әлеміндегі кейіпкерлер рухани және физикалық энергиясы толық жинақталған күш иелері.
Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, К.Қожықовтың пейзаждары мен жанрлық кенептері кәсіби кескіндеме шеңберінде мифопоэтикалық дәстүрді көзге көрінетіндей қып басқаша етіп өзгертті. Бұл күш-қуатқа толы тамаша табиғат туралы мифті, Жер мен Көк екі бастаманың бірлігі мен бөлінбейтіндігін, осы екі құдіретті ұлылықтың арасында өтіп жатқан өзінің күнделіктілігімен қымбат адам өмірі жайлы мифті құрау болып табылады. Құдай берген тамаша табиғаттың әсемдігі мен парасатына қатыстылық адам өмірінің барысына салтанатты іс кейпін береді. Мифтің жан-жақты поэтикасы кенептердің композициялық ракурстарында туындайды және бұл жерде суретшілердің шеберлігі психологиялық мақсатта, адамзаттың қысқа ғүмырын мәңгілік өлшеммен өлшеу үшін көрермендердің алдына даланың құшаққа сыймайтын бүкіл кеңістігін жайып тастағандай болады.
Дәстүрлі дүниетанымның тұтастығы, этномәдени дәстүрдің ерекшелігі әлемнің имманентті үндестігі, әдеттегі, шынайы және жоғарғы рухани ұлылықтардың өзара бай-ланысы мен біркелкілігі, жердегі болмыстың аспан, космостық сфералармен ара қатынасы, адамзат және табиғат бастамалары теңдігінің негізгі жақындығы, барлық жанды затты рухтандыру, ұлттық ойлаудың синкретизмі сияқты негізгі жағдайлар қазақ кескіндемесінде бірінші кезеңдерде әлемді шынайы суреттеудің стилистикалық қалпы мен көркемдік жүйесінде жүзеге асуда. Алайда, халық санасының қалың қабатына тамырлаған дүниетанымның кескіндемеде өзіндік ракурсының пайда болуына нақ осылар ықпал етті.
Алғашқы сәттерінен бастап Қазақстан бейнелеу өнеріне ұлттық рухани мәдениетпен терең сабақтастықта байланыс орнату тән болды. Бұдан еш мәнерленбейтін әрі қуатты бола алмайтын интуициялық, жанама деңгейдегі дәстүрлі дүниетанымдық концепцияларды жүзеге асыру тәрізді байланыс балауса ұлттық кескіңдеме мектебінің негізін қалаушы Ә.Қастеевтің шығармашылығында және XX ғасырдағы бейнелеу өнерінің кәсіби дамуының алғашқы сатыларында ұлттық дәстүрді шынайы жалғастырушыларға айналған түңғыш қазақ суретшілері Ә.Ысмайыловтың, Қ. және Х.Қожықовтардың да шығармашылығында мәнерленген. Олар негізін салған әлемнің кескіндемелік интерпретациялары ұлттық көркемдік сана үшін өздерінің тұрақтылығы мен мықтылығын дәлелдейді. Олар әрбір кезеңіне сай Қазақстан өнерін калыптастыра отырып өмір сүруін жалғастырады
XX ғасырдың басында кеңес билігі мен социалистік қатынастың пайда болуы қарсаңында қазақтың ұлттық мәденитінің қалыптасуы жүзеге асады.
Графика Қазақстанда кеңінен тараған бейнелеу өнерінің алғашқы түрі болды, ал бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде ол Қазақстанда XX ғасырдың басында пайда болып дами бастады. 30 жылдардың басында пайда болған кескіндеме мектебінің ізденістерінің бағыты мен сипатын көпке дейін анықтап берген кескіндемешілер ұжымы қалыптасты. Ол кездері суретші-графиктердің жұмысы кездейсоқ сипатта болып, олар газет бетіндегі мақалаларға иллюстрациялармен және этюдтермен бірге кескіндемелік жұмыстарға қосымша материал қызметін атқарған нобайлармен шектеліп отырды. Сол жылдардағы суретшілердің көптеген графикалық жұмыстары бір-бірінен тек ерекше көркемдік сапасымен ғана ерекшеленбейді, олар жиірек сол кезді бейнелейтін құжат ретінде тарихи қызығушылықты ұсынады.
Сол жылдары графикада реңдік шешім үстемдік құрып, басты назар сюжеттік қырына аударылды, өйткені оқиға туындының образдық сипаттылығын әлсірететін оның ішкі заңдылықтарына күрделі талдаусыз, суретшінің жеке қатынасынсыз бейнеленді. Жеке-дара интерпретацияның күші көптеген суретшілердің өмірді көруінің енжарлығымен төмендетіліп, ол өмірлік факторлардың механикалық тіркеуінің шынайылығын эстетикалық ұғуға алып келді.
Қазақстандағы бірінші суретші-графиктердің қатарына Әубәкір Ысмайылов енеді. Ә.Ысмайылов 1913 жылы Қарағанды облысында шахтердің отбасында дүниеге келді.
Оған бірізді білім алудың мүмкіндігі тумаса да, ол өте көп әрі жемісті еңбек етті. Ол біршама уақыт Омскідегі көркем-сурет училищесінің ВХУТЕМАС-тағы графика бөлімінің студиясында оқыды.
Ол дүниеге әкелген туындылардың тақырыбы сан алуан: индустриалды Қарағанды, шахта, забойлар және Қазақстан табиғаты. Ертеректегі Ысмайылов шығармашылығын «Қарағанды» (1932), «Қарағанды шахталары» (1932) және т.б. [2, 56] тушьпен орындалған графикалық беттегі жұмыстары сипаттайды. Қатал композиция, жұмысшылардың ашық баяндалған силуэттері шахтерлардың еңбектегі ерекше ауыр өмірлерінің шиеленісін айрықша баса көрсетеді. Жылдам айқыш-ұйқыш сызықтармен, композицияның дәл құрылымымен, жарық пен көлеңкенің үлкен жазықтықтарының қайшылығымен суретші еңбек тақырыбын мәнерлеуде динамика мен экспрессияға қол жеткізеді.
Отызыншы жылдардың көптеген өзге де суретшілері сияқты Ә.Ысмайылов плакаттар мен карикатураларды дүниеге әкеле отырып, қолданбалы графикада көп еңбек етеді. Сол жылдары ол «Еңбекші қазақ», «Лениншіл жас» және т.б. республикалық газеттерде қызмет етіп, онда оның суреттері, карикатуралары, достық шарждары мен плакаттары басылып тұрды.
Әубәкір Ысмайылов қазақ халқының тарихымен және мәдениетімен қызықты, халық биін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. 1961 жылы Д.Абировпен авторлық бірлестікте «Қазақтың халық биі» атты кітап шығарды.
Ә.Ысмайылов акварель мен майлы бояуда жұмыс жасай отырып Қазақстанның табиғатына көп уақытын бөлді. Ол алқаптарды, таулар мен өзендерді поэтикалы жырлап өтті. «Сарысу алқабы», «Алатаудың қайта жаңарған алқабы» (1949), «Қарағандыдағы төртінші (Федоровский углеразрез) көмір кені» (1951), және т.б. көптеген жұмыстары Әубәкір Ысмайыловты туындының композициялық құрылымын және колоритті нәзік меңгерген, Қазақстан даласындағы өмірді өте жақсы білетін суретші ретінде көрсетеді.
Суретші не нәрседе жұмыс жасаса да - кескіндемелік немесе графикалық композиция болсын, ол бәрінен бұрын образдық міндеттерден бастау алады. Пішін мәселелесі әрқашанда бейнеленушінің мәнінен бағындырылған. Сондықтан да үнемі оның кенептерінде немесе парағында сызық, түстік немесе масштабтық қатынасы өткір сипатты және олар ойластырылған бейнеге балқытылып енгізілген. Әр жұмысына тоқталғанда композиция туралы айтпасақта болады, өйткені оның этюд немесе жылдам жасалған нобайы болсын, олардан суретшінің шебер қолын ғана емес, оның ойын, терең сезімін көре аламыз. Суретшінің барлық жұмысын бірдей біртуар туынды деп дауласа алмаймыз, алайда оларда ең бастысы - шабыт пен шығармашылыққа деген үлкен жігер бар.
Осы жылдары Ысмайылов «Теңіздің ар жағынан», «Шыдамай кетті» және т.б. плакаттары мен карикатураларын дүниеге әкелді.
30 жылдардағы Қазақстанның плакаттық өнері жарқын мәнерлілікке әлі де болса ие бола қоймаған еді. Бұл кескіндемешілер мен графиктердің осы салада эпизодты түрде жұмыс істеуімен түсіндіріледі. Суретшілердің ешқайсысы тек бір ғана плакат саласында жұмыс жасаған жоқ. Ә.Ысмайыловтың «Теңіздің ар жағынан» (1933) атты плакаты Жапонияның Манчжурияға соғыстық шабуыл ашқан күндерінің бірінде салынған.
Әубәкір Ысмайылов графикалық өнердің плакат және карикатура сияқты әртүрлі жанрларында жұмыс жасауға талпынды. Өз заманының замануи әрекеттеріне ол лайықты жауап берді. Бірақ, Ысмайыловтың өзінің қондырғылы жұмыстарында пішіннің үлкен мәнерлігіне, тілдің өткірлігі мен ашықтығына қол жеткізгенін ерекше атап өту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет