Жорж Сера, Поль Синьяк.
Ж.Сера, Поль Синьяк кескіндеме өнерініњ энтузиастары еді, олар кескіндеме өнеріне ғылыми әдістерді енгізді. Импрессионистер өздерініњ суреттерін бояуларды көп араластырмай ашыќ- жарќын түстерді сезіну (интуитивно) арқылы салған. Пуантилистер ѓалымдардыњ оптика саласындаѓы жетістіктеріне сүйене отырып, спектрлік түстерді жасап шыѓарды. Жас суретші Сера импрессионистердіњ жетінші әрі соңғы көрмесінде «Гранд-Жаттыњ жексенбілік серуені» атты шыѓармасында өзініњ сурет салу техникасымен Писсарроны еліктіреді, ол картинада жылы жєне суық, қарама- қарсы, аралас түстерді майда нүктелі мазокпен салып көрсетті.
Суретші шынайы бейнелеп, жарықтыњ көлењкеге өтуі, жағылған бояулардыњ бір- бірімен үйлесуі керемет бейнеленген.
Бірақ картинада әдейленіп жансыз бейнеленгені көрініп сезіледі. Сера керемет талант иесі еді, оныњ ізденісі жан-жақты еді. Осы ізденістер қызу жүріп жатқанда өмірден жастайынан кетті. Оныњ алдаѓы өмір жолы қандай болар екені белгісіз болып қалды.
Синьяк Сераныњ із кесуші, оныњ негізгі теориялыќ ењбектері кескіндеме µнерініњ мєселелеріне арналса, ал суретшініњ практикалық ењбектері сәндік өнерге жақын еді.
Писсарроға келсек, пуантилист болып ұзақ тұрмады. Өзініњ техникасымен салынған шығармаларды көрмеге қойғанда, суреттерді басқа пуантилист-суретшілерден айыру қиын еді. Писсарро Сераны дарынды талант иесі ретінде көре білгендігінен, дербес өзгешеліктері мен айырмашылыќтарды жою маќсатында, осы кезењде салынған суреттерінен бас тартып, жойып жіберді.
Импрессионизмніњ жаңғырығы барлық Европа елдерін және Ресейге дейін жетті. Ал Францияда импрессионистердіњ шығармаларын сатып алуға асыққан еді. Бірақ, Клод Моне жазғандай «Бастапқыда ресми салондар қоњыр, импрессионизм уақыты келе көк, жасыл, қызғылт ... болды. Бірақ тәтті кәмпитте шоколадта бєрі- бєрі тек кондитерлік өнім ғана болып қала береді »
Поль Сезанн
Уақыт келе заман ағымымен импрессионизмді одан әрі жалғастырып, көркейтіп қана қоймай, әрі мойындалмаған өнерді жалғастыру еді. Ортақ ойлары, алға талпынысы болмады. Олар жеке дара сөз сөйледі, бірақ оларды тек қана бір ғана ұғым біріктірді, олар өздерін «Постемпрессионистерміз» деді. Импрессионизмніњ ењ алғаш шерік қатысушысы, негізін ќалаушылармен жұмыс істеген, олардыњ серігі әрі досы суретші- Поль Сезанн еді. Сезанн өте қатаң сынға алынған еді, ал импрессионистердіњ өздері- Моне, Ренуар, Писсарро- Сезанды жоғары бағалаған еді. Сезанды жоѓары бағалануы, шығармашылыќ ізденістері өзгерсе де өзгермей ќайта бекемденді. 80 ж. басында Сезанн Экске (Прованс)те көп болып, Парижге келуін ќойды.
Баѓына орай µмір сүруіне аќшасы жетер еді. «Мен өзімніњ теориялыќ зерттеулерімді сезіне білгеннен күннен бастап, тыныш ќана жұмыс істеуді бастадым». Сезанды дүниеден безген экскилші деді. Ол тыныш ќана талпыныспен жұмыс істеді, тек өмірініњ соњында µзіне кµмек с±рап келген жас суретшілерге кењестер берген.
1871 ж Сезанн импересионистермен жаќын араласып олармен бірге айналадаѓы дүниені, болмыспен жұмыс істеді. Импрессионизм ел ілімі ол үшін ашылѓан кітап ретінде болды, және ол өзініњ ұстазын Писсаро деп есептеді. Біраќ, ұзаќ ізденістердіњ нєтижесінде натураға деген қарама-қарсы көзқарастар пайда болды. Сезанный кескіндеме (живопись) µнері – бұл ғимарат тұрғызушы сияќты бостандықта жүрген, әлемніњ картинкасын салушы кескіндеме өнері, қарапайым элементтерден тұрғызылған: түстер, көлемніњ формасы, жазықтықтың тереңдігі және картинаның жазық беті, осылардан Сезанн өзініњ әлемін құрайды, бұл әлем сюжеті жағынан қарапайым болғанымен барлығы бейнеленген; Экстегі Сен-Виктуар тауы, тағы да Сен Виктуар тауы, кішкене көпірі бар бөгет, тағы сол көпір, жартастар, үйшіктер, дастархандағы алмалар, шабдалылар және құмыра, дастархан үстінде.
Ақынға ақын, суретшілерге суретшілер бар, ол Сезанн – суретшілердіњ ішіндегі ењ ерекшесі. Суретшілердіњ ізбасарларыныњ әрқайсысы Сезаннан асып кете алмады. Оныњ ењбектеріне зейін ќойѓан єрбір адам рухани дамып кєсіби ойлау ќорына азыќ етеді. Кєсіби емес кµрермендерге Сезанныњ ењбектері бір кµргенде түсініксіз, жалықтырғыш болып көрінеді, адамды еліктіретіндей еш нәрсе көрінбейді. Бір қалыпты қызғылт сары-жасыл –көк түстердіњ үйлесімділігімен табиғат суретіне (пейзаж) түстер береді; - жаслы түс сарғайып, жарықтыњ түсін береді, көк түсі көлењкемен алыс жақты бейнелейді. Оныњ натюрморты дастарханныњ суық көкшіл түсі мен сары-жасыл-қызыл рењктері берілген жеміс салынған ыдыстардан құралѓан. Сезанныњ салған алмасын жеуге ұмтылмайсын, олар қатты, суық нәрседен жасалғандай, құмыра да, жемістер де және дастархан да. Ол шын мєнінде ол жемістердіњ гүлдердіњ муляжын жасағандай. Енді көрермен «Арлекин және Пьеро» көркем «Сюжетін» көреді. Біраќ бұл суретте де түсініксіз, бұнда Пьеронныњ меланхолдығы қайда?
Романтика мен мелодрамасы қайда? Бұл екі бейненіњ адами ара-қатынасы қандай – біреуі көкшіл-ақ, екіншісі қара –қызыл? Бұныњ жауабын таппау – Сезанныњ тапсырмасына кіреді?
Орыс суретшісі Серов Щукинніњ жиналысында Сезанныњ «Арлекина және Пьера» - сын кµріп ұнатпады. Кейінірек мойындаѓанда да бұл «Екі ақымақ» меніњ ойымнан шыќпай ќойды, көз алдымда тұрып, басќаларды бүркеп ќалды. Шын мєнінде Сезанныњ жұмыстарынан кейін кескіндемедегі жаќсы да жаманда шаѓын күштей көрінеді. Сезанныњ пейзаждарында «көңіл күй» жоқ, бірақ-басқа суретшілердіњ пейзаждары, оныњ пейзажымен бірге ұзақ тұрмайтын. Оныњ портреттерінде психологизм жоқ – бірақ олар адамға рухани-физиологиялыќ ќуаттылыќ, күш, беретін.
Вентури айтқандай: «Сезанн салѓан «Шаруа адамы» портрет секілді жеке дарашыл, ескерткіш тєрізді салтанатты. Намыс секілді күшті Сезанныњ майлы бояумен салынѓан суретіне (полотно) ќарай отырып, бұл шебердіњ өзіне тән ұлылығын сезінеміз. Ол бейнелеген суреттіњ өмірлік мінездемесін ањғартпай, кескіндеме µнерініњ басты күрделі мєселелерін айќындатады. Сол себептен Сезанн кескіндемешілер үшін бағаланбайтын, ол Ренуар секілді ќызыќтырмайды, Домье сияќты баурамайды.
Сезанн үшін картина дегеніміз не? Картина – бұл алдамшы болмыс емес, бұл белгілі құбылыстар жайындағы көзқарастар жүйесініњ кµрнекті ырѓаѓы. Концепция картина мен болмыстыњ арасындаѓы қайшылыѓы шешілгеннен кейін туындайды. Болмыс өгерістер мен үздіксіз қозғалыста болады, ол картина жаратылысынан статикалыќ: Сезанн қозғалысты наќты әрі бір ќалыпты жүргізеді. Болмыста – бітпейтін түрлі машаќатты форма, бұларды бір жерге жинау керек; Сезанн кескіндемешілерге кењес береді: «...табиғатты цилиндрмен, шармен, конуспен түсіндіріњдер». Бұл кењесті дәлме дәл түсіну, Сезанныњ ењбекгін дµрекі түрде түсіну еді, - оныњ майлы бояумен салынған суреттерінде стреометриялыќ фигура жоќ, біраќтан кµлемі жаѓы оњайлатылуѓа ұмтылады.
Жартастары кристалл тектес, Жартастыњ жағасындағы үйшіктер куб тәрізді. Автопортреттегі бас қатты шар секілді. Пьероныњ кеудесі конус тектес. Болмыс (натура) – бұл шексіз кењістікте орналасќан табиғаттыњ бір бµлшегіндей.
Золяныњ «Шыѓарма» атты романын оќыѓан Сезанн былай дейді: «картинасы нашар шыќќан суретші өзін-өзі өлтіреді деп батыл ойластырып жіберген. Егер сурет нашар шыќса суретші оны отќа өртеп жібереді де, жањасын бастайды. Сезанн µзінен кейін бітпей қалған ењбектері көп ќалып, өзі жєне басќа жұрт айтатындай «ия бұл осы өзінен кейін қалдырған» асқан үлгі шығарма (шедевр)» дейтін ењбегі қалмады. Не дегенімен Сезанныњ өнерінде басќа суретшілерде кездеспейтін сыр бар еді. Сезанныњ шыѓармалары кескіндеме тарихында ќалды.
Сезанныњ танымалдыѓы өмірініњ соңғы жылдарына келген еді. (Ол 1906 жылы қайтыс болды). Оныњ майлы бояумен салған суреттері қазасынан кейін бағасы жоғарылап кетті. Сезанн басқа суретшілерден ерекше еді. Ол японияныњ өнеріне мүлдем қызықпайтын. Сезаннан кейінгі замандастар сәндік өнермен стилизациямен, ашық түстермен айналысатын, ол бұл Сезаннға жағымсыз ниет тудыратын. Сезанға Гоген, Ван Гог ұнамайтын, ал Тулуз-Лотректі мүлдем елемеген. Сол кезде сол үш суретші постимпрессионизмніњ ењ жоғарғы дәрежесінде еді.
Бақылау сұрақтары: Бақылау сұрақтары:
Голландия сұңғатының ерекшелігі
Портреттік сұңғат
Питер де Хох шығармашылығы
Ян Вермер Делфтский шығармашылығы
Рембрандт шығармашылығы
Франс Халс шығармашылығы
ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Францияда жаңа ағым жайлы айтыңыз
Классизмнің негізі қандай өнер болды?
Францияның реалист суретшілері
Жак Луи Давид шығармашылығы
Жан Огнест Доминик Энгр шығармашылығы
Жан Франсуа Милле жұмыстары
Француз өнерінің романтикалық саладағы ірі тұлғалы суретшісі- Теодор Жерико
Француз суретшісі Гюстав Курбенің шығармашылығы мен өмірі
Рококо қолтумасына тән нәрсе
Рококо ағымыда жұмыс істеген суретшілер жайлы айтыңыз
Академизмнің қалыптасқан кезеңі
Академизмнің қағидалары мен ережелері
Романтизмнің адамзат мәдениетінің дамуындағы тарихи ролі
Бейнелеу өнеріндегі романтизм
Ван Гог шығармашылығы?
Синтизм системасы
Символизмніњ бесігі
Импрессионизмнің негізін қалаған француз суретшілері
Постимпрессионистер шығармаларындағы ерекшеліктер
Жорж Сера және Поль Синьяк шығармашылықтары
Пуантилист суретшілер
Поль Сезанн өнері мен өмірі
№14 Лекция сабағының тақырыбы: Қазақстандағы реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |