1. Сабақтың жоспары:
Қазақстандағы реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуы
Орыс реалистік өнерінің әсері
2. Сабақтың мақсаты: Студенттерге Қазақстандағы реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен орыс реалистік өнерінің әсері жайлы түсіндіру
3. Қысқаша теориялық мәлімет:
Қазақ елі - Қытай қорғаны мен кремль қабырғасының арасында жатқан ұлы ел. Осы шамалар арасында тек қана географиялық шама, яғни мөлшер ғана емес, үлкен көркем өнер дүниесіндегі Қазақстанның мәдениеті де өмір сүріп келеді.
Кәсіби өнер тарихы бұдан жүз жыл бұрын, бұл өңірге жергілікті суретшілердің алғашқы ұстазы болған Н.Г. Хлудов келген кезден басталды. Ол кезде қазақтар әлі де көшпелі халық еді, олардың өнері көшпелі қоғамның мұқтажы үшін құрылды, әрбір киіз үй қолданбалы өнердің жылжымалы мұражайы іспеттес болды. Ресей социалистік революциясының импорты мен жергілікті халықтың деномадизациясы уақыт өте келе Ресей мәдениетінің импортымен күшейе түсті. Содан бері Қазақстанды көркем өнер идеяларымен қамтышу жалғыз өнер көзі Ресей болып келді.
Қазақстанның кәсіби өнері өзінің өмір сүрген бүкіл кезеңінде европалық мектепке бағыт-бағдар алып келеді, Қазақстанға келіп түскен бүкіл ақпарат кеңестік цензураның сүзгіші (фильтр) арқылы өткізіп келді, сөйтіп бүкіл Кеңестер Одағы үшін тұрмыстық өнер схемасын жасап берді. Солай бола тура, Қазақстан үшін өзіндік ұқсастық мәселесі әрдайым өмір сүріп келді. Шеттен алып келінген жаңа кәсіби өнер жергілікті жағдайға бейімделу процесі жүріп өтуі қажет болды. Сонымен қатар игерудің жеделтетілген процесі әлемдік мәдени мұраның жай ғана механикалық тасымалдау ғана емес, ол сонымен бірге әлемді игерудің жаңа тәсімнің ең қиын кезеңі болды.
Кәсіби қазақстандық өнер тарихында бірнеше кезеңдер айқын көрінеді:
А) ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары-кәсіби мектептің негізін қалау кезеңі;
Б) ХХ ғасырдың 50-жылдары қазақстандық кеңестік академизмнің қалыптасу кезеңі;
В) 60-жылдар- «қатаң стильдегі» қазақстандық вариант;
Г)70-80 жылдары-«орындаушы, атқарушылық мектептің» қалыптасу кезеңдері;
Бұл кардиограммада 70-80 жылдардағы ресей мектебінің артықшылықтарына байланысты тыныш кезеңді, 60-90 жылдардағы әлемге кең көзқараспен қараудың қарқынды кезеңін атап көрсетуге болады. Кестенің парабалалық толқындары Қазақстанның өнеріндегі көркем өнер кезеңінің схемасын көрсетеді.
50-жылдары Қазақстанға Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО-да білім алған жас ұлттық суретшілер оралды. Кеңестік мәдениетке бағдар алған ол суретшілер «формасы бойынша ұлттық, мазмұны бойынша социалистік» өнер жасауы қажет болды. Алайда, олардың еңбегіндегі классикалық композициялық схема оны ұлттық мазмұнмен байыту үшін пайдаланылды. Сонымен бірге, тақырыптық картиналарда патриархальды тұрмыста сағынушылық сезім басым болды. Таңданарлық жағдай, «ұлттық форманы» келесі ұрпақ 60-жылдардың суретшілері іздей бастады, ол аға ұрпақтың ашу-ызасын тудырды.
1960-жылдары темір шымылдықта жылылық кезеңмен шайылған онша үлкен емес жарық пайда болды, сол арқылы үлкен әлем туралы ақпараттар ене бастады. Шындығына келсек, білім жинағы уақытпен шектелінді: Гутузо туралы білуге мүмкін болса, итальяндық футиристер туралы білуге тиым салынды, Матисс туралы білуге рұқсат етілсе, Дюшан туралы білуге тиым салынды т.б. Шетелдік суретшілер туралы ақпаратпен қатар көркем идеяларда құндылықты түсіну мен өзінің мәдени дәстүрін бағалау басым бола бастады.
Кеңестік «қатаң стильдің» қазақстандық версиясы оншалықты қатаң болмады, қазақ кілемінің позитивті жүйесі, ұлттық ою-өрнектің ірі дақтары, ежелгі түрік мүсінінің пластикасы мен фактурасы жақын бола бастады.
Айтбаев пен Сариевтің картинасына құрылған, Сидоркиннің ірі модульді графикасына құрылған картиналар пайда бола бастады. Аға әріптестер қазақстандық мектепке бағыт-бағдар құра отырып, ал картиналардан таным алды.
Сонан соң бәрі өз орнына келді. Шеттен келетін ақпарат көзін бітегенмен, «буржуазиялық өнер» туралы ақпарат әлсіз болса да, жәйлап келе бастады.Тек 20-жылдан кейін, ал ақпарат тасқындап келе бастады. 80-90 жылдардағы өнердің негізгі бағыттарының қарсы келуі, шын мәнісінде шығармашылық жылдардағы жекпе-жек, қарама-қарсы тұру жүйесін қайталайды. 70-80 жылдары, тоқырау жылдары деген атпен белгілі болған жылдары Ресей Қазақстан мен әлем арасында жалғастырушы қызметін атқарды. 70-жылдардан бастап Қазақстан өнері 60-жылдардағы суретшілердің шығармаларына арқа сүйеп, ұзақ тежелу жолын бастан кешірді. Бірақта 60-жылдары қажет болған ұлттық идея, 80-жылдардың аяғында револентті емес анахронизм болып келді. Саяси, экономикалық және мәдени жағдай өзгерді.
80-жылдардан бастап темір шымылдықтың ысырылуымен Қазақстанөнері «тиым салынған» идеяларды белсенді түрде өңдеуге кірісе бастады. 1988 жылы ашылған «Тоғысу» деген атпен ашылған бірінші формальды емес өнер көрмесі ХХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы өнердің барлық бағыттарын көрсете білді. Ашыққан суретшілер қазіргі заманғы өнер туралы, плакаттар, журнал бетіндегі суреттер, жарнамалық проспектілер туралы мәліметтердің барлығын қабылдай берді. Сонымен қатар, Мәскеуден келетін ақпарат көлемі қысқарды, журналдар жабылып, суретшілер одағы тарап кетті, ал қазақстан өнеріне оқшау қалу қаупі төнді.
Егемендіктің жария етілуімен, демократиялық реформаларға бағыт алу мен елдің капитализм жолына түсуі елдегі жағдайды біршама өзгертті. Шетелдік фирмалар, дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктер пайда болып, шетелдік сатып алушылар да келе бастады. Көрме залдарына бұрын-соңды болмаған келушілер толқыны ағылып келе бастады. Жаңа көркем өнер жағдайы құрылып, ол өзінің ұйымдасуы жағынан бұрынғыдай принципі жағынан ерекшеленді, енді суретшілер одағы да емес, мәдениет Министрлігі емес, бұдан былай көркем өнер галереялары мен бірлестіктер өздерінің бастамасы мен белгілі бір ортаны құруға, мәдени оқиғаларды ұйымдастыруға әрекет ете бастады.
Алматыда осындай кең ауқымды оқиға «Галереялар шеруі» көрмесінің ашылуы болды, ол еліміздің бас мұражайы- А. Қастеев атындағы өнердің мемлекеттік мұражайында 1995 жылдан бастап жиналады. Ол көрмеге 12-ден 20-дейін галереялар қатысады, соңғы кездері ол көрмеге тек алматылық емес, қазақстанның басқа да қалаларынан галереялар қатыса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |