4. Бақылау сұрақтары:
Қазақстандағы реалистік бейнелеу өнерінің қалыптасуы
Н.Хлудов жергілікті суретшілердің алғашқы ұстазы
Орыс реалистік өнерінің әсері
ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары-кәсіби мектептің негізін қалау кезеңі
ХХ ғасырдың 50-жылдары қазақстандық кеңестік академизмнің қалыптасу кезеңі
60-жылдар- «қатаң стильдегі» қазақстандық вариант
70-80 жылдары-«орындаушы, атқарушылық мектептің» қалыптасу кезеңдері
№15 Лекция сабағының тақырыбы: Қазақстанда кәсіптік бейнелеу өнерінің қалыптасуы барысында ұлттық тақырып ізденістері
1. Сабақтың жоспары:
А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Қ.Телжанов шығармашылығы
2. М.Кенбаев, С.Мәмбеев, С.Романов шығармашылығы
2. Сабақтың мақсаты: Қазақстанда кәсіптік бейнелеу өнерінің қалыптасуы барысында ұлттық тақырып ізденістері: А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, С.Романов жайлы түсіндіру
3. Қысқаша теориялық мәлімет:
Қазақстан өнеріне кәсіби деңгейде дайындалған бірқатар талантты суретшілердің келуімен тығыз байланысты 1950 жыл ұлттық өнер мектебінің жетілген кезеңі болды. Олардың шығармашылығында қазақ кескіндемесі көркемдік құрылысының ерекше эпикоромантикалық поэтикасы мен шығармашылық сана ырғағының ерекшелігін, пластикалық образ жасау жүйесін, қабылдау, сұрыптау және қорытындылау принциптерін анықтайтын дүниетанымның көптеген тұрақты шамалары байқалады. Осы кезеңде Қазақстан өнеріне келген Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мамбеев, К.Шаяхметов, Ж.Шәрденов, Сахи Романов және т.б. кескіндемешілер Ленинград пен Мәскеу қалаларының ең үздік көркемөнер оқу орындарында кәсіби білім алды. Көшпенділердің ұрпағына тән шығармашылық көрініс пен дүниетанымның генетикалық құрылымы ерекшеліктерін еуропалық және орыс мектебінің кескіндемелік тәсілдерін еркін игерумен біріктірген, олар кескіндемеде елдің саяси өміріндегі «жылымықпен» сәйкес келген өздерінің дүниеге және кезеңге қатысты көзқарастарын берді.
Достарыңызбен бөлісу: |