1 Дәстүрлi легитимдiлiк, сол елде ежелден қалыптасқан және халқының санасына әбден сіңген салт-дәстүрлерге сүйенедi. Сондықтан да кейбір елдерде қазiр де хан, сұлтан, патша, шах, әмiр т.б. билiгiн халық қолдайды және заңды деп санайды. Олар билiктің мұрагерлікпен берілуін де дәстүр деп мойындап отырады.
2 Харизматикалық легитимдiлiкте батырлығымен, әділеттілігімен немесе басқа да ерекше қасиеттерiмен көзге түскен адамды басшы етiп жариялайды. Халық сол көсем сонынан ередi және оған сенедi. Мысалы, Мұхамед пайғамбар, М. Ганди, Аятолла Хомени т.б.
3 Ақыл-парасат пен құқықтық легитимдiлiкте саяси билiк сол кездегі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, заңға сәйкес қалыптасады. Мұнда билік легитимдiлiгі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталды. Бұл биліктің демократиялық сайлаумен қалыптасуы деген сөз.
Легитимдiлiктiң алдынғы екi түрi құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшіншi түрі қазiргi дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимдi болу үшін мынадай шарт қажет:
ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшiлiктiң еркiне қарай орындалуы керек, яғни мемлекеттiк билiктiң иесiн төте немесе жанама түрде белгiлi бiр мерзiмге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкiндiк болуы тиiс;
мемлекеттiк билiк конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде легитимдiлiктiң идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәнi билiктi халықтың санасына енгiзiлген идеология арқылы ақтау. Онда билiктi сәйкес келетiн идеологиямен негiздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идеологиялық легитимдiлiк топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкiн. Кеңес Одағында топтық легитимдiлiк кеңiнен қолданылды. XX ғасырдың II жартысында ұлтшылдық легитимдiлiк көп елдерде басымдық танытты.
Билiктiң тармақтарға бөлiнуi. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: |