Саяси жүйелердің типологиясы.
Әр елдiң саяси жүйесi бiр-бiрiне ұқсамайды, дегенмен ұқсастық жақтарын табуға болады, сөйтiп саяси жүйе топтастырылады. Саяси жүйе әртүрлi негiздерде жіктелiнедi:
Сонымен бірге, марксизм саяси жүйенi жiктеуге негiз етiп өндiрiс тәсiлi мен қоғамның таптық құрылымын алды. Марксизм қоғамды бес формацияға бөлді: алғашқы қауымдық, құлиеленуші, феодалдық, капиталистік, коммунистік.
Американдық ғалымдар экономиканың өсу сатысы концепциясы бойынша адамзаттың даму тарихын мынадай бес сатыға бөледi: 1 дәстүрлi қоғам; 2 өтпелi қоғам; 3 алға жылжу қоғамы; 4 индустриалдық қоғам; 5 постиндустриалдық қоғам.
Сонымен бiрге саяси жүйенi басқару тәртiбiне қарай: демократиялық, авторитарлы, тоталитарлы деп те бөледi.
Марксистік тәсілдеме қоғамдық-экономикалық құрылымның түрі, қоғамның экономикалық базисі және әлеуметтік-экономикалық мәдениеттің сипаты сынды түсініктерге сүйенеді. Осыған сәйкес марксисттік типологияда саяси жүйелер:
• құл иеленуші;
• феодалдық;
• буржуазиялық;
• социалистік.
Саяси жүйелерді саяси режим бойынша, билік, тұлға және қоғамның өзара әрекеттесуінің сипаты мен әдістері бойынша жіктеу айтарлықтай кең тараған.
Бұл критерий бойынша мынадай жүйелерді бөліп көрсетуге болады:
• тоталитарлық;
• авторитарлық;
• демократиялық
Француз саясаттанушысы Жан Блондель саяси жүйелерді мазмұны мен формасына қарап жіктейді де олардың бес негізгі түрін бөліп көрсетеді:
1) либералды демократтар саяси шешімдер қабылдағанда индивидуализм, еркіндік, жеке меншік құндылықтарына бағдар ұстанады;
2) коммунистік, немесе авторитарлық - радикалдық жүйелер, теңдік, әлеуметтік әділеттілік құндылықтарына бағдар ұстанады;
3) дәстүрлі саяси жүйелер басқарудың олигархиялық формасына сүйенеді, экономикалық ресурстар мен әлеуметтік мәртебелердің теңдей бөлінбеуіне бағдар ұстанады;
4) популистік саяси жүйелер дамушы елдерде басым көрініс табады, басқарудың авторитарлық әдістерін қолданады, игіліктерді бөлуде көбірек теңдікке ұмтылады;
5) авторитарлық-консервативтік саяси жүйелер әлеуметтік және экономикалық теңсіздікті сақтау, халықтың саяси қатысуын шектеу мақсаттарын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |