Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Антрепренерлік жүйе ерекшелігі



бет31/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
лекция 1-15

Антрепренерлік жүйе ерекшелігі:

  • Ашықтығы;

  • Талаптардың аздығы;

  • Жоғары бәсекелік;

  • Элита құрамының тез өзгеруі.



3. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік функциялары. Саяси көшбасшылықтың қазіргі теориялары. Саяси көшбасшылықтың жіктелуі.
Саяси көшбасшылық - өте күрделi, субъектiлi-объектiлi сипатты және саясаттанудың қызықты мәселесiнiң бiрi. Саясаттың субъектiсi мен объектiсi ретiнде адамдар өздерiнiң саяси мүдделерiмен, құндылығымен, мәдениетiмен әрекет етедi.
Әр дәуiрде, таптар мен әлеуметтiк топтар көшбасшыны қажет еттi, оған әр түрлi талаптар қойды, оның негiзгi өлшемi қызметiнiң нәтижесiнде сол қауымдастықтың сұранысы мен мүддесiн қанағаттандыруы тиiс. Белгiлi француз саясаттанушысы Жан Блондель «көшбасшылық те адамзат сияқты ескi. Ол жан-жақты, қажеттi және онсыз мүмкiн емес. Ол барлық жерде - үлкен және ұсақ ұйымдарда, көше бұзақыларында және жаппай демонстрацияларда бар. Көшбасшылық өмiр сүруi үшiн топтар өмiр сүруi тиiс, қай жерде топтар болса онда көсемдер де бар» - деп жазды.
Адам дамуының алғашқы кезеңдерiнiң өзiнде-ақ оның өмiр сүруi қандай да бiр топтық iс-әрекет пен мiнез-құлық моделдерi қалыптасуынсыз мүмкiн емес болды. Ал, бұл тәжiрибелi, күштi, ақылды, өз қауымдастары арасында сенiмге, беделге ие адамдар жетекшi рөл атқаратын қоғамдық өмiр тәртiбiн таңдауға итермеледi. көшбасшылық қоғам бiрте-бiрте күрделi формаларына көшбасшылық институттарға, топтық көшбасшылық өттi.
Саяси көшбасшылық анықтамалары
 Саяси көшбасшылық феноменi билiк феноменiмен байланысты. Саяси көшбасшылық - бұл билiк қатынасы мен әртүрлiлiгi. Билiк - көшбасшылықтың негiзгi ингредиенттi;
 көшбасшылық - бұл басқармалық статус, әлеуметтiк бағыт, саяси шешiм қабылдаумен байланысты, бұл басқарушы қызмет;
 Саяси көшбасшылық - бұл саяси жүйенiң негiзгi институттарының бiрi.
 Саяси көшбасшылық - бұл тұрақты, приоритеттi және легитимдi, бүкiл қоғамға, ұйымға немесе топқа билiкке ие бiр немесе бiрнеше адамдардың ықпалы;
 Саяси көшбасшылық - арнаулы нарықтық қатынаста жүзеге асатын өзiнше кәсiпкерлiк, онда саяси кәсiпкерлер бәсекелiк күресте өздерiнiң қоғамдық тапсырмаларды шешетiн бағдарламаларымен айырбас ұйымдастырады;
 Саяси көшбасшылық - бұл соңғы нәтижесiнде саяси әрекетке әкелетiн бағыт.
 Саяси көшбасшылық - бұл жетекшi мен халық арасында қалыптасатын қатынас. Бұл қатынас не бiрiгу, не шиеленiс моделдерiмен дамиды.
Сонымен «саяси көшбасшы» категориясы саяси қызмет субъектiсiнiң түрiн /субъект-лидер/, қызмет субъектiсi мен объектiсi арасындағы қатынасты /көшбасшылық/ және саяси институт - көсемдiктiң әрекет етуi мен таратылуы механизмiн бiлдiредi.
Саяси көшбасшылық категориясы екi аспектiнi қамтиды:
1) формальдi басқарушылық-қызметтiк статус, билiктi иеленумен байланысты.
2) субъективтi қызмет, әлеуметтiк рөл атқарумен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет