Көшбасшылық құрылымында үш негiзгi компонент кездеседi: көшбасшының жеке қасиетi; онда бар ресурстар мен құралдар; ол әрекет ететiн және оған ықпал ететiн ахуал /ситуация/. Бұл компоненттер көшбасшылықтың нәтижелiгiне тiкелей ықпал етедi.
Саяси көшбасшылық белгiлерi:
өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң болуы;
қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;
танымалдылық;
көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде қолдауына ие бола бiлу;
өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.
Саяси көшбасшының классикалық типологиясын М.Вебер жасады:
дәстүрлi, адамдар көшбасшылыққа сол қоғамда үстемдiк етушi дәстүр мен әдеп-ғұрыппен байланысы арқылы ие болады;
рационалды-легалды, көшбасшы өз статусын белгiлi бiр саяси шараға /бюрократиялық/ немесе механизмге /сайлау/ қатысу арқылы алады;
харизматикалық, тұрғындар арасында беделiнiң болуы.
Американ зерттеушiсi М.Херманн саяси көшбасшылықтың кең тараған классификациясын ұсынды:
ту көтерушi
саудагер
қызметкер
өрт сөндiрушi
марионетка .
Саяси көшбасшының қызметтерi:
қоғамды интеграциялау, бұқараны бiрiктiру;
тиiмдi саяси шешiмдердi табу және қабылдау;
әлеуметтiк арбитраж және патронаж;
билiк және бұқара коммуникациясы, саяси және көңiл-күйлiк байланыс каналдарын кеңейту, азаматтардың билiктен аластауын болдырмау;
жаңаруды қолдау, оптимизм мен әлеуметтiк энергияны беру, саяси мақсатқа бұқараны тарту;
саяси құрылысты легитимдеу.
Лекция-6. Қоғамның саяси жүйесі.
Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.).
Саяси жүйелердің типологиясы
Саяси жүйенің тиімділігі. Саяси тұрақтылық пен саяси тәртіп, саяси тұрақтылықтың түрлері. Саяси тәуекелдіктің факторлары.
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.
1. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері. Институционалдық, идеологиялық, коммуникативтік, нормативтік және мәдени жүйешіктер арқылы саяси жүйенің құрылымына талдау (Т. Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд және т.б.).
Жүйе ұғымын ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылымға енгізген Л. Фон Борталанфи (1901-1972ж.ж.) болып табылады. Жүйе өзара байланысты болатын элементтердің біртұтас жиынтығы, оның бір элементі өзгеріске ұшыраса, онда барлық тұтастық өзгереді. Жүйе сыртқы және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап беру арқылы дамиды.
Дүниедегі барлық нәрсе белгілі бір жүйеге бағынып, өзара байланыстағы элементтердің жиынтығынан тұрады. Жүйе арқылы құбылыстар бір-бірінен ажыратылады және тұтастық ретінде бір-бірімен әрекетте болады.
Жүйе тұрақтылықтың, беріктіктің белгілі бір қорына ие болуы керек. Бұл қор жүйенің қызметінің, реакциясының, бейімделу деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |