Мемлекет қоғамныи саяси жүйесінің негізгі институты. Мемлекеттік ұйымның шығу тегі, мемлекеттің пайда болуындағы теориялар мен концепцияларды салыстырмалы талдау. Мемлекет туралы теориялар мен түсiнiктер саясаттану ғылымында көптеп кездеседi. Мысалы:
теологиялық теория, оның негiзiн салушылар А. Августин мен Ф. Аквинский мемлекеттiң пайда болуын құдай құдiретiмен түсiндiрдi;
патриархтық теория, негiзгi өкiлдерi Р. Филмер мемлекеттiң пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың мемлекетке дейiн бiрiгуiмен түсiндiрдi;
қоғамдық келiсiм теориясы, (Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж.Ж. Руссо) мемлекет келiсiм нәтижесiнде пайда болады, бұған дейiн «табиғи» алғашқы қауымдық жағдайда өмiр сүрген адамдар ендi соның құрамына кiредi деп есептедi;
«зорлық жасау» теория (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский), бiр елдiң екiншi елдi жаулап алуын тоқтату үшiн мемлекет пайда болды деп түсiндiрдi;
географиялық теория (А. Ратцель, В. Соловьев, Б. Чичерин) мемлекеттiң пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы, жер бедерi және т.б.) өзгешелiктерiмен түсiндiредi;
психологиялық теория, адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттiгi мәңгi бақи тән дегендi айтады;
маркстiк теория, мемлекеттiң пайда болуын жеке меншiк пен таптардың шығуымен байланыстырады.
Мемлекет дегенiмiз белгiлi бiр аумақ шеңберiнде адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар мен бiрлестiктердiң қатынастары мен қызметтерiн ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесiнiң негiзгi элементi.
Мемлекеттiң белгiлерi мен қызметтерi. Мемлекет қоғамның саяси институты ретiнде мынадай белгiлерi арқылы сипатталады, осы белгiлерi арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:
территориялық бөлiнуi, бұл мемлекеттiң материалдық негiзi. Мемлекет территориясы деп әлемдiк кеңiстiктегi аталған билеушi саяси топтардың толық әрекет ететiн бөлiгiн айтамыз. Оған жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңiстiгi, территориялық сулары жатады. Территориямен мемлекеттiң пайда болуы мен жойылуы байланысты. Сондықтан территориялық келiспеушiлiктер ешуақытта да тоқтамайды;
ерекше өкiметтiк аппарат. Оған қазiргi кезде қарулы әскер, шенеунiктiк аппарат, полиция, сот, барлау, қауіпсіздік, шiркеу, баспасөз және т.б. жатады;
мемлекеттiң егемендегi, яғни iшкi және сыртқы iстерiн атқаруға толық тәуелсiздiгi мен дербестiгi;
күш қолдану, зорлықпен ерiксiз көндiру. Ол қылмыс жасағандарды еркiнен айырудан бастап өлiм жазасына дейiн кесе алады;
салық салу. Орасан зор мемлекеттiк аппараты ұстау үшiн халықтан салық жинау;
мемлекеттiң мiндеттi түрде мүшесi, азаматы болуы тиiс.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымдары iшiндегi ең тұрақтысы және оны басқа саяси жүйе элементтерiнен ажырататын қызметтерi бар. Мемлекет қызметтерi iшкi және сыртқы болып бөлiнедi. lшкi қызметi саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтiк, бiлiм берушiлiк, мәдени-тәрбиелiк болып бөлiнедi.
1 Саяси қызметi саяси билiктi жүзеге асырумен байланысты. Бұл қызметіне экономикалық жағынан артықшылыққа ие таптың саяси үстемдiгiн қолдау, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, саяси партиялар, кәсiпқой топтар, қоғамдық институттармен бiрге мемлекеттiк құрылысты қалыптастыру, билiк өкiлеттiлiгiн жүзеге асыру мәселелерi бойынша қарым-қатынасты орнату, қоғам дамуының бағдарламалық-стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерiн түзу, ұлтаралық қатынасты, әсiресе көпұлтты мемлекетте реттеу жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |