Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Режимдер Жабық, монолитті элитамен



бет46/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93
лекция 1-15

Режимдер

Жабық, монолитті элитамен

Жабық дифференцияланған элитамен

Ашық

Қатыспаушы /саяси қатысу/

Дәстүрлі

Авторитарлы-бюрократиялық

Жарысушы олигархия

Қатысушы /саяси қатысу/

Эгалитарлы-авторитарлы

Авторитарлы-инэгалитарлы

Либералды демократия

Сонымен бірге, саяси режим классификациясының негiздерi ретінде көппартиялық, билiктiң тармақтарға бөлiну қағидасы, азаматтық қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасы болып табылған тұжырымдар да кездеседі. Азаматтық қоғам мен мемлекеттiң қарым-қатынасының үш түрi қалыптасқан. 1- мемлекет азаматтық қоғам еркiн орындайды, ол түнгi қарауыл қызметiн атқарады /Дж.Локк, М.Дюверже/. Азаматтық қоғам мемлекеттi азаматтық қоғамды басқаруға жалдайды. Егер мемлекет азаматтардың құқын бұзса, онда оны ауыстыруға құқылы; 2- азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынаста мемлекет оны толығымен иеленедi, өз азаматтарын деспоттық жүйенiң құралына айналдырады; 3- азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынасында тепе-теңдiк бар. Мұнда бiз авторитарлы режимді көремiз. Осы үшеуiнен бiз үш саяси режимдерді демократиялық, тоталитарлы, авторитарлы байқаймыз.


Батыс саясаттанушыларының классификациясы:

  1. либеральды және авторитарлы

  2. демократиялы, автократиялы, аралас

  3. монократиялы /диктаторлы/, директория /ұжымдық басқару/, аралас

М.Дюверженiң саяси режимдері:
1. ағылшын
2. американдық
3. орыс

  1. бiр және көппартиялық

М.Дюверже саяси режимді партия жүйесiне, сипатына тәуелдi жiктейдi /жаппай, элитарлы/, олардың жарғысына байланысты /ерiктi, қатал/ және революциялық, консервативтi, диктаторлы саяси режимдерді атап өтеді.
А.Ориудiң саяси режимдері:

  1. президенттiк /АҚШ/

  2. парламенттiк /Италия/

  3. директория

  4. классикалық тәртiп /Батыс/

  5. авторитарлы

А.Ориу дамушы елдердiң саяси режимін былай жiктейдi:

  1. парламенттiк /плюралистiк партиялық жүйе, жария оппозицияның болуы/

  2. президенттiк /атқарушы билiк басым/

«Конституциялық құқық және саяси институттар» монографиясының авторлары жiктемесi:
өкiлдiлiк түрлерi- ультраөкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай өкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай тiлелей өкiлдiлiк;
дамушы елдердегi саяси режимінің түрлерi- президенттiк /әскери және азаматтық/, парламенттiк /квазипарламенттiк, парламенттiк/.
басқа жiктемесi- социалистiк, прокапиталистiк,бейтарат бағыт /белгiсiз тәртiп/.
Американ ғалымы Р.Гестилдiң саяси режимдері:

  1. ерiктi

  2. бiршама ерiктi

  3. тәуелдi

Ағылшын саясаттанушысы К.Клепхем саяси режимнің үш түрiн атайды:

  1. либералды-демократиялық /Шри Ланка, Ямайка/

  2. дәстүрлi /Неапол, Сауд Арабиясы/

  3. радикалды-дәстүрлi /Египет, Ливия/

Американ ғалымы М.Яновец әскери-азаматтық режимнің бес түрiн ажыратады:

  1. авторитарлы-жеке

  2. авторитарлы-бұқаралық

  3. демократиялы-жарысушы

  4. азаматтық-әскери коалиция

  5. әскери олигархия

Ағылшын ғалымы С.Бойнхен мына саяси режимдерді атайды:

  1. көппартиялы парламенттiк демократия

  2. дәстүрлi монархия

  3. бiрпартиялы жұмылдырушы

  4. аралас

  5. әскери

  6. квазиәскери диктатура

  7. радикалды идеологиялық бағдардағы

Қазақстандық ғалым С.Сәбiкенов «Салыстырмалы мемлекеттiк құқық» атты еңбегiнде саяси режимнің мынадай түрлерiн атап көрсетедi:

  1. Жартылай феодалдық-дiни билiк режимі /Сауд Арабиясы, Иран, Бутан т.б./. Бұл режим екiге бөлiнедi: а) мұнайлы монархия /Оман, Бруней, БАӘ/; б) аграрлық корольдiк /Неапал, Бутан т.б./;

  2. Әртүрлi әлуметтiк бағыттағы елдердегi жеке билiк режимі /Индонезия, Марокко, 1992 жылғы көтерлiстен кейiнгi Алжир, Пиночет басқарған кездегi Чили/;

  3. Әртүрлi әлеуметтiк бағыт ұстанған елдерде болуы мүмкiн тоталитарлық режим. Олар әдiстерi жағынан жиi ұқсас келгенiмен, мәнi, әлеуметтiк мақсаты жағынан қарама-қайшы болады.

  4. Қоғамның өтпелi кезеңi жағдайындағы жартылай демократиялық режим /Румыния, Шри Ланка, Никарагуа, т.б./;

  5. Еркiн, нарықтық экономика елдерiндегi демократиялық режим /Ұлыбритания, Жапония, Бразилия, Австралия т.б./

Саяси режим ұғымының мәнi мен көлемiн анықтайтын өлшемдер мыналар:

  1. мемлекет басшысының саяси басқару жүйесiндегi рөлi, саяси қызметi, орны;

  2. өкiлдiлiк мекемелердiң қалыптасуының тәсiлi мен тәртiбi;

  3. заңшығарушы және атқарушы ұйымдар арасындағы, сонымен бiрге олардың орталық және жергiлiктi ұйымдары арасындағы қарым-қатынас;

  4. өкiлдiлiк ұйым палаталары арасындағы қарым-қатынас;

  5. мемлекеттегi жаншу және күштеу ұйымдарының жағдайы мен қызметi;

  6. үстемдiк етушi таптың мемлекеттiк емес ұйымдарының рөлi;

  7. саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың жағдайы, ықпалы, қызметi.

  8. азаматтардың құқығы мен бостандығының таратылуы.

Саяси режимнің кең тараған түрлерi: демократия, тоталитаризм, авторитаризм.
Демократия: охлократия, либералды-демократиялық, консервативтi.
Тоталитаризм: фашистiк, әскери-фашистiк, тирания, теократиялық, ұлттық-социалистiк, әскери-бюрократиялық.
Авторитаризм: қатал-авторитарлы, авторитарлы-демократиялық, демократиялы-авторитарлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет