Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi



бет54/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
лекция 1-15

Тепе-тең сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi:
1 дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң сайлаушылар мен парламент депутаттары арасындағы байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-канцеляриялық жолмен әзiрленедi, бұл кандидаттың партиялық-аппараттық құрылымға тәуелдiлiгiн күшейтедi. Бұл бюрократиялық шешiм мүмкiндiктерiн күшейтедi, тұрғындардың өкiлдiлiк ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi.
2 тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде қолдаушылары жоқ саяси күштердiң парламентке келуi Үкiметтi құруда қиындықтар тудырады. Күштi партиялардың жоқ болуы, көппартиялық коалициялардың құрылуына алып келедi, бұл партиялардың бағыттары мен бағдарламалары әр қилы, сонда да олар келiсiмге барады. Бiрақ бұл келiсiмдер тұрақты емес, ол Үкiмет қызметiне де әсер етiп, қайшылықтар тудырады.
Мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiн жоя отырып өзiнше бiр аралас сайлау жүйелерi де қалыптасқан:

  • ұсақ партиялар өкiлдiлiгiн шектеу үшiн сайлау өлшемi – шек анықталынады;

  • көпмандатты округ орнына азмандатты құрылады. Сайлауға қатысу құқығы 4-5 партияға ғана берiледi;

  • кандидаттар тiзiмiне партия емес, оның өкiлдерi ендiрiледi, сондықтан дауыс беруде партиялық бағдарламаны емес, жеке адамдарды таңдау жүзеге асырылады.

Ел көлемiнде депутаттық мандаттардың бiр бөлiгi мажоритарлық жүйе бойынша, екiншi бөлiгi партиялық тiзiм бойынша жинаған дауыс негiзiнде бөлiнедi. Сөйтiп, мажоритарлық және тепе-тең сайлау жүйелерiнiң кемшiлiктерiнен айырылып, тек артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туындайды.
Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесi. Заң шығарушы (өкілді) мемлекеттік органдарды сайлауда екі сайлау жүйесі қолданылады. Олар – тепе-тең және мажоритарлық жүйелер. Олардың белгілі бір үйлесімі негізінде дауыс берудің аралас жүйесі қалыптасады.
Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс» 107 депутаттан тұрады. Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда тепе-тең сайлау жүйесі қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Тепе-тең жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Тепе-тең сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың тепе-тең өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Парламентке өту үшін партиялар міндетті түрде сайлаушылар дауысының 7% алуы тиіс, бұл заңнамалық кедергі болып табылады.
Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ.
Сайлау құқығының түрлері:
Жалпыға бірдей сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының он сегіз жасқа толғаннан кейін тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан, немесе кез келген өзге жағдаяттардан тыс, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан азаматтарының, оларға қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттарының депутаты, немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болып сайлану құқығы.
Тең сайлау құқығы дегеніміз сайлаушылардың Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір сайлау бюллетені бойынша бір дауысқа ие дегенді білдіреді. Сайлаушылар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы тең дауыс санына ие. Кандидаттар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен белгіленген шекте сайлауға қатысуға құқылы.
Төте сайлау құқығы – Президентті, Республика Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауы.
Жанама сайлау құқығы – Парламент Сенаты депутаттарын сайлауға таңдаушылардың – мәслихаттар депутаттары болып табылатын Қазақстан азаматтарының қатысуы. Таңдаушылар сайлауға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие. 
Президентті, Парламент пен мәслихаттар депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауда дауыс беру сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да болмасын бақылау жүргізілуіне жол берілмейіндей жасырын болып табылады.
Дауыстарды санау жүйесі.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның «Сайлау жүйелері» деп аталатын 9-бабына сәйкес, Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде дауыс санаудың мынадай жүйесі қолданылады:
Мыналар:

  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған;

  • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидаттар сайланған болып саналады.

Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланады.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.


Лекция-10. Саяси партиялар және партиялық жүйелер,
қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар



  1. Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері.

  2. Саяси партиялардың пайда болуы, қалыптасу шарттары және эволюңияеы. Саяси партиялардың жіктелуі. Билік катынас жүйесіңдегі саяси партиялар, саяси партиялардың мемлекеттік механизмдермен өзара әрекеттесуі. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі. Қазақстандық партиялық жүйелердің даму урдістері және ерекшеліктері.

  3. Қоғамның саяси өмірінде қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда болуы мен эволюңиясы. Қазақстандық қоғамның сяаси өміріндегі қоғамдық қозғалыстардың орны мен рөлі.

  4. Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері. Мүдделі топтар: түсінігі, қызметтері және жіктелуі. Қысым топтары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет