Авторитаризм және тоталитаризм режимдері. Авторитарлы режим- күштi жеке тұлға диктатурасына негiзделген қоғамның мемлекеттiк-саяси құрылысы. Өзiнiң шектен шыққан формасында авторитаризм күштеуге, бiр билеушiнiң /тиран, патша, деспот/ шексiз билiгiне негiзделген режим. Айта кететiн жайт, авторитарлы режим ескi әлеуметтiк-экономикалық құрылыс құлаған кезде, немесе ел дәстүрлi басқарудан өндiрiстiк қоғамға өту процесi барысында пайда болады.
Бұл режим көбiнесе әскерге арқа сүйедi. Ол саяси процеске ұзаққа созылған экономикалық және саяси дағдарысты демократиялық, құқықтық құралдармен жою мүмкiн емес жағдайда араласады. Бұл араласу нәтижесiнде бүкiл билiк саяси лидер немесе белгiлi ұйым қолына жинақталады. Авторитарлы режим өтпелi режим тоталитаризмнен демократияға өту. Сондықтан оның мәнi екi жақты: бiр жағынан ол тоталитаризм белгiлерiн игерген, екiншi жағынан оның iшiнде демократияға тән белгiлердi өндiру процесi жүредi.
Авторитаризмде тоталитаризмге тән белгiлермен қатар өзiндiк ерекшелiктерi де бар, мәселен:
1. авторитарлы және тоталитарлы режимдердің ерекшелiгi, бұл режимдердің мақсат пен тарихи миссияны әр түрлi түсiнуiнде, ол нәсiлдiк артықшылық, /мәселен национал-социализмге тән/, ерекше ұлттық-империкалық, немесе таптық идея болуы мүмкiн. Тоталитаризм барлық уақытта либералды демократияға, капиталистiк экономикалық жүйеге қарсы қандай да бiр упопиялық және қандай да бiр деңгейде халықтың мұң-мұқтажын бейнелейтiн идеяны алға тартты. Сондықтан да тоталитарлы режим өзiнiң iшкi жағдайына бағдар ұстанады, яғни белгiлi бiр елде жетiлген қоғамды құруға талпынады. Бiрақ өзiнiң режимін басқа елге шығаруа да тырысады, мәслен мәдени революция экспорты, ислам революциясының экспорты, әлемдiк революция экспорты т.б.;
2. авторитарлы режим алдыңғы әлеуметтiк құрылысты толығымен жоюды мақсат етпейдi, оның кейбiр кемшiлiктерiн жоюды мақсат етедi. Қоғам өмiрiнiң әр түрлi аспектiлерiн әр түрлi регламенттеуiнде. Егер тоталитаризм қоғм өмiрiнiң барлық саласына утопиялық идеяларды ендiруге тырыса, ал авторитаризм қоғам өмiрiнiң кейбiр жақтарын ғана өзгертуге тырысады. Егер тоталитарлы режим жаңа құндылықтар жүйесiн қалыптастыру мен үгiт-насихаттауға, саясиландырылған, даралық ерекшелiгi басылған ұжымдық адамды қалыптастыруға тырыса, ал авторитаризм бұқараны саясиландырмауға тырысады. Авторитарлы саяси режимде формалды парламенттiк мекеме, партия, билiк бөлiнiсi және т.б. өкiлдiлiк демократия атрибуттары сақталынады. Авторитарлы режим әлеуметтiк шиеленiстердi мойындауы және оған төзуi мүмкiн. Авторитаризм ықпалды қысым тобына төзуi мүмкiн, олардың мүдделерiн, әсiресе экономикалық есепке алуға мәжбүр болады;
3. авторитарлы режим дәстүрлi таптық, әлеуметтiк, сословиелiк, қауымдық, этникалық жiктердi сақтайды, ал ол тоталитарлы қоғамға жат болып табылады. Тоталитарлы режим дәстүрлi әлеуметтiк байланыстарды, әлеуметтiк жiктердi жоюға, яғни тапты бұқараға айналдыруға тырысады. Сөйтiп, өзiнiң әлеуметтiк тамырын жоғалтқан адамдардың үлкен қабаты қалыптасады, олар харизматикалық көсемге сенедi және мойындайды, оның соңынан толық еруге дайын;
4. тоталитарлы режим экономикалық салаға белсендi араласады, оған қатал бақылау орнатады, оны толығымен мемлекеттендiредi айналдырады, ал авторитарлы режим ұзақ уақыт алдыңғы әлеуметтiк-экономикалық қатынасты сақтауға тырысады. Мәселен, Латын Америкадағы авторитарлы режим экономикалық реформаға жетекшiлiк ету үшiн АҚШ-тан мамандар шақырды. Осындай әрекеттердi Оңтүстiк Корея, Тайванда жасап, елдiң экономикалық дамуына қол жеткiздi;
5. Келесi ерекшелiгi авторитаризм мен тоталитаризмнiң билiк құрылымдары әр түрлi болып келедi. Егер тоталитарлы режимде билiк орталығы бiр партия болса жән партиялық ұйымдар бүкiл мемлекеттiк аппаратқа, азаматтық қоғамға, өндiрiс құрылымдарына енсе, ал авторитарлы режимде бұл қызметтердi мемлекет атқарады;
6. Бұл екi тәртiпте репрессия рөлi әр түрлi болып келедi.
Авторитарлы режимнің белгiлерi:
авторитарлы режимде билiктi алып жүрушi бiр адам немесе адамдар топтары болып табылады;
авторитаризмге шексiз билiк тән, азаматардың бақылауынан босатылған;
авторитарлы режим күшке арқа сүйейдi;
авторитаризм билiк пен саясатты монополиялайды, саяси оппозицияға жол бермейдi;
авторитаризм қоғамды тұтас бақылаудан белгiлi бiр деңгейде бас тартады. Саяси емес салаға, ең алдымен экономикаға араласуды шектейдi;
элитаны билiкке әкелу жоғарыдан шешiледi, саяси электоралды бәсекеге жол жоқ.
Авторитарлы саяси режим әлемде ең көп тараған режим болып табылады. Оның түрлерi де өте көп. Бұл монархия, деспоттық, диктаторлық режимдер, әскери хунталар, басқарудың популистiк формасы т.б. Авторитарлы басқару формасы өзiн тануға тек күштеу арқылы ғана емес, сонымен бiрге жаппай манипуляциялау, сонымен бiрге әр түрлi гумандық тәсiлдердi қолдану арқылы да жетедi. Бiрнеше ғасырдан берi олар легитимацияның дәстүрлi және харизматикалық тәсiлдерiне арқа сүйеуде. ХХ ғасырда легитимация мақсатында ұлттық идеология қолданып келдi.
Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген авторитарлы режимдерi өздерiнiң өмiр сүруi мен бағыттарын ұлт азаттығы мен қайта өрлеуi қажеттiлiгiмен ақтап отырды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiнгi көптеген авторитарлы режимдер өтпелi сипатқа ие болды. Олар тоталитарлы немесе демократиялық режимдерге бағдар ұстанды. Мәселен, Ф.Кастроның 1959 жылы орнаған авторитарлы режимі коммунистiк бағдарды ұстанды, сөйтiп тоталитаризмге өттi. Ал, кейбiр мемлекеттерде Чили, Таиланд, Аргентина, Оңтүстiк Кореяда ол демократияға өттi.
Достарыңызбен бөлісу: |