Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері



бет55/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
лекция 1-15

Саяси партиялар және қоғамдык-саяси козғалыстар: ұғымы, мәні, белгілері және қызметтері. Партия ұғымы латынның «pars» деген сөзiнен шыққан, ол бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi. Неміс ғалымы М. Вебер саяси партиялардың дамуының мынадай кезеңдерін атап өткен:

  • аристократиялық үйірмелер;

  • саяси клубтар;

  • көпшілік партиялар.

М. Вебер саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi бойынша қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп алуына, белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке артықшылықтарды иеленуіне қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым деп анықтама берген болатын.
Сонымен, саяси партия дегеніміз саяси билiктi иеленуге немесе мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси партияның негiзгi белгiлерi:
 белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;
 адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ мерзiмдiк, ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi бойынша құрастырылған, жергiлiктiден халықаралыққа дейiн);
 билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын ұстануы;
 саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн бiлдiруi немесе қорғауы.
Саяси партияның құрылымы:
партиялық аппарат;
 қатардағы мүшелерi;
 партия жақтаушылары.
Саяси партияның қызметтерi:
 билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау;
 үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу, анықтау, жинақтау;
 үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және топтастыру;
партиялық идеологияны, қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу;
 қоғамда саяси тәрбие жүргiзу;
 партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi қоғамдық ұйымдарға кадрлар даярлау және ұсыну.
Саяси партия қалыптасуына керi ықпал ететiн факторларға:

  1. партиялардың әлеуметтiк базасының шектеулiлiгi;

  2. партиялардың саяси саланы түсiнуiнiң тарлығы;

  3. партиялардың қаржы тапшылығы жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет