Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси идеяларды дұрыс бағалау мен мәнін түсіну үшін қажетті методологиялық әдіс-тәсілдер



бет9/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93
лекция 1-15

Саяси идеяларды дұрыс бағалау мен мәнін түсіну үшін қажетті методологиялық әдіс-тәсілдер:

  1. тарихтың белгілі бір кезеңінде өмірлік жағдай мен қоғамдық практика қажеттілігі тудырған сұрақтарға жауап беру негізінде теориялар мен идеялар пайда болады, ол үшін сол практикалық мәселелерді терең танып білу қажет;

  2. саяси ілімдерде тікелей немесе жанама болса да қандай да бір әлеуметтік топтардың, әлеуметтік күштердің экономикалық мүдделері көрініс табады;

  3. саяси идеялардың қоғамдық процестегі рөлі әртүрлі болды. Олар жағымды немесе жағымсыз, тіпті реакциялық рөлдерді атқаруы мүмкін;

  4. саяси ілімдердің дамуында дүниежүзі тарихы дамуының ішкі логикасы бар. Сонымен бірге, осы елде қалыптасқан ұлттық, тарихи жағдайлар позициясы тұрғысынан да қарау керек.



2. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель).
Қытайдың саяси iлiмi тарихында конфуцизм iлiмi маңызды рөл атқарған. Оның негiзiн қалаған б.з.д. 551-479ж. өмiр сүрген қытайлық ойшыл Конфуций болды. Оның көзқарастары шәкiрттерi құрастырған «Лунь юй» (Әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабында жинақталған. Бұл кiтаптағы даналық туралы ойлар өз мәнiн осы уақытқа дейiн жойған жоқ. Ол даналыққа үш түрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол – санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – тәжiрибеден тәлiм алу, – деп жазады. Оның негiзгi идеялары:

  1. мемлекеттiң патриархалды-патерналистiк концепциясы;

  2. аристократиялық билiк концепциясы;

  3. қайырымды билiк концепциясы.

Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы болады дейді. «Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. Оның басталуы мен аяқталуын анық білген адам ақиқатқа жақын тұрады» – деп жазады.
Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель. Ежелгi Грецияның саяси iлiмдер тарихында өте бай материалдар жинақталған. Антикалық дәуiр ойшылдары қоғамдық өмiрдi, оның саяси құрылысын талдап, саяси сананы мифтен теорияға ауыстырды. Ежелгi грек ойшылдарының көрнектi өкiлiнiң бiрi – Платон б.з.д. 427-347 жылдары өмiр сүрдi. Ол саяси ойларын «Саясат», «Мемлекет», «Заңдар» атты еңбектерiнде айтты. Мемлекет пен заңдарға деген мұқтаждықты Платон адамдардың өздерiнiң қызығушылықтарын қанағаттандыруға, қоғамдық идеалға жақындауға деген талпынуларымен түсiндiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет