Демократия концепциясы, оның негiзiн салушы А. Токвиль. Демократия концепциясы негiзiнде құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер қалыптасты.
Бюрократия концепциясының дамуына М. Вебер, Р. Мертон, С. Липсет еңбектерi ықпал етті. Олар еңбектерiнде бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді. Бұл теориядағы маңызды нәрсе бюрократиялық билiктi заңдастыру және демократиямен қарым-қатынасы туралы мәселе болып табылады.
Тоталитаризм концепциясы. Тоталитаризм мәселелерi немiс-американ ғалымы Х. Арендт, австро-американ ғалымы Ф. Хайек, орыс ғалымы Н. Бердяев еңбектерiнде жазылды.
Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.
Саясаттану ғылымының зерттеу әдiстерi мыналар:
Жүйелiк әдiстiң мәнi саясатты бiр тұтас, күрделi организм, өзiн-өзi реттеушi механизм, қоршаған ортамен кiрiс (талап, мүдде) және шығыс (саяси шешiм) арқылы байланыста болатын тұтас жүйе ретiнде қарастыруында.
Салыстырмалы әдіс ұқсастық белгілері бар саяси нысандардың екі және одан да көбірегін өзара салыстырудан тұрады. Салыстырмалы әдіс салыстыру арқылы әртүрлі саяси жүйелердің, саяси құбылыстардың жалпы және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды бұрынғы, қазіргі және болашақ байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді.
Бихевиористiк тәсiл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мiнез-құлықтарына қолдау жасау арқылы зерттейтiн тәсiл. Бихевиористiк тәсiл төмендегiдей негiзгi топтарға сүйенедi:
саясаттың басты субьектiсi адам болып табылады;
саяси құбылыстарды зерттеуде жеке адамдардың саясатты түсiнуiне, мойындауына, саяси сенiмiне немесе саясаттың бұрыс, дұрыстығына көзiнiң жетуiне негiзделедi;
мұнда адамның саясаттағы санасы, психологиялық себептерi жетекшi рөл атқарады;
адамдардың мiнез-құлқын белгiлi бiр модулдерге бөлуге негiзделедi. Олар саяси процестерге қатысушы жеке адамдардың және топтардың саяси мiнез-құлқын алдын-ала бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бихиевиористiк тәсiлдiң екiншi бiр ерекшелiгi адамдардың саяси iс-әрекеттерiне ерекше мән бередi.
Достарыңызбен бөлісу: |