5 Саяси өмiрдi жетiлдiру қызметi. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негiз болады. Оның көмегiмен заңшығарушы, атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешiмдер алдын-ала тексерiлiп, зерттеледi, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыда талданады. Солардың негiзiнде кейбiр саяси институттар жойылып, оның орнына бүгiнгi талапқа сай басқалардың келуiн негiздейдi, мемлекеттiк басқарудың қолайлы үлгiлерiн, саяси шиеленiстердi шешудiң тиiмдi жолдары мен әдiстерiн iздестiредi.
6 Болжау қызметi. Саяси зерттеулердiң құндылығы саяси процестердiң үрдiсiн сол күйiнде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгiлi бiр саяси жағдайларда алдынғы қатарлы, озық саяси өзгерiстер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиiс. Қазiргi кезеңде қоғам өмiрiнiң қай саласына болмасын жүргiзiлетiн реформалар үшiн қолайлы саяси және т.б. жағдайлардың бар немесе жоқтығын анықтау сияқты жауапты мiндеттер осы ғылымға жүктелген.
Бұл қызметтерiн қоғамда саясаттану мына мiндеттерiн орындау арқылы жүзеге асырады:
қоғамдық-саяси күштердiң бiрiгуi қағидаларын, жолдарын, жағдайын анықтау;
саяси жүйенi демократияландырудың негiзгi бағытын, формалары мен әдiстерiн әзiрлеу;
құқықтық мемлекет пен өзiн-өзi басқарушы мемлекеттiк құрылысқа өтудiң ең тиiмдi жолын анықтау;
ұлттық-этникалық шиеленiстердi, қоғамдық ұлттық-мемлекеттiк құрылысты шешудiң жетiлген жолдарын белгiлеу;
азаматтардың саяси мәдениетiнiң теориялық және практикалық аспектiлерiн зерттеу, адамдарды әлеуметтiк-саяси жауапкершiлiк рухында тәрбиелеу жолдары мен формаларын анықтау;
халықаралық қатынастардағы жалпы адамзаттық және мемлекеттiк мүдделердiң тиiмдi қойылуын анықтау.
5. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.
Қазақстан тәуелсiздiгiне қол жеткiзген уақыттан берi көптеген ғылыми мәселелерге түбегейлi жаңаша қарауға мүмкiндiктер туды. Соның бiрi – саясаттану ғылымының көтеретiн мәселелерi тiкелей қоғамымыздың саяси қауiпсiздiгiн, саяси дамуын теориялық тұрғыдан қамтамасыз етiп отырады. Жалпы мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы үшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы өркениеттi елдердiң үлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға көшуiнiң көрiнiсi. Қоғамымыздың саяси жүйесін жетілдіре түсу үшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси институттардың қызметінің негізгі мазмұнын да құрайтын құбылыс. Демократиялық саяси мәдениет – бұл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды өркениетті тұрғыда шешуге арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саясаттану пәнiнiң мақсаты – жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне көшiру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси көзқарастарының iргелi негiзiн құрайтын, қоғамдағы бiрлiктi, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамыту. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi өтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ұстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы саясаттың сыр сипатын, қилы құбылыстарды жете ұғынуға, басқа адамның құқықтарын қадiрлеуге, өркениеттi түрде өзiнiң мақсат мүддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану жас мамандарға саяси қажеттiлiктерiн мемлекет тарпынан iске асырудың жолдары мен әдiстерiн дұрыс таңдауға, демократиялық тәртiптердi және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседi. Саясаттану саяси төзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жөнiнде хабарлар етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |