Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар



бет11/12
Дата06.03.2024
өлшемі51.9 Kb.
#494483
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Филос

Оқытудың әдістері мен түрлері: Топпен жұмыс, learning and study, сын тұрғысынан ойлау, миға шабуыл, кейс-стадий, дамыта оқыту әдісі.
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей (90-100 (А; А-) балл):

  • Білім алушыдан – философияның теориялық мазмұнын, оның негізгі мәселелерін, сонымен қатар оқу жоспары шеңберінде философияның негізгі дамуының кезеңдерін жоғары деңгейде білуді талап етеді;

  • зерделеуге ұсынылған көрнекті философтардың философиялық мәтіндерінің идеялық-әдіснамалық мәнін теориялық мазмұнын терең білу;

  • философияның негізгі функцияларын олардың бірлігінде түсіну және философиялық білімді жаратылыстану, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талдауға қолдана білу;

  • философиялық ұстанымдардың мазмұнын нақты ғылыми материалмен, тарих фактілерімен және қазіргі қоғамдық өмірмен органикалық байланыста логикалық және дәйекті түрде бере білу;

  • қазіргі Батыс және Шығыс философиясының негізгі бағыттарын білу, балама философиялық, діни және ғылыми тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдай біледі.

Орта деңгей (70-89 (В+; В; В-;С+) балл):

  • Білім алушы бағдарламалық материалды нық меңгерді;

  • негізгі әдебиеттер бойынша біліміне сүйене отырып, сауатты және орынды баяндайды; елеулі дәлсіздіктерге жол бермейді;

  • алған білімін болашақ мамандығының практикалық қызметімен байланыстырады; ғылыми ұстанымдарды дәлелдейді; қорытындылар мен жалпылаулар жасайды; философиялық категориялар жүйесіне иелік етеді;

  • Курс материалын жақсы теориялық деңгейде білу, әлемдік философиялық ой-пікірдің дамуының логикасы мен мазмұнын түсіну, нақты мысалдар мен фактілер келтіре біледі.

Жеңіл деңгей (50-69 (С;С-; D+; D-) балл):

  • Білім алушы тек бағдарламалық материалды меңгерді, тек негізгі әдебиеттерді білуге ​​сүйене отырып, оны мазмұнды түрде баяндайды; философиялық білімді іс жүзінде қолдануда қиналады;

  • ғылыми ұстанымдарды әлсіз дәлелдейді; қорытындылар мен жалпылауды тұжырымдау қиынға соғады; - негізінен философиялық категориялық аппаратты меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет