Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар



бет9/12
Дата06.03.2024
өлшемі51.9 Kb.
#494483
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Филос

2. Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі Грекияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл – Протагор (б.д.д. V ғ.) болды. Негізгі еңбектері – «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардың мөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.
Сократта, Аристотельде софистік білімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып – софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы данышпандық. Ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.
Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп аталады. Сократты сонымен қатар антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Сократ қарапайым түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды. Қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін тағы да, алдын – ала дайындалған сұрақтар қояды. Сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл кекесінмен қарсыласын менменшіл өзім білем деген сияқты пікірінен толығымен арылтады. Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол – Майевтика деп атайды. Майевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Олай болса Сократ жалпыға қарай ой түзеп индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен ол ұғымның не екенін әлі сол Сократтың өзі де білмегендіктен ол: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» деген қағиданы айтқан.
Осыдан келіп ол екінші қағиданы ұсынады. Ол: «Өзіңді өзің танып біл». Өзіңді өзің тану деген, өзіңді қоғамдық әдептілік тұлға ретінде қалыптастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты.
Сократтың өлімі сол кездегі философия саласына үлкен әсер еткен тарихи процеске айналды. Ол өзінің өлімі арқылы (ол соттың үкіміне байланысты өзі у ішіп өлді.) өзі уағыздаған философиясының шындықпен, ақиқатпен сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырым, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ой түрткі болды.
Б.з.д. ІV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықты көрінісін беретін екі философиялық жүйе – Платон және Аристотельдің жүйелері қалыптасты.
Сократтың философиясын дамытқан идеалист Платон (б.э.д. 427-347ж.ж.) Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясында және бүкіл одан кейінгі философиядағы өзара қарама-қарс екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша, болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінді. Шын дүниеге жалпы идеялар - идеалдық мәндер жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды. Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүниесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.
Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы парменидтікіндей біртұтас болмыс емес керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша бір тектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қатынасты емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, немесе бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады.
Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлімін қосып, байланыстырады ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Шынында да, ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: бірінші – өзіне өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтіруші. Әлемдердің пайда болу себебі – демиругтің жігері. Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық дәлелімен ұштасып жатты: жеке мен көптің, тепетеңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет