Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуына негіз болған тарихи алғышарттар



бет2/12
Дата06.03.2024
өлшемі51.9 Kb.
#494483
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Филос

2. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар, санкхья және т.б.
Жайнизм. Жайнизм б.д.д. ІV ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасырларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда, 24 ұстаз (тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы – Махавира Джина (джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі «Сидханта» деген еңбекте ( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруінен) құтылу қажет. Материалды қабаттан құтылған жан ғана мокшаға (жанды қасіреттен азат ету мүмкіндігіне) жетеді, өзін құтқарады, тіпті толық жалғандықтан босануға икемделінеді, нирваналық күйге енеді. Жайнизмде материя дегеніміз жұқа қабаттан тұратын карма немесе кармаға жабысқан тұрпайы нәрселер. Осы тұрғыдан алғанда, дүние мәңгі, өзгермейтін екі нәрседен – дживадан ( жан, рухани бастама) және адживадан (тірі емес, жансыз, материалды бастама) тұрады. Әрбір жайнизм дживадағы, тіршілігі бар ортаға ұмтылады, өйткені ол – жетік, белсенді. Тұтас дүниеде джива карма арқылы (әділ жаза арқылы) адживамен (тіршілігі жоқ кеңістікпен) байланысады. Джива карма арқылы мәңгі, үздіксіз түрленеді, денелердің айналымын құрайды.
Жайнизмнің ұстаушының бірінші міндеті – карманың ағымын тоқтата алу, екіншісі – карманың қалдығын сарқу, одан арылу.
Жайнизмде мокша тіршілігі бар және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі – денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен тіршілігі жоқтардың біріктірудің негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды.
Сансардан азат болу үшін «үш қазынаны» сақтау керек. Ол дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім - тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық – тазалықты, шындықты, сабырлықты т.б. сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады.
Жайнизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл ( перілер), ортаншы қабатта жер, келесі қабатта – құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта – құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Жайнизм пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан құдайға емес, 24 тиртханкарға (әулилер) және жындарға сену керек.
Жайнизм кейіннен, дигамбар және шветамбр деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге Үндістанда қазірдің өзінде көптеген адамдар сенеді.
Буддизм. Буддизмнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. шакья ( сакья) тайпасынан шыққан князьдің баласы Сиддхартха Гаутаманың ( б.д.д. 563-483ж.ж.) есімімен тығыз байланысты. «Будда» термині «жарқырау», «сергу», «жадырау» деген мағынаны білдіреді.
Буддалық ілім бойынша, өмір – қобалжу, азап, өмірге келу мен қарттық, ауру мен өлім, сүйгеннен арылу мен сүймейтінмен бірге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған тілек – мұның бәрі де азаптың көрінісі, әрі жалғасы. Адам қанша әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды.
Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартыну керек, жер бетіндегі әуреліктен арылу дұрыс. Азаптан арылудың осындай жолын тапқан нирванаға жетпек.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет