Лекция тақырыбы: Кіріспе. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік


ЛЕКЦИЯ Тақырыбы: Шешендік сөздер



бет12/21
Дата20.09.2022
өлшемі132.02 Kb.
#461001
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
ХАӘ лекция

7 ЛЕКЦИЯ
Тақырыбы: Шешендік сөздер.
Жоспары:

              1. Шешендік сөздердің туу, таралу ерекшеліктері.

              2. Шешендік сөздерді тудырушы тұлғалар, олардың шығармашылық ерекшеліктері.

              3. Шешендік сөздердің жанрлық түрлері.

              4. Шешендік сөздердің көркемдік ерекшеліктері.

Қазақ фольклорындағы дидактикалық жанрлардың көлемі мен мазмұны алуан түрлі. Оған термеші, шешендік сөздерді, қанатты және нақыл сөздері және мақал-мәтелдерді жатқызуға болады. Бұның ішінде біз мақалдар мен мәтелдерді өзінің құрылысы мен көлемі жағынан туыстас жұмбақ, жаңылтпаш сияқты шағын жанрлармен бірге қарастырып өткенбіз.


Дидактикалық мазмұнындағы шығармалар, негізінен алғанда, ақыл-өсиет насихат түрінде болып келеді. Бұларды негізгі ой, қорытынды-тұжырым дайын күйде беріледі. Халық дидиактикасында кең түрдегі суреттеу өте сирек ұшырасады. Бірақ нақты бір өмірлік құбылыстарды салыстыра отырып тұжырым жасау тыңдаушысының көңіліне сенім ұялатады, күмәнсіз иландырады. Олардың өзіндік ырғақтары мен ұйқастары есте сақтаудың механизімін жеңілдетеді.
Осы орайда, дидактикалық жанрларда ырғақ пен ұйқастың болуына қарамастан, оларды поэзиялық туынды деп есептелетінін айта кету керек. Фольклортануда қалыптасқан бұл тұжырым халық түсінігінен келіп шыққан. Қазақ халқында 7-8 буынды және 11-12 буынды силабикалық өлшемдегі туындыны ғана поэзия үлгісі деп есептеу дәстүрлі түсінік болып қалыптасқан. Әрине жыраулар поэзиясының үлгілерінде жыр жолдарындағы буын әркелкі кездесіп отырады.Бірақ олардың да өлшемдік қалпы 7-8 буынан тұрады. Бұл жөнінде алдағы тарауларда тоқталамыз. Ал 7-8 буынан кем өлшемдігі тармақты туындыларды халық поэзия үлгісі деп есептелмей, мәнерлеп сөйлеуге лайықты форма деп қабылдаған. “Мақал сөз”, “Нақыл сөз”, “Қанатты сөз”, “шешендік сөз” деген сөз қолданыстарынан осыны байқауға болады. Мәселен, “шешендік жыр”, “шешендік өлең” деген атаулар мүлдем қолданылмайды.
Біз жоғарыда “жыр” атауының негізгі екі мағынада қолданылатынын айтқанбыз. “Өлең” сөзінің де осындай әркелкі 4 түрлі мағынасы бар. 1) ән өлең, ән салып шырқып айтатын музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды. Мұнда әннің мәні сөзбен басымырақ келеді. 2) Жеңіл әуенмен айтылатын ауызша поэзия туындысы, яғни фольклор жанры ретінде айтылған лирикалық өлең түрі. 3. Оқылатын жазба поэзия туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. 4) Тармақтары 11-12 буыннан тұратын а а б а түрінде ұйқасатын поэзия үлгісі. Бұл жердегі екінші және төртінші мағына бір-бірімен тығыз байланысты, яғни фольклор жанры ретіндегі өлең төртінші мағына ретінде көрсетілген пішінде ғана өмір сүреді. Сондықтан атау бұл екі мағынада қолданылғанда оған “қара” сөзі қосылып, “қара өлең” деп айтылады. Мұндағы “қара сөзі әрі қарапайым” дегенді, әрі “қасиетті”, “Көнеден келе жатқан” дегенді білдіреді.
Дидакикалық жанрлар сирек те болса 7-8 буынды жыр үлгісіне құрылғанымен, 11-12 буынды қара өлең түрінде кездесе бермейді. Дидактикалық жанрлардағы әрбірінің өзіне тән құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері бар.
Насихат-өсиет түрінде болып, келетін терме жанры, ең алдымен адамгершілік, әдеп т.б кеңестер тізбегінен тұратын мазмұнымен ерекшеленеді. Термеде әр түрлі сипаттағы ақыл, өсиет, өмірлік бақылаулар тұрақты логикалық бірізділінсіз-ақ, нақты бір тәртіпсіз-ақ беріле береді. Мұныда жеке бір жыр жолы немес мағыналық жағынан біріктірілген екі тармақ, кейде бірнеше жол өз алдына дербес мазмұнды иеленеді. Олар бір-бірімен буын саны және ұйқысы жағынан, сондай-ақ кейбір сөздердің қайталанып келуі жағынан біріктіріліп, тұтас бір шығармаға айналады. Бірақ олардың шығарма ішіндегі мағыналық дербестігі білігіп тұрады. Бір нәрседен екінші нәрсеге еркін ауысып отыру термеге айрықша тән қасиет. “Терме” атауы да осыған байланысты шыққа. Түбірі-“теру” етістігі. Терме ежелгі, нұсқалы сөздерді, ойларды теріп айту сипатында көрінеді.

Мысалы.
Тас қамалдың қадірін


Қазақ емес, сарт білер;
Шап айылдың батқанын
Иесі емес ат білер:
Ер жігіттің қадірін
Ағайыны емес жат білер:
Тәуекел етіп іс қылсаң,
Тәекел емес, бақ білер;
Базар барып мал сатсақ,
Базар емес, нарық білер;
Кімнің жақсы болмағанын,
Кімнің жақсы болмағанын
Бір жаратқан хақ білер.
Көріп отырғанымыздай, мұнда әр түрлі өмірілік құбылыстар, жағдайлар туралы айтылып тұр. Олар тармақ соңындағы сөздік қайталаулар мен ұйқас арқылы бірігіп тұо. Сондықтан терме ішкі бөліктерге оңай бөліп олар өз алдына дербес күйде де қолданыла беруі мүмкін. Ішкі бөліктің кейбірінің түсіп қалып айтылуы терменің өзге бөлімлерінің мазмұынына нұқсан келтірмейді. Жекелеген тармақтардың мұндай дербестігі термеге тың тармақтарды оңай қосуға да мүмкіндік береді. Тек қана таңынан қосылатын бөлім тармақтардың буын саны және ұйқасуы жағынан өзі қосылған термеге сай болуы керек. Терме әдетте 7-8 буында жыр түрінде айтылады.
Терменің ішкі тармақтары бөлек айтылу барысында мақал-мәтелге айналып кетеді. 7-8 буынды жолдан тұратын мақал мен мәтелдердің көбі терме негізінде пайда болғанын байқауға болады. Кейде керісінше, терминде бұрыннан келе жатқан мақалдар, мәтелдер жиі қолданылады.
Қанатты сөздер мен нақыл сөздердің көбінесе авторлары белгілі болады. Бірақ олардың ауызша таралуы фольклорға тән. Өзінің құрылысы мен көлемі жағынан қанатты сөздер мақал-мәтелге жақындаса, нақыл сөздер термеге ұқсайды. Мәселен, Абайдың “Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей” деген қанатты сөзін ақын шығармашылығы мен жақсы таныс емес кісі мақал деп ойлауы мүмкін. Өйткені бұл сөзді жалын көпшілік жақсы біледі. Ал нақылдық термеден айырмашылығы-оынң көлемі мақалдан ауқымдырақ болғанымен термеге қарағанда шағындау. Сондай-ақ нақыл сөздің терме сияқты 7-8 буынға құрылуы шарт емес. Бұл жағынан ол шешендік сөздерге жақын.
Авторы белгілі болғанымен, қанатты және нақыл сөздері әдеби туынды дегенмен көрі фольклор үлгісі деп есептеген дұрыс. Өйткені ол белгілі бір шығармашылық иесінің тұтас күйдегі туындысы емес, соның бір бөлшегі. Оны таңдап алатын да, ауыздан таратын да халық.
Термеге ұқсас жанрдың бірі-толғау. Бірақ толғауда қоғамдық-әлеуметтік сарындар басым болса, Термеде күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар сөз бола берді. Оның үстіне толғауды даралық шығармашылыққа тән сипаттар басым. Сондықтан оны авторлы туынды ретінде, әдебиет тарихына қатысты қарастырған дұрыс. Ал кені оны айтушы нақты жағдайға байланысты шығармайды, Халық алдында бұрынан айтылып жүрген дайын афоризмдерді теріп айтады. Терменің көлемі де әркелкі бола береді. Шағын шумақтардан түзілген тармақтарға дейін айтылатын термелер де бар.
Нақты бір өмірлік жағдайға байланысты айтылған шешендік сөздер- дидактикалық жанрлардан кең тараған бір түрі. Шешендік сөздер көбіне түрлі тартыстар мен адамдар арасындағы қақтығыстардан туындаған. Даулы, қарама- қайшылықты өмірдік жағдайларда дауласқан адам немес дауды шешуге келген кісі өздерінің дәлелдері әсерлі, нанымды болуы үшін сол жағдайы деген қатынасын барынша көркем формада- жеткізген. Келтірілген дәлелердердің нанамыдылығы, айтылып сөздің тапқырлығы мен дәлдігі көп жағдайда оқиға дамуына өз ыөпалын тигізіп, дау жанжалдың тоқтауы болып отырған. Олар кейде кездейсоқ жағдайда пайда болса да, дәлелділігімен, мағынасының тереңдігнімен тыңдаушыны таң қалдырып отырған. Сондықтан да ол халық жадында ұзақ сақталған.
Шешендік сөздердің негізгі тудырушылары билелер мен шешендер. Билер –Алтын Орда кезінде және одан бұрынғы тайпалық көшпелі мемелекеттер тұсында, кейінгі Қазақ хандығы дәуірінде мемлекет ісіне араласушы тұлға.
Билерді халық силайтын болған. Олар халық сөзін сөйлеп, хандарға өз ықпалын жүргізіп отырған. Ескі қазақ өоғамында елді басқарған хандар Шыңғыс хан ұрпағынан, яғни Төре тұқымынан сайланатын болса, билер қарапайым халықтың ортасынан шыққан. Олардың қоғамдық функциясы жырауларға ұқсас болған бірақ жыраулар, көбіне, мемелекеттік әскери істерімен байланысты болса, билердің іс әрекеті бейбітшілік мақсатта жүргізілген. Олардың сайлау үлгісі де өзгеше болды. Жыраулар толғау түрінде ой айтса, билердің сөйлеу құрамы-шешендік сөздер болды.
Би- мемелекеттік дәреже болса, шешендік- жеке адамаға тән қасиет. Қазақ халқында ойы ұшқыр, тілі шебер адамды “шешен” деп атаған. Бұл сөз қарақалпақтар мен ноғайларда да осы мағынада жұмсалынады. Ал башқұрттарда “СЭСЭН” сөзі арқылы сурып салмалық қасиеті бар ақын және эпос айтушысын айтады. “СЭСЭН” , “чеген”, “цсцн” сөздері түркі халықтарында ғана емес, маңғол, тұнғыс-манчжур халықтарының көбінде “ақылды, дана адам” деген мағынада жұмсалынады. Бұдан бұл сөздің көне замандардан келе жатқандығын білуге болады.
“Би” мен “шешен” сөздерінің үнемі қатар қолданылатын байқауға болады. Кез келген шешен адамның би болмауы мүмкін, бірақ әр бір бидің шешен болуы шарт. Тіпті ірі мемелекттік істерге араласпай ақ адамдардың және көшпелі қоғамда аса қадірлі мал жылқының жеке қасиетін, болашағын болжап айтатын сыншылардың да шешендік өнерді меңгеруі қажет болған. Билік дәрежесі жоқ қарапайым шешендер де ел ішінде көп болған.
Шешендік өнер қазақ халқында кейінгі замандарға дейін, тіпті ХХ ғасырдың орта шенінде дейін жақсы сақталып келді. Көшпелі түркілерде дамыған бұл өнер түрі қарақалпақтар мен ноғайларда дәл қазақтардағы дай дами қоймады. Оның ең басты себебі- қазақтардың ел басқару жүйесіндегі хан мен би оппозициясы беріге дейін (XІХ ғасыр) келіп жетті және ХІХ ғасырдың екінші жартысында басқару жүйесінің күрт өзгеруіне орай жер дауы мен жесір дауы көп болды.
Тарихи көне замандарға кетеді. Майқы би, Аяз би (ХІ-ХІІ ғғ) , Мөңке би (1207-1259), Едіге би (1354-1419), Әз-Жәнібек (1406-1473), Қадірғали билер (1530-1605) қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезінде өмір сүрген болса, Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек билер Қазақ хандығының беркітігін нығайтуға орасан үлес қосқан. Сондай-ақ Жеренше сияқты қарапайым шешендер де көне замандардан бері халыққа танымал болып келген.
Шешендік сөздер түрлі жағдайларда айтылған. Соған байланысты оның жанрлық түрлері де айқындалады. Ол шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау деп үшке бөлінеді. Шешендік сөздердің композициялық құрылысы түсінік сөз деп аталатын екі бөліктен тұрады. Өмірде шешендердің өз аузынан айтылған көркем сөз үлгілері композициясының құрылымынан түртінді сөз болып орын алса, оның ауызша таралу барысында сол сөздің айтылу себебін, мезгілі мен мекені,айтушылар жөніндегі мәліметтерді қамтитын комментарии түріндегі сөз түсінік сөз болып орын алады.
Шешендік сөздердің ішінде ең көп тараған әрі қызықты түрі – шешендік дау. Шешендік арнау мен толғау жеке тұлға аузынан айтылған бата, тілек, әзіл, толғау түрінде болса, шешендік даулар феодалдық қоғамға тән қылмысты, азаматтық істерді шешуге арналады. Ол жер дауы, жесір дауы, мал дауы, ар дауына құрылуы мүмкін. М. Әуезов шешендік дауды “билер айтысы” деп атаған. Шынында да айтылу формасы жағынан ол айтыстарға ұқсайды.бірақ айтыстар көркемдік мақсат үшін айтылса, шешендік дау өмірлік мәселелерді шешу үшін айтылады. Сондай-ақ оның көлемі айтыстан шағындау және сөздің айтылу үлгісі поэзиядан көрі қара сөзге жақындау болады. Түйінді сөз астары ауыспалы мағынада жұмсалынады. Көпке белігілі шешндік сөздің бір үлгісінің түсінік сөзін курсив арқылы бөліп көрсете отырып, ондағы басты ерекшеліктерді таныта кеткеніміз жөн. Мысал: “Өзі дулет, ұлы жүзедегі бір ханға барып отырып, қоңырат Мырзан би ханға сөз бермей, жалғыз сөйлей беріпті. Мирзан баласыз кісі екен”. Соны айтып тоқтатпақ неитпен дуалттың бір шешені айтыпты:

  • Жалтақтап сөйлейсің

Жалғыз ақ адамша,
Көтеріліп сөйлейсіңъ
Көмегі жоқ адамша.
Құйрығы жоқ шолақ Мырзан
Құлағы жоқ шұнақ Мырззан
Жалғыз өзің сөйлейсің бе?
Сонда Мырзан айтыпты:
Сен жалғыз деп сөксең
Құдайға тілің тиеді
Жарлы деп сөксең
Пайғамбарға тілің тиеді
Құйрығым шолақ балса,
Тұлпар шығармақ
Құлағым шұнақ болса
Сұңқар шығармын.
Құйрығы ұзында біз итке мегзейміз,
Құлағы ұзынды есекке мезгейміз.
Ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Шошқа тоғыз табады.
Ешкі егіз тауып қойдан көбейген жоқ,
Ит сегіз тауып малдан көбейген жоқ,
Шошқа тоғыз тауып аңнан көбейген жоқ.
Сенің бабаң егіз ез,
Апан сегіз еді,
Өзің тоғыз едің.
Сенің тоғызыңды алса құдайдың шамасы жоқ па?
Маған болса берейін десе баласы жоқ па?- депті. Мұндағы дулат биінің айтқан “құйрығы жоқ” дегені - сонына ерген баласы жоқ дегенді, ал “құлағы жоқ” дегені- ағайын туысы жоқ, қолдайтын адамы жоқ, дүние-мүлкі, байлығы жоқ дегенді білдіретін астарлы сөз. Мұндай астарлы ұғымдар көне замандарда халыққа жақсы түсінікті болған.
Шешендік сөздерде ырғақ пен ұйқастың белгілері болғанымен, ол поэзиядағыдай қатаң тәртіпке құрылмайды, сондықтан оны прозалық туынды қатарында қарайды. Шешендік сөздер авторлы әдебиетке жақын жанр. Оқиғаларының реалисітігі, тілінің әдебиеттігі және белгілі халық ойшыларының аттарымен айтылатындығы осыны көрсетеді. Бірақ бір сөздің әр түрлі шешендерге телініп айтыла беретіндігі, айтушылар тарапынан өзгертіліп, өңдеуге түскендігі оның фольклорлық жанр екенін айқындайды. Шешендік сөздер мазмұны жағынан мақал-мәтелдер, толғау-термелер, қанатты және нақыл сөздерге ұқсаса, себеп болған оқиғамен бірге айтылуы жағынан аңыз әңгімелерге жақындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет