Лекция тақырыбы: Кіріспе. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік



бет15/21
Дата20.09.2022
өлшемі132.02 Kb.
#461001
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
ХАӘ лекция

10 ЛЕКЦИЯ
Эпостық жырлар.

              1. «Эпос» терминінің мәні. Фольклорлық эпос ерекшеліктері.

              2. Қазақ эпосының жиналу, жариялану, зерттелу жайы.

              3. Эпикалық жырлардың жанрлық ерекшеліктері. Тұтастану мәселесі.

              4. Эпос айтушылары. Жыршылық мектептер.

Поэзиялық эпикалық жанрлардың прозалық эпикалық жанрлардан басты айырмашылығы - олардың поэзия түрінде жырлануында және айтылу мәнерінің өзгешелігінде. Жалпы фольклортануда “эпос” деп көбінесе поэзия түріндегі сюжетті шығармаларды айтады. Бұл термин әдебиеттануда тек атауы есебінде жұмсалынса, фольклортануда жанр есебінде жұмсалады. 80 жылдарға дейінгі фольклортануда “эпос” деген атау “батырлық жыр” деген мағынада жұмсалып келді. Ал 80 жылдардан кейін бұл терминнің мағынасы әдебиеттанудағы тек мағынасына жақындай түсті. Бірақ сонда да жалпы сюжетті шығармалардың барлығын емес, тек қана поэзия түріндегі үлгілерін атауға жұмсалынды. Поэзия түріндегі эпикалық жырлардың ішкі жанрлық түрлері стадиялық (кезеңдік) тұрғыдан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Олардың ішкі жанрлық белгілерінің ең басты ерекшелігі - өздері пайда болған дәуір белгілерін танытудан байқалады.
Эпостық шығармада қара сөз де араласып отыратын кезі де бар. Әсіресе, бір сюжетті баяндаудан екінші бір сюжетті баяндауға ауысқан кезде, лирикалық шегіністерде “әлқиса” деп басталатын қарасөз түріндегі баяндау орын алады.
Эпостық шығармалардың көркемдік қасиеті олардың жанрлық түріне қарай ерекшеленеді. Мәселен, әсірелеу батырлар жырында көп қолданылса, ғашықтық, тарихи жырларда ол аз жұмсалады. Эпостық шығармалардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынасқа байланысты ерекшелігі ертегіден тыс прозаға ұқсас келеді. Бұл шығармалардағы оқиғаға айтушы да, тыңдаушы да өмірде болған деп қарайды. Мазмұнына ел сенеді.
Қазақ эпосын зерттеуші Р.Бердібай “Қазақ эпосы” атты монографиясында батырлық жырмен бірге басқа да эпикалық жырларды салыстыра отырып, жанрлық және стадиялық тұрғыда бірнеше түрге бөлді. Олар:
1. Көне эпос.
2. Қаһармандық эпос.
3. Ғашықтық эпос.
4. Тарихи жыр.
Біз алдыңғы тарауларда ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ фольклорының аймақтық ерекшеліктерінің күшейе бастағанын айтқан болатынбыз. Оның ең жарқын көрінісі-жыршылық мектептердің қалыптасуы болатын. Бұл мектептердің өзіндік даралығы, ең алдымен, көлемді эпикалық жырларды орындаудан, өзіндік репертуары болуынан көрінеді.
Мектепттер жөнінде айтпас бұрын қазақ фольклорын тудырушы және таратушы тұлғалары, оның ішінде, ақын, жыршы, жыраулар туралы біршама тоқталып алған жөн. Көлемді эпикалық жырлардың сақталуы, көркемделуі сияқты процестерге үлес қосқан ақын, жыршы, жыраулар бірден пайда бола салған жоқ. Олар бақсы, ұзап, сыншы, би-шешендер сияқты көне өнер иелерінің шеберлігін игеріп, оны жаңа арнада дамытушылар болып табылады. Бұл шығармалық тұлғалардың бірі тарихи дәуірлердің белгілі бір кезеңдерінде жетекші орында болса, екінші біреулері келесі кезеңдерге үстемдік құрып отырды. Бірінің өнері көмескіленіп, алғашқы мәнін біршама жоғалтса, екіншілері халық ықыласын көбірек жаулап алып отырды. Осылайша, олардың шығармашылық қызметін халыққа бір мезгілде арналып отырды.
Бұл шығармашылық тұлғалардың ішінде біз бақсыға жоғарыда біршама тоқталған болатынбыз. Бақсыны әрі күй тартқаны, әрі емші болғаны, әрі магиялық жырды айтушы болғаны белгілі. Бақсы тұлғасының көпелік сипаты қазақтар арасында біршама сақталып қалған. Қазақтарда, Қырғыздарда, Ұйғырларда бақсы-арбау сөздері арқылы ауыруды елдейтін, болжаушылық қабілеті бар адам болса, Түркімен, Қарақалпақ, Өзбектер “бахшы” сөзі арнайы маманданған халық эпостарын орындаушы мағынасында жұмсалынады.
Бақсының болжаушылық қасиетін дара түрде дамытып, ол дәстүрді өзгеше формада жалғастырғандар- сыншылар, жыраулар, би-шешендер болды. Би-шешендер мен сыншылар жөнінде біз шешендік сөздерге арналған тарауда тоқталамыз. Ал ұзындар-бақсылармен қатар шыққан халық орындаушыларының өзгеше бір типі. Ұзындар эпикалық шығармаларды тудырып зқана қоймай, оларды насихаттады. Сол арқылы халықты шындық жолына шақырда. Қорқыт оғыздардың ұзындарының бірі болды. Бұл атау қазіргі кезде қазақ фольклорына байланысты қолданылмаса, Түркия Түріктерімен Әзербайжандар арасында әліге дейін халық орындауышлары мен ауызша сөз өнері иесін атауға жұмсалынып келеді.
Жыраулар қазақ халқының орындаушылық өнерін дамытушылардың өзгеше бір типі. Көне жыраулар тұлғасының бақсыларымен ұқсас жақтары көп болды. Оларжда емшілік жасап, болашақты болжағанымен бақсылардан гөрі сөз өнерімен байланыстылығы басым болды. Бізідің пікірімзше жырау тұлғасының бақсыдан бөлініп шығуына себеп болған нәрсе ислам дінінің әсері. Яғни жыраулар ислам дінін қабылдаған көшпелі түркілер арасында пайда болған шығармашылық тұлға. Мұсылмандықтың түркілер арасында дендеп енуі көне наным-сенімінің өкілі саналатын бақсылардың қоғамдық әлеуметтік қызметінен айырылуына алып келді. Ел билеушісінің қасындағы ақыл гөй жол көрсетушілердің ролін енді бақсылардан жыраулар ала бастады. Жыраулар бақсылар сияқты жауынгерлік функцияның атқаруымен емес, ұзындар сияқты ақиқат жолын көрсетуші ақылшылықпен ерекшеленеді. Олар ел билеушілерінің дұрыс істерін дәріптеп, кемшіліктерін түзетуге мәжбүрлеп отырды. Халықтың типтік, арманын жеткізуші болды. Ал жаугершілік замандарда ол қолбасы батыр ретінде жауынгерді рухтандыратын жауынды жырларды айтып, қаһармандыққа, ерлікке үндеді. Осыдан келіп оның сөз өнеріне қатысты негізгі екі функциясы туындады. Ол, біріншіден суырып салмалық қасиеті арқылы қазақ әдебиетіндегі дара, авторлы шығармашылықтың бастауы болып табылатын тұлғауды шығарды. Екіншіден, өз дәуірінің белгілі бір адамдарына арнап арнау, жжоқтау өлеңдерін (бұлар кейін эпикалық жырлардың қалыптасуына себеп болды) шығарды. Сондай-ақ жыраулар бұл туындылардың орындаушылары да болды. Жыраулардың ең көрнекті өкілдері Асан Қайғы Сәбитұлы (XV ғасыр). Қазтуған Сүйенішұлы Шалкейіз Тіленшіұлы (1456-1560жж) Жиенбай Бортоғашұлы (XVІІ) Марғасқа, Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Бұхар Қалқаманұлы т.б
ХVІІ ғасырдағы қоғамдық әлеуметтік өзгерістердің ықпалынан жыраулар қызметіәлсірей бастады. Оның шығармашылық қызметі ақындық поэзияның тассында қалды. Өзгеріссіз сақталған функциясы-этикалық туындыларды орындау болды. Сондықтан халық кейінгі ғасырларда “жырау” деп эпос айтушыларын атай бастады. Мәселен, Абыл Өтембетұлы (1777-1864), Мергенбай (1831-1911), Нұрым Жаршағұлұлы (1831-1908), Марабай Құлжабайұлы (1811-1898), Мұрын Сеңгірбайұлы (1859-1954), Рахмет Мәзқожев (1881-1976), Нұртауған Кенжеғұлұлы (1887-1930) т.б өнер иелерін халық “жырау” деп атады. Алайда қазақ әдебиет тануында бұл термин жыраудың көне тұлғасын белгілейді, яғни XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті өкілдерін атауға жұмсалынады. Ал Қарақалпақ әдебиет танушылары халықтық атауды негізе алып, эпос айтушыларын да осылай атап жүр.
Жыраулардың шығармашылық мүмкіндіктерін ақындар жалғастырды. Жыраулар тарих сахнасынан кете бастаған кезде ақындар шықты. Ақындар сурыпы салмалық өнерді барынша дамытты. Ол, әсіресе, айтысты өркендетуден айқын көрінді. Ақындардың дені өздерінің атақ-даңқын сөз сайысы арқылы шығарды. Ақындар көлемді этикалық поэмаларды орындаушылар да болды. Суырыпсалмалық өнерді дамытумен бірге этикалық туындыларды орындаған ақындар қатарында Жанақ Қамбарұлы (1770-1856), Арыстанбай Толыбай (1811-1880), Шөже Қаржаубайұлы (1803-1815), Сүйінбай Аронұлы (1825-1895), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Құлыншақ Кемелұлы (1831-1892), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) т.б өнер иелерін айтуға болады.
Эпос туындыларын орындаушылардың бір түрі- жыршылар. “Жыршы” сөзі әдеби термин ретінде халықтық атаудан алынғанымен, ол екеуінің арасында елеулі айырмашылықтар бар. Халық ауызында “жыршы” деп көлемді шығармаларды емес, шағын жырларды орындаушыларды атаған. Ал әдеби термин ретінде ол этикалық шығармаларды жатап алып,оны белгілі бір мақыммен ,музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен айтатын адамды белгілейді. Жыршылардың ішінде едәуір суырыпсалмалық қасиеті бар, соның арқасында өзі жаттаған жырларды өзгертіп айту мүмкіндігіне ие тұлғалар бар. Сондай-ақ мұндай қасиеті жоқ, сондықтан жаттаған жырын сол қалпында айтатын атефетип-жыршылар да көп.
Осы орайда «жыршың атауларының түбірі «жырң сөзінен шыққандығын ескеріп, бұл сөзге де біршама түсінік бере кету қажет «жырң сөзі, негізінен алғанда екі мағынада да қолданылады. Бірінші мағынасында силлабикалық өлшем ретінде, яғни 7-8 буынды поэзия үлгісі ретінде жұмсалынса, екінші мағынасында осы өлшеммен айтылатын терме-толғауларды, әсіресе, этикалық туындыларды білдіреді. “Жырау” сөзі Махмут Қашқари сөзінде “Иығару” яғни “Жырау” түрінде жазылуынан оның “жыр” және “ағу” сөздерінің қосындысынан пайда болғанын аңғартуға болады. Ал “жыршының” жыр айтушы адам деген мағынасынан шыққанын білу қиын емес.“Ақын” сөзін ғалымдардың көбі ахун, яғни терең біледі, дана дегеннен шыққан деп есептейді.
Танымал жыршылардың қатарында Жиенбай Дүзенбетұлы (1864-1929), Айса Байтыбынов (1875-1955), Рүстембек Жиенбаев (1905-1966), Көшеней Рүстембеков (1946-1973),Болатбек Ердәулетов (1947), Қаламқас Орашева (1954-1989), Алмас алматов (1956) т.б. атаған жөн.
Эпос айтушыларының кейінірек пайда болған типі-қиссашылар. ХІХ ғасырдан бастап Кеңес өкіметі орнағанға дейінгі Қуан, Уфа, Ташкент, Петербор баспаларынан шыққан халық эпостарының барлығы “қисса” деген атпен шықты. Міне осы кітаптарды халыққа белгілі бір мақаммен, мәнерлеп оқып беру арқылы жеткізушілер “қиссашы” аталды. Мұндай өнер иелері өзбек, түркімендер арасында кеңінен танымал болған. Олар “қиссахандар” баспа өнімдерін ғана емес, халық арасына қол жазба түрінде тараған халық кітаптарын да оқып берумен даңқы шыққан.
Қиссашылар өнерінің дамуына Шәді Жәңгірұлы (1855-1933), Жүсіпбек Шайқысыламұлы (1857-1936), Нұралы Нысанбайұлы (1857-1930) сияқты ақындар көп үлес қосты.
Термешілер де этикалық туындыларды орындаушылардың бір тобы болып табылады. Олардың репертуарында толғаулар мен термелер басты орын алады. Құмар Жүсіпов (1905), Ақмырза Тұяқбаев (1914), Ізбасар Шыртаповтар (1941) белгілі термешілер қатырынан орын алады.
Халық фольклор орындаушыларын аса қадірлеген. Оларды ерекше қасиеті бар, бөлек жаратылысты адамдар деп санаған. Олардың өнері аян берілу арқылы дарынған құдіретті күштің сиы деп бағаланған. Сондай-ақ мұндай қасиетті өнер тұқым қуалау арқылы немесе ұстаздың батасын алудан беріледі деп есептелген. Жыршылық- орындаушылық өнер әр дайым музыкамен тығыз бюайланысты болып отырды. Бұл саладағы қазақ халқының ең көне музыкалық аспабының бірі-қобыз. Оны, әсіресе, бақсылар мен жыраулар көп қолданды. Ал ақындардың негізгі аспабы домбыра болды. Кейінгі замандарда гармонь аспабы жыр айтуға да жиі қолданылатын болды. Белгілі бір жыршылық орындаушылық дәстүрлік түріне байланысты қазақ жыршылық мектептері қалыптаса бастады. Олар этикалық репертуарына, айту мақымына айтушылардың шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты бір-біріне оқшауланып тұрды.
Батыс Қазақстан жыршылық мектебінде Ноғай Ордасымен байланысты тарихи оқиғалардан туған эпос үлгілері көп айтылды. Бұл-осы мектептің ең басты ерекшелігі. Мәселен, “Едіге”,”Орақ -Мамай” , “Қарасай- Қази” ,”Манатұлы Тұяқбай”, “Ақжұнасұлы Ер Кеңес”, сияқты т.б жырлар бұл өлкеде көп айтылды. Батыс Қазақстан жыршылық мектебінің географиялық аймағы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал обылыстарымен Қарақалпақыстан қазақтары тұрған аудандардың біраз бөлігін қамтиды. Бұл мектептің тарихи тамыры ерте замандарда жатыр. Оның негізін қалаушы ретінде Сыпыра жырауды, Асан Қайғыны, Шал Киіз, Қазтуған жырауларды айтуға болады. “Қырымның қырық батыры” деп аталатын геналогиялық тұтастанған үлкен жырлардың топтамасын бізге осы мектеп өкілдері жеткізеді. “Қырымның Қырық батыры”-аса көлемді топтама. Оның көлемі “Илмада” мен “Одисиядан” 2,5-3 есе үлкен. Бұл топтама 1942 жылы Мұрын жыраудың аузынан жазылып алында. Мұрын оны Нұрым, Ақтан, Қашаған, Мұрат жыраулардан үйренген. Топтама үлкен үш бөліктен тұрады. 1) Аңшыбай батырдың ұрпақтары; 2) Қарадөң батырдың ұрпақтары; 3) Қыдырбай батырдың ұрпақтары және жеке батырлар жыры.
“Қырымының қырық батыры” Мұрын жыраудың әбден қартайған кезінде және оның жыршылық өнереден ұзақ уақыт бабы қол үзіп қалып, ондағы жырларды ұмыта бастаған кезінде жазылып алынған. Бұдан 20-30 жылдай бұрын жазылған болса, топтама бұдан да көлемді, бұдан да көркемдік деңгейі жоғары болары күмәнсіз еді.
Батыс Қазақстан жыршылық мектебінің Мұрын жыраудан өзге де өкілдерінің ауызанан Ноғайлы топтамасына жататын көлемді жырлар жазылып алынды. Аралбай Оңғарбайұлы, Досжан, Нүрпейіс Байғонин, Айса Байтабынов, Қайрола Иманғалиевтерден Ноғайлы эпосының ең үлкен көркем үлгілері хатқа түсірілді.
Сыр бойы жыршылық мектебінің ерекшелігі өзіндік поэтикалық стиль мен орындау мәнері, мықымынан айқын аңғарылады. Бұл мектептердің географиялық аймағы Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қырмақшы, Жалағаш, терекөзен, Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Қарақалпақстанның Қазақтар тұратын Солтүстік аймақтары, Өзбекістанның Талды, Кенимех, Үшқұдық аудандары жатады. Мектептің өз ішінде Жиенбай Дүзенбетұлы, Базар Оңдасұлы, Нұртуған Кенжеғұлы, Нартай Бенегианов қалыптастырған дәстүр бір-бірінен оқшауланып тұрады. Бұлардың тарихи тамыры бір. Бұл мектеп өкілдерінің айту мәнері көне оғыздық кезеңнен басьтау алады. Жырды көмей арқылы айту- оның осындай көне белгісі.
Жиенбай дәстүрін жалғастырған жыршылар түркі халықтарының көпшілігіне ортақ “Көрұғылы” дастанын және толғаулар мен термелерді көбірек орындады. Олардың репертуарында шығыстың сюжеттерін құрылған “Шәкір-Шәкірат”, “Мұңлық-Зарлық”, “Атымтай Жомарт” сияқты дастандарда бар.
Қызылорданың Қазалы мен Арал және Ақтөбенің Шалқар аудандарында кең таралған Нұртуған дәстүрі “Орық-Мамай”, “Қарасай Қази”, “Едіге” сияқты ноғайлы топтамасындағы жырлармен бірге кейбір тарихи үлгілерін айтумен ерекшеленеді. Сондай-ақ шығыстың сюжеттегі дастандары да мұнда біршама жақсы айтылды.
Нартай Бекежанов мектебінің жыршылары этикалық шығармаларды гормонмен айтылуымен оқшауланды. Бұл дәстүр Қызылорда обылысының Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданы мен Түркістан қаласында кең қанат жайған.
Орталық Қазақстан жыршылық мектебінің де тарихи тамыры әліде жатыр. Оның географиялық ауқымы өте кең. Қарағанды , Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Семей, Көкшетау обылыстарын қамтиды. Оның негізін қалағандар-Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар, Марқасқа сияқты жыраулар. Мұнда “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр”, “Ер тарғын”, сияқты т.б. қаһармандық эпос үлгілерімен бірге, “Айман-Шолпан”, “Қыз Жібек” сияқты эпостық жырлар да жиі айтылды. Қазан төңкерісіне дейін шыққан кітаби қисса-дастандар бұл өлкеде кең танымал болды. Бірақ бұл аймақтардағы ән өлеңдерінің ерекше дамуы жыршылық дәстүрді екінші орынға ығыстырды.
Оңтүстік Қазақстан жыршылық мектебі өзіндік репертуарымен, өзгеше дәстүрімен дараланды. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында мұнда шығыстың сюжеттігі,әсіресе діни қиссалар айрықша өркендеді. Назира дәстүрімен шығарылған туындылар ауызша айтылды. Бұл мектептің негізін Жанкісі жырау (1772-1849) мен Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888),Құлыншақ Кемелұлы, Жүсіпбек Шайхысламов сияқты ақындар салды. Бұл мектептің репертуарынан “Алпамыс батыр” жыры ерекше орын алды. Сондай-ақ Алтын Орда билігі үшін және жырдың алғашқы жартысында болған Қазан хандығының азаттығы үшін жүргізілген күрестермен байланыстыоқиғалар орын алған “Едіге”, “Қобыланды батыр”, “Шора батыр” сияқты эпостарда кең тарады. ғашықтық жырлардан “Қыз Жібек ” эпосы бұл өлкеде жақсы танымал болды.
Жетісу жыршылық мектебі өз репертуарын соңғы ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда көп айтылатын жырлармен толықтырды. Бірақ оның бұған дейінгі репертуарын, негізінен алғанда,тарихи эпос үлгілері құрайтын еді. Бұл мектептің басты ерекшелігі де осында. Мұнда тарихи жырлардың ықпалы күштілігі соншалық, ол тіпті фольклордың өзге жанрларына да өз ықпалын тигізіп, оларға тарихи сипат дарытты. Жетісу мектебінің негізін Қабан жырау, Күсеп ақындар салып, оны Бақтыбай Жолбарысұлы (1842-1902), Сүйінбай Аронұлы (1822-1895), Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаевтар жалғастырды. Жетісу жыршылары терме мен дастандарды орындаумен бірге айтыс өнеріне үлкен үлес қосты.
Қазақ даласындағы жыршылық мектептер тек белгілі бір әкімшілік-территориялық шектеулік негізінде ғана емес, жыр жағдайына байланысты қалыптасқан шаруашылық типіне, өмір салтының да әсерінен пайда болды. Ең бастысы, бұл мектептер орналасқан аймақтың этикалық құрамының ықпалы орасан күшті болды. Мұндағы әрбір ру-тайпа өздерінің арғы аталары деп есептелетін батырлар есімімен байланысты жырларды айтуды көбірек сұрап отырған. Мәселен, Жамбыл өзінің жас кезінде Оңтүстік Қазақстан жыршылық мектебі өкілдерінен арнайы барып үйренген “Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Қыз Жібек”, “Шора батыр” жырларын егде тартқан шағында ұмыта бастаған. Оның ең басты себебі-тыңдаушы сұранысында. Жамбыл өмір сүрген Жетісу өлкесінде бұл жырлардан көрі халық “Сұраныш батыр”, “Өтелген батыр” жырларын айтуды көбірек қажет еткен.
Қазақ даласындағы жыршылық мектептер алуан түрлі фольклор туындыларының бүгінгі күнге дейін дін аман жетуіне үлкен септігін тигізген. Олар орындаушылық өнердің бір-біріне ұқсамайтын алуан түрлі өрнектерін сақтап қалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет