Физиологиялық ерекшеліктер. Физиологиялық ерекшеліктер организмнің козғалысын ғана емес, вегетативтік (қызметтік) жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін (ауаны) барынша керек ету деңгейін арнайы аппаратпен тексеру арқылы зерттейміз. Ол деңгей неғұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 пайыз ғана көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктерін жаттығулар аркылы тексеріледі.
Психологиялық ерекшеліктер. Оқушылар нерв жүйелеріне байланысты мықты және тез психикалы спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде шапшаң жүйке жүйелі спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни қозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай алу мүмкіншілігі), қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты. Жүйке жүйесі шапшаң спортшыларда қозу процесі тежелу процесінен көбірек болғандьқтан олар тез шаршайды.
Бірақ, кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі шапшаң болуы, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу процесінен көбірек болып келуі қажет. Жүйке жүйесі шапшаң адам боксте, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет, ол жатгықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.
Тұқым қуалаушылық факторлары. Қазіргі кезде осы факторларга ерекше назар аударылып отыр. Адам организмінің құрылысы, салмағы ата-анадан балаға тұқым қуалау арқылы берілетіні дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс кабілеттілігінің арасында байланыс бар екені белгілі (мысалы, қыска қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.). Атақты спортшылардың балаларының жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлдеқайда көп.
Спорт түрін таңдау себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қуаты қасиетін дамыту, өзіне сенімділік және мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауға ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл кеңестерін бергені жөн.
Жаттықтырушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген, әр түрлі амалдар қолданады:
1 Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өткізіледі.
2 Жаттықтыру. Спортшының қабілеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3 Бақылау сынақтары. Жаттықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
4 Адам ағзасын зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |