Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет15/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Негізгі ұғымдар: шығармашылық, жеке тұлға, интеллектуалды белсенділік, таным, ғылыми шығармашылық, технология.


Пәнаралық байланыстар: философия, психолгия, әлеуметтік педагогика, әлеуметтану.


Шығармашылық ұғым- адамдардың ғылым, әдебиет, музыка, бейнелеу және сахналық өнер, өнертапқыш салаларындағы шығармашылық қызметін педагогикалық-психологиялық зерттеулер саласы.
Шығармашыл тұлға - жаңалық, еңбектің жаңа туындысын беретін адам. Шығармашыл тұлғаға тән қасиеттер (А.Н.Лук, философ):

  • тәуекелдік жасауға даярлық;

  • ой-пікір, баймдаудағы тәуелсіздік, үмтылушылық;

  • оқу үрдісінідегі жетістіктердің әркелкілігі;

  • әзіл-ысқаққа бейімділік;

  • өзіне тәндік;

  • «танымдық мезі қылушылық» (дотошность);

  • белгілі заттарға сын көзімен қарауға сенбеу;

  • қиял мен ойлаудың батылдығы.

Мұғалімнің қызметі шығарашылық табиғатымен ерекшеленеді. Ол бүгінгі күнде, бірақ болашақ үшін жұмыс істейді, «болашақты жасайды», екіншден ұдайы дамудағы бала тұлғасы мен өзара әсерлеседі. Сондықтан мұғалімнің креативтік (шығармашылық) іс-әрекеті оның өз қызметі талаптарына үнемі сай болуының бірден бір шарты болып табылады.
Мұғалімнің шығармашылығы ең қарапайым шығармашылықтан – сабақты, тәрбиелік іс-шараларды жобалау, педагогикалық үрдісті, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару, педагогикалық міндеттерді шешу, күрделі шығармашылық түрлеріне – педагогикалық идеяларды ұсыну, озық педагогикалық іс-тәжірибе үлгілерін ұсыну, шығарашылықтың шыңы – новаторлық идеяларын ұсыну, педагогикалық жаңалықтары мен ғылым мен практиканы дамыту деңгейінде болуы мүмкін.
Шығармашыл тұлғалардың түрлері: теоретик-логик; теоретик-интуитивист; практик (экспериментатор); ұйымдастырушы; инициатор (бастамашыл).
Мұғалімнің шығармашыл тұлғасын қалыптастырудың 7 сатылары:

  1. Тұлғаның шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріне тұрақты қызығушылығы дамыды;

  2. шығармашылық іс-әрекеттің белгілі бір түріндегі қарама-қайшылықтар мен проблемаларға жоғары дәрежедегі интеллектуалдық сезімталдығы байқалады.

  3. Жоғары дәрежедегі кәсіби-шығармашылық белсендлік (ғылым, өнер, спорт т.б. саладағы белсенді шығармашылық мінез);

  4. Тұлғаның алғашқы маңызды шығарашылық жетістіктері (алғашқы кітап, сурет, музыка, ән т.б.);

  5. Тұлғаның жоғары тұрақты шығармашылық өнімділігі (шеберлік, іс-әрекеттің жеке шығармашылық стилі);

  6. Таланттің гүлдену кезеңі (тұлғаның жетістіктері замандастардың жетістіктерінен үстем болады).

  7. Гениалдық ( Шығармашылық қабілеттер дамуының шыңына жету. Кейбір мәселелерді шешудегі өзінің жетістіктерімен, үлесімен замандастарын жүз жылдарға озады).

Болашақ мұғалмдерді шығармашылық іс-әрекетке даярлау кезеңінде мына төмендегі ұстынамдарды басшылыққа алу қажет:
1. Педагогикалық білім беруде тұлғалық-бағыттық ұсытанымы.
2. Педагогикалық білім беруді демократияландыру ұстанымы.
3. Мұғалімдерді болашақ мамандығына даярлаудың оптимистік ұстанымы.
4. Болашақ мұғалім даярлаудың іс-әрекеттік прагматикалық ұстанымы.
5. Мұғалімдерді шығармашылық іс-әрекетке даярлауда сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының жүйелік ұстанымы.
6. Мұғалімдерді шығармашылық іс-әрекетке даярлау мәселесін шешудегі кешендік бағдарламалық-мақсаттық амалдар. Олар:

  • педагогикалық білімнің мазмұнына, формасы мен әдісі;

  • оқудын тыс тәрбие жұмыстарына;

  • кәсіби сұрыптауға;

  • оқытушылармен әдіскерлердің біліктілігі мен шеберлігін көтеруге тиіс.

Интеллектуалды белсенділік шығармашылық мәселелері. Ғылыми шығармашылықты зерттеудің негізгі сатылары. Шығармашылық табиғаты мен шығармашылық іс-әрекеттің өлшемдері. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетін ынталандыру мәселелері. Шығармашылық ортаның шығармашылық жағдай ұғымы. Мұғалім жеке тұлғасының шығармашылық мүмкіндігі мен психикалық денсаулығы. Болашақ маманның шығармашылық әсері арқылы дамуы. Шығармашылық серіктестік пен ынтымақтастықтың мәні. Қазіргі заман технологиялары болашақ маманның шығармашылық көрінісінің жаңа формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет