Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет17/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, құбылыс, стиль, шығармашылық, фактор, субъект, процесс, форма.
Пәнаралық байланыс: әлеуметтік психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиет.

Педагог М.П.Шульцтың көзқарасынша: «Мұғалім мен оқушының қарым-қатынас оқу-тәрбие іс-әрекеттерін орындау барысында туынджалуы қажет», - дейді. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда оқушыға нәтижелі ықпал ету үшін, оқушының мұғалімді қабылдауы ғана емес, мұғалімнің оқушыны да қабылдауы қажет.


Мұғалім мен оқушы - әртүрлі субъект. Мәселенің негізгісі осы әртүрлі рухани дүниені бірлестіру.
Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек ғана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді?
1. Мұғалім оқушының рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу құқына және іс-әрекетті таңдау құқына ие екендігін тануы;
2. Оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы мен қуанышына ортақтасу;
3. Оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай білу.
Қарым-қатынаста мұғалім ұсынатын арақашықтықтың да маңызы бар. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің басты ережелері:
1. Педагог оқушының табиғи қалпында, яғни бойындағы барлық артықшылығымен қатар кемшілігінде тегіс қабылдауы тиіс.
2. Оқушының бойынан үнемі тәрбие нәтижесін алдын-ала көре білу керек Ол үшін педагог оқушы мүмкіндігін «сенің қолыңнан барлығы келеді» секілді міндеттерді белгілеп оқушының өзіне деген сенімін арттыруды басты нысанаға алуы керек.
3. Кейбір оқушылар ұстаздың айтқанына илана қоймауы да мүмкін. Сондықтан оқушыға бірнеше тәрбиелік жағдайды жасп, солардың ішінен өз ұстанымына лайықты дегеніне таңдау жасай алуын көздеуге болады.


Әдебиеттер:

  1. 2005-2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы / Егемен Қазақстан 11 қазан 2004ж.

  2. Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2005ж.

  3. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую профессую. Москва, 1999.

  4. Жампесова К.К., Бейсенбаева А.А., Иванова Н.Д., Калиева С.И., Тригубова Н.Н., Хан Н.Н., Хмель Н.Д. Формирование исследовательской культуры творческой личности учителя. АГУ им. Абая, Алматы, 2001.

5. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. Алматы, 2000г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет