Лекция тезистері бакалавриаттың 5В012000 Кәсіптік оқыту мамандығы үшін Шымкент 2022 ф 08-19



бет27/28
Дата04.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#461895
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Лекция тезистері.Пед.маман.кір.

Педагогикалық сөйлеу, оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін орындауды қамтамассыз етеді. Оған мынандай талаптар қойылады:

  • жалпы мәдени талаптар;

  • кәсіби талаптар;

  • педагогикалық талаптар.

Педагог сөйлеуінің мазмұны, сапасы салдарына әлеуметтік жауапкершілік атқарады.
Педагогикалық сөйлеу – педагогтің ауызша сөйлеу, яғни сөз айту, ауызекі пікірін білдіру процесі. Бұл процестің нәтижесі – ауызша пікір айту.
Мұғалімнің сөйлеуі мыналарды қамтуы тиіс:

    • өнімді қарым-қатынас, мұғаліммен өзара әсерлесуі;

    • мұғалімнің балалар санасына, көңіл-күйіне жағымды әсері;

    • оқыту процесінде білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды толыққанды қабылдау, түсіну және пысықтау;

    • оқушылар оқу-танымдық іс-әрекетін оңтайлы ұйымдастыру;

    • әлеуметтік мәдени құндылықтарды мәңгеруде мұғалім мен оқушылардың өзара ынтымақтастығы және біріккен шығармашылығы.

Мұғалімнің коммуникативті мінез-құлығы – мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынасының эммоционалдық-психологиялық жағдайын жасауға оң әсер ететін мұғалімнің сөйлеуін және оған сәйкес тілдік мінез-құлығын ұйымдастыру.
Мұғалімнің коммуникативті мінез-құлығының сапалары:

    • сөйлеу екпіні (тон);

    • бағалаушы дайындау (пікірлерден) пайдаланудың адалдығы;

    • оқушылармен қарым-қатынас манерасы (үлгі, өнегесі);

    • оқушыларға жауап беруі;

    • мимика, қозғалыстар, жесттер (дене қимылдары),(сөйлеуді ....ететін).

Мұғалімнің жағымды коммуникативті мінезі көрінеді:

    • іскерлік жағдай жасауда;

    • өзара әсерлесуге, әрекеттесуге көңіл соғу (жайғастыру);

    • сабақтағы жұмыстың ырғақтығы (қалыптылығы).

Мұғалім сөйлеуінің түрлері:
а) монологиялық сөйлеу;
б) диалогтық сөйлеу.
Монологиялық сөйлеудің ең көп таралған формалары: түсіндіру; әңгіме; түсінік беру; қағидаларды, заңдарды, ұғымдарды түсіндіру; кеңейтілген бағалаушы ойлар (білімдер мен мінез-құлықты бағалау); мектеп лекциясы.
Диалогтық сөйлеудің формалары: оқушылармен сұхбат; сұрақ-жауаптар.
Мұғалімнің ауызекі сөйлеу формалары «таза түрде» кездеспейді.
Педагогикалық міндеттерді табысты орындау үшін мұғалімнің сөйлеуі мына талаптарға жауап беруі тиіс (комуникативті сатылар):

    • сөйлеудің қазіргі әдеби тіл нормаларына сәйкес келуі; сөйлеудің мәнерлілігі (көркемділігі, эмоционалдылығы, айқындығы);

Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің компоненттері:

    • дұрыстығы;

    • дәлелділігі (точность);

    • орындылығы (қисындылығы) (уместность);

    • логикалық байлығы;

    • тазалығы.

Мұғалімнің теминологиялық мәдениетіне ерекше назар аудару керек.
Педагогикалық сөйлеудің формалары:

    • педагогикалық білімдерді толыққанды презентациялау (ұсыну);

    • оқушылардың тиімді оқу іс-әрекетін қамтамассыз ету;

    • мұғалім мен оқушылар арасында өнімді өнімді өзара қарым-қатынасты қамтамассыз ету.

Оқытушының сөзі. Сөйлеу техникасы және сөйлеу мәдениеті
Мұғалімнің педагогтық шеберлігінің басты бір белгісі - оның сөз байлығынан, сөйлеу мәдениетінен байқалады.
Мұғалім сөзі айқын анықтылығымен, ақылға қонымды, дәйікті дәлелдігімен тындаушыларды баурап алып кетеді. Оның сөзі оқушыларға өтімді болып, жақсы әсер беру үшін дауыс ырғағының, сөйлеу сазының зор мәні бар.
А.С.Макаренко мұғалімнің сөйлеу қасиетіне былай деп мән берді: "Оқушылар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек". Өз сабағына жан-тәнімен берілген мұғалім шын жүректен шыққан жалынды сөзі арқылы оқушыларды еліктіре баурап әкетеді. Егер мұғалім өз сөзіне немқұрай-ды, қалай болса солай қарайтын болса, оқушылар оны бірден байқап қалады. Оның білімі мен тәртібіне кері әсер етеді.
Сондықтан мұғалім күнделікті сабаққа дайындалғанда, балалармен түрліше қарым-қатынаста дұрыс сөйлеуге дайын-далуға, өз сөзіне өзі жауапты қарау керек. "Мұғалімдік тонмен сөйле" деген нақыл осы міндеттерден туған. Мұғалім педагогикалық сөйлеу функцияларын дұрыс жүзеге асыру керек.
Сөйлеу функциясы мыналарды жүзеге асырады:
а) Мүғалім мен оқушы арасындағы байланысты орнатады.
ә) Балалардың санасына, мотивіне, сезіміне әсер етіп оны қалыптастырады.
б) Оқу материалының оқушылардың санасында кабылданып, нығайтылуына әсер етеді.
в) Оқушылардың білім және тәжірибе жұмыстарын дұрыс ұштастырып үйлестіреді.
Педагогикалық сөйлеу мәдениетін жүзеге асыруда әр мұғалімнің өз стилі болатындығын тәжірибе дәлелдейді. Кейбір мұғалімдердің сабақ түсіндіргендегі сөздері естілер-естілмес, жай, бір сазды болып естіледі. Оның өзі оқушыларға гипнозды түрде әсер етіп, оларды жалықтырып, ұйқы жағдайын келтіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалімнің сөйлеу стилін, оның психологиясының басты көрсеткіші десек те болады.
Мұғалімнің коммуникативтік мәнерінде сипатталатын сөйлеу тоны, қозғалысы, келбет-пішіні, .дене қимылы сөйлеу мәнерімен үйлесіп тұруы қажет. Сонымен бірге педагогикалық сөйлеу мәнерінің коммуникативтік формасы мұғалімнің ауызша сөйлеу түрінде монолог және диалог болып бөлінеді: монолог формасында айтылатын сөйлеу жүйесі: әңгіме, баяндау, лекция (ереже, заң терминдері, талқылау, бағалау т.б.) түрінде келеді.
Диалог формасындағы сөз: мұғалім мен оқушы арасындағы сөйлеу негізінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің сөйлеу тілінің коммуникативтік өлшем сапасы осы күнгі әдеби тілге сай: образды, эмоционалды, анық, орыны лекциялық бай мәнерлі, мұғалімнің тіл мәдениетін білдіруге тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу тілінде тағы бір өте жауапты карайтынымыз терминдік сөздер болуға тиіс. Терминдік сөздерді жаза білу оның мазмұн, мән-жайын оқушыға түсіндіре білу. Түрлі жаргондық архаизмдік сөз қолданысына ұқыпты қарау керек. Әр педагогтың өз сөз қолдану талабын ескере отырып, оқушымен қатынас талабына сай, оның логикалық сезіміне, еркіне әсер етерліктей оның интонация темпі, ритмі лайықты құрылуға тиіс.
Мұғалімнің сөйлеу функциясы - ең алдымен білімді оқушылардын, санасына жеткізерліктей болуға тиіс. Оқушыларға жаңа білімді хабарлаған уақытта санасына әсер етумен бірге эмоциялық сезіміне әсер етерліктей болуға тиіс.
Мысалы, сөздің логикалық байланыстығын анықтайтын схема:

Мұғалімнің сөй- леу мақсаты

Хабарлау Дамыту

Біліміне әсер ету Қалыптастыру

Білімінеәсер етумен бірге іс әрекетше тарту

Қабылдау нәти- жесі. Мұғалімнің окушылармен сөзі

Интеллектісін байыту

Берілген білімді ойлап танып жеке бағалы ісіне айналдыру

Білімді өзінің жеке бас мүдде сіне қолдану

Осы жоғарыдағы көрсетілгендей талапты орындай алмаса, сөз өзінің функциясын жүзеге асыра алмайды. Ол формалды болып қалады, оқушылардың санасына білім -тәртібіне әсер ете алмайды. Мұғалімнің сөйлеу тілінің тағы бір атқаратын функциясы - оқушылардың оқу әрекетін нәтижелі ету. Ол үшін сөйлеу интонациясы әр кластарда әр түрлі көлемде болу керек. Мысалы, бастауыш кластарда бір түрлі айқын анық болса, орта, жоғары кластарда класс оқушыларының ерекшелігіне сай айқын болу керек. Егер оқушыларға қатаң дауыс көтерген интонациямен сөйлесек, (тоқтат, үндеме, отыр, жап) т.б. оқушының құлағына дауыс көтерген ұнамайды. Сондықтан оқушылардың құлағына жағымды, ұнамды, жұмсақ гуммандық мәні бар сөздерді іріктеп алу керек.


Мүғалімнің сөйлеу тілінің бір атқаратын функциясы қарым-қатынас, негізгі функцияға жатады.
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас функция-сының негізгі мақсаты оқу-тәрбие жұмысында тиісті нәтижеге жеткізу. Мұның өзі мұгалімнің жеке дара стиліне байланы-сты. Кейбір мүғалім достық-жолдастық, ыңғайласуға бағыттап құрса, кейбір мұғалімдер сыйласу, сенім білдіру сипатына сай құрады.
Мұғалімнің коммуникативтік сөйлеу мәнері, қатынас мәнері жоғары айтылған талаптар негізінде жүзеге асырылған жағдайда өз функциясын жүзеге асыра алады. Педагогтың оқушылар алдындағы айтатын сөздеріне қойылатын талап-тар өзінің ерекшелігімен нақтылана түсу керек. Сөз мұғалімнің көзқарас ерекшелігімен, зейін кабылдауын әсер ету жағынан бағыттылығымен ерекшеленуге тиіс. Мұғалім оқушылар оның сөзін қалай қабылдайды, қандай жері балаға ұнамды, осының бәрі мұғалім алдын-ала болжауға тиіс.
Ырғақ
Сөйлеудің жылдам, жай болуы - дауыс ырғағына байланысты. Эксперименттік тәжірибелерге қарағанда үлкен адамдар бір минутта 120-150 сөз айтуға болады. 5-6 кластар үшін "60" сөзден, 9-11 кластар үшін 75-100 сөзден ас-пағаны дұрыс. Материалдың қиындау жерін жай айту, одан жеңілдеу материалды тез айту, белгілі дауыс ырғағын дұрыс қолдануға байланысгы. Дауыстың мәнерлі болуы үшін логикалық, психологиялық паузаны пайдалану керек. Өзіңнің дауысыңды бағалағаннан кейін: тыныс алу, дикцияны жөндеу, дауыс байланысын жөндеу, оймен байланыстыру қажет.
Пауза, темп жәнс методика интонация жасайды. Мұғаліміпң сөзі - өзінің табиғилығымен мәнерлі болуы керек. Интонациялық байлығымен арнайы жаттыққан дұрыс.
Мұғалім өз даусын дұрыс аңғарып, бағалап тұрақты түрде жаттықтыру керек. Демалуын, дикциясын дұрыстау, дауыс байланысын жасау керск. Мұғалім дауысы, сөзі анық оқушының зейінін аударарлық және ойландырарлық іс-әрекетке жаттығушылық сипатта болу керек. Сонда ғана мұғалімнің сөйлеу техникасы бір қалыпқа келіп, оның негізгі функциясын жүзеге асырады. Педагогтың барлық ішкі тәртібінің дұрыстығын байқатып тұрады.
Мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысына жаттығу, метафора, эпитет, тенеу - сияқты көркемдегіш сөздерді қолдана білу, сөйлеу интонациясын дұрыс жүргізу, өзіңнін, көпшілік алдына сөйлеген сөзіне бақылау жасау, аудиторияға қалай ұнайма соған бақылау бағдарлама жасау керек.
Коммуникативті білгірлікті, бейімділікті, әлеуметтік қарым-қатынас құралдарын пайдалануды бақылау, дамыту, әлеуметтік қиял өзін-өзі реттеу, өз еркіне әсер ету сенімін артғыру сияқты сапаларды дамыту.
Сөйлеу психофизикалық ерекшеліктер, әдет-дағдысын жүзеге асыру.
Жоғарыда көрсетілгендсй мұғалім сезіне байланысты қолданылатын құрал-әдістерді жүзеге асыру, педагогикалық шеберлікті дамыту процесіне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет