Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жеке тұлғаның дамуына әсер етуші факторларды атап беріңіз.
2. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, өмірлік позициясының қалыптасуына не ықпал етеді?
3. Адамның дамуына, қалыптасуына және тәрбиесіне биологиялық және әлеуметтік факторлардың ықпалы.
Лекция №13-14 Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі
Лекцияның мақсаты: Мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсету.
Лекцияның міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңдарындағы қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптардың, оның құқықтары мен міндеттерінің сипаттарын ашып көрсету.
Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиет-сапаларына сипаттама беру,
мұғалімнің жеке тұлғалық құндылық бағдарлары;
мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігінің мазмұнын анықтау;
Жоспары:
Педагогикалық іс-әрекеттің компоненттері.
Педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындық.
Педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.
Мұғалім жеке тұлғаның құндылық бағыттары.
Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы. Мұғалім - тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: болмысы, ерекшелігі, өзара қарым-қатынас. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі.
Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет. Педагогикалық процестің нәтижелігі «педаггтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты.
Құндылық бағыттар – жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы арақатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын, жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ өзіндік «Мен» деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары, жеке тұлға дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелік саласының бірлігі мен арақатынасын білдіретін интегралды және тұлғалық қасиет.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан 1998.-96 б.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы / Егемен Қазақстан. 2007
Назарбаев Н.Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына // Егемен Қазақстан 27.05.2006.
Бала құқығы туралы Конвенция / Қазақстан мұғалімі 5 шілде 1995.
2005-2010 жылға дейін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы / Егемен Қазақстан 11 қазан 2004ж.
Қазақстан Республикасының 12-жылдық білім беру Концепциясы. Алматы, 2002ж.
Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Алматы, 2005ж.
Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары І,ІІ,ІІІ том – Алматы, 2004ж.
Гершунский Б.С. Философия образования для ХХІ века. – Москва, 1998г.
Мижериков В.А., Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую профессую. Москва, 1999.
Жампесова К.К., Бейсенбаева А.А., Иванова Н.Д., Калиева С.И., Тригубова Н.Н., Хан Н.Н., Хмель Н.Д. Формирование исследовательской культуры творческой личности учителя. АГУ им. Абая, Алматы, 2001.
12. Таубаева Ш.Т. Исследовательская культура учителя: методология, теория и практика формирования. Алматы, 2000г.
Достарыңызбен бөлісу: |