Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет19/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
stud.kz-72859

Таңданыс - сұрақтың негізгі мақсаты таңдану сезімін тудыру, жауапты іздеу арқылы ойлау үдерісі белсенділігін арттыру. Білімдегі жаңа ақпаратпен (информациямен) бұрынғы білімнің қарама-қайшы келуі таңданыс сезімінің көзі болып табылады.
Есіне түсіру - сұрақ оқытуда ынталандыру және белсенділігін арттыру үшін үлкен орын алады. Мұндай сұрақтардың негізгі мақсаты - оқушыларға интеллектуалдық және практикалық мәселелердегі қиындықтарды шешуге байқаусыз көмектесу.
Есіне түсіру-сұрақтары тура (сұрақта ізделіп отырған әрекет тәсілі немесе мәселені шешу жолдарының бірі көрсетіледі) және жанама (туындаған қиындықтарды жеңуге тұспалдап көмектесу) болуы мүмкін. Еске түсіру – сұрақтың тура түріне мыналар мысал болады.
«Бұл қиындықтан шығу жолы мынадай болу мүмкін бе?».
«Ал егер шешудің мына жолын байқап көрсек ше?».
«Мүмкін дұрыс жауап мынандай болуы керек шығар…?», т.с.с.
Тұспалдау түріндегі сұрақты тұжырымдап айту күрделірек болып келеді, өйткені ол ақырына дейін айтылмаған ой мағынасында іске асады.
Тұспалдаудың кең тараған түрлерінің бірі үйлестік арқылы іске асырылады. Үйлестік ретінде түсінуге жеңіл және қарапайым түсініктер мен құбылыстар таңдалады.
Мақұлдау - сұрақ өте айқын ынталандыру рөлін атқарады. Мұндай сұрақтың семантикалық құрылымы екі бөліктен тұрады: мақұлдау (мадақтау) және сұрау.
Мақұлдау - сұраққа төмендегідей мысал келтіруге болады:
«Сіздің бағытыңыз дұрыс, бірақ мынаны қалай түсіндіруге болады…?».
«Жарайсың, енді ойланайық, не себепті…?».
«Дұрыс, ал енді мынаны қалай табуға болады…?».
«Айтқаның дұрыс, бірақ оның шешімі (жолы, тәсілі) ретінде ............ қабылдауға бола ма?».
Мұнда, мақұлдау шегі оқушылардың дайындығына қарай міндетті түрде әр түрлі болады. Сонымен сұрақтардың оқыту үдерісіндегі ең елеулі міндеттері ынталандыру болып табылады.
Сұрақ қоюда оқушы қасиеттерінің ішінен:

  • бағыттылығы тұрғысынан дүниетанымын;

  • тәжірибесі тұрғысынан білімін, іскерлігі мен дағдысын;

  • психикалық үдерістер тұрғысынан түйсігін, қабылдауын, ойлауын зейінін, еске түсіруін, сезімін эмоциясын, сенсомоторикасын;

  • темпераментін назарға алу қажет.

Сұрақтар сөз тіркестері арқылы объектіге, құбылысқа, үдеріске т.б. қатысты нақты немесе талдап қорытындыланған түрінде де болады. Оған төмендегідей сұрақтарды салыстырмалы түрде мысалға келтіруге болады (4-кесте).
Сұрақтарға ашық формадағы тесттік тапсырмаларды да жатқызуға болады. Мұнда сұрақ беріледі, жауапты оқушының (студенттің) өзі жазып толтыруы тиіс болады.
Сонымен оқу пәндері бойынша сұрақтарды педагогикалық тапсырма ретінде іскерлік пен дағдыны теориялық тұрғыдан тексеруді жүзеге асыруда қолдануға болады. Оқу материалдарының құрылымына және оқушылардың түсінуіне сәйкес қойылған сұрақтар тексеру, дамыту функцияларын атқарады.
Өндірістік технологиялық іс-әрекетке тән тапсырмалардың түрлері
Технологиялық тапсырмаларды шешу кезінде технологиялық үдерістерді, дайындаманы таңдау арқылы еңбек операцияларының дұрыс реттілігін анық түсіндіру және студенттерді олардың жиынтығы тұрғысынан әрқайсысы (операция, тәсіл, қозғалыс, т.с.с.) бойынша талдау жүргізуді үйрету қажет.
Танымдық технологиялық тапсырмалардың тектерін (типтерін) төмендегіше топтастыруға болады:
І тек (тип). Объектіні, құбылыстарды (технологиялық үдерістерді) сипаттау (таптастыру).
ІІ тек. Технологиялық үдерістерді орындаудағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, құбылыстың себебін түсіндіру.
ІІІ тек. Негізгі ұғымдардың мәнді белгілерін, байланыстарын және қатынастарын белгілеу (табу), олардың құрылымын моделдеу.
ІV тек. Кешенді және оның ішінде пәнаралық есептерді шешу.
V тек. Технологиялық үдерістерді орындауда тапсырмалардың алгоритмін өзбетінше құру.
Педагогикалық тапсырмаларды оқу-тәрбие ісінде пайдалану оқушылардың өндірістік технологиялық даярлығын арттыруға негіз қалайды және жұмыстың нәтижелілігін жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет