Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет27/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Сыныптан тыс жұмыс түрлерін атаңыздар және оларға сипаттама жасаңыздар.
2. Үйірменің негізгі түрлеріне түсінік беріңіздер.
3. Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптарды атаңыздар.
4. Үйірме жұмыстарының дидактикалық ерекшеліктеріне түсінік беріңіздер.
14-лекция. Тақырыбы: Жалпытехникалық дайындық пәндерін оқыту әдістемесі
Жоспары:
1. Машинатану негіздерін оқытудың мақсаты, міндеттері және мазмұны.
2. Машинатану негіздерін оқыту бойынша оқу материалдық базаның жабдықталу ерекшеліктері.
3. Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
Лекция мақсаты: Мектептің жоғары сынып оқушыларына машинатану курстарын оқыту бойынша әдістемелік ерекшеліктерді ұғындыру.
Лекция мәтіні: Жалпытехникалық дайындықты қамтамасыз ету үшін жоғары сынып оқушыларына арнайы пәндер оқытвлады. Сол себепті де, олардың мазмұндық ерекшеліктері болады.
Еңбекке баулудың, тәрбиелеудің және оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстарының нәтижелілігі көбіне дұрыс ұйымдастырылған оқу-материалдық базаларға, оның бөлмелері мен шеберханаларға, олардың оқу көрнекі құралдармен және оқу жабдықтармен, материалдармен, техникалық оқу құралдармен жабдықталу дәрежесіне байланысты болып келеді.
Әрбір тақырыпта қарастырылатын еңбек құралдары оқу үдерісінде төмендегідей функциялар атқарады:
1. Жаңа сабақты түсіндіруде оны пайдалану.
2. Теория мен практиканы байланыстыруда және жаңа материалға байланысты практикалық сипаттағы ептіліктерді қалыптастыруда оларды қолдану.
3. Жаратылыстану ғылымы пәндері циклі бойынша заңдар мен заңдылықтарды практикалық тұрғыда жүруіне көз жеткізетін құралдардың бар болуы.
4. Теорияны практикада тексеру құралдары.
5. Іскерлік пен дағдыны бекіту құралдары.
6. Оқу материалдары мен практикалық дағдыларды тексеруде білім мен іскерлікті бақылау құралдары.
7. Материалдарды өңдеудегі еңбек, технологиялық құралдар.
Ағаш өңдеу шеберханасында негізінен ағаш және олардан алынған өнімдерді өңдеу жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқушылар білім, іскерлік пен дағдыны игереді. Оқушылардың қауіпсіз еңбек етуін қамтамасыз ету және олардың еңбегін қорғау мақсатында верстактардың биіктігі реттеліп тұру мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Верстактың биіктігі оның жанында тік тұрған оқушының алақаны верстактың, қақпақтың үстіңгі бетіне қолы еркін тиіп тұруы тиіс, яғни верстактың биіктігі оқушының бойына тікелей байланысты болады.
Ағаш өңдеу бойынша шеберхана жоспарланғанда және ұйымдас-тырылғанда төмендегі құрылымдық элементтер назарда болуы тиіс: 1 - оқушы мен мұғалімнің верстактары; 2 – мұғалімнің столы; 3 - сынып тақтасы; 4 – мұғалім орындығы; 5 – бұрғылау станогы; 6 – ағаш токарь станогы; 7 – секциялары бар шкафтар; 8 – демонстрациялайтын қалқан; 9 – стеллаж; 10 – жону-аралау станогы; 11 – қайрау станогы; 12 – ОТҚ арналған тасымалдау арбасы; 13 – ОТҚ (оқытудың техникалық құралы) пайдаланатын тұғыр; 14 – электрді бөлу қалқаны.
Шеберхана ауданы 70м2, 80м2 болады. Әрбір верстактың арасы 0,7м, ал бірінші верстак пен мұғалімнің жұмыс орнына дейінгі қашықтық 2 м болады.
Ағаш өңдеу шеберханасын жоспарлағанда төмендегі талаптарға назар аудару қажет:

  • тізімде қарастырылған жабдықтарды санына сәйкес орналастыру;

  • қауіпсіз еңбек ету ережелерін сақтау;

  • жұмыс орнының мөлшерлі жарықтануын қамтамасыз ету;

  • жабдықтарды ыңғайлы пайдалану;

  • шеберхана жабдықтарын орналастыру кезінде бар мөлшерді сақтау.

Жеке жұмыс орындарына жарықтың сол жақтан түсуі қамтамасыз етіледі. Жұмыс орындары табиғи және жасанды жарықтармен аралас жарықталуы жоспарланады.
Ағаш өңдеу шеберханасындағы бір адамға есептегенде ауаның алмасуы 20 м3/сағат болуы тиіс. Шеберханадағы ауаның ауысымы станокпен жұмыс кезінде 250 м3/сағат, желімді жұмыс барысында пайдаланатын болса, онда ауа ауысымы 350 м3/сағатқа жетуі керек.
Ағаш өңдеу шеберханасында негізінен мұғалімнің жұмыс орны ерекше жабдықталады. Оның себебі, мұғалімнің оқушыларға оқу материалдарын түсіндіруді, еңбек іс-әрекеттерін көрсетуді және олардың жеңіл қабылдауын қамтамасыз етуінде.
Ағаш өңдеу оқу шебеберханасында ағашты қолмен және механикалық өңдеу, яғни станоктарда өңдеу жүзеге асырылады. Осыған байланысты оқушылардың жұмыс орнын жеке және ұжымдық пайдаланатын жұмыс орны деп шартты түрде бөлуге болады. Оқу шеберханаларындағы жұмыс оқушының жұмыс орны норматив ағашты өңдеу үшін 4...5 м2, кішігірім станоктарында 5...6 м2 аудан бөлінген ауданнан жұмыс орны аз болмауы қажет.
Аралас станок стол үстінде сүргілеу және дискалы ара -1 дана, стол үстінде қойылатын ағаш өңдеу токарь станогы 2-дана, ЭТ-62 (электроқайрақ) типтегі электр қайрақ 1-дана, НС-12 типтегі бұрғылау станогы - 1- дана. Шеберханаларға жабдықтарды таңдап алуда, әр түрлі типтегі станоктарға қойылатын талаптарды ескеру керек.
Бұрғылау станогы. Көпшілігінде ағаш және металды бұрғылауда, мектепте бұрғылау диаметрі 12 мм дейінгі бұрғылау станогы тиімді. Бұрғылау станоктарының жалпы мәліметі төмендегідей. Ең үлкен диаметр 12 мм, дөңгелек стол 200х250 столдың қолмен көтерілуі 100-150 мм. Шпиндельдің шығуы 100-150 мм электроқозғалтқыштың қуаты 0,25-0,3 квт.
Қайрау станогы. Ағаш және металл өңдейтін құрал-саймандарды қолмен қайрау үлкен қиындық тудырады. Оқу шеберханалары үшін қайрау станогының шығарылған қозғалтқыш өсінің екі шетіне дөңгелек қайрақтар бекітіледі.
Ағаш өңдеу токарь станогы. Стол үстіне қойылатын СТД-120 ағаш өңдеу станогі және оның толықтырылған бұрғылау жабдығы түрі СТД-120М мектеп қабырғасында кеңінен қолданылады.
Центр аралығының ең үлкен қашықтығы 500 мм, центр биіктігі 120 мм, сондай-ақ алдыңғы топайы электроқозғалтқыш қызметін атқаратын және өңделетін дайындама бекітілетін тетікпен жабдықталған токарь станоктары да қолданады.
Дискалы ара. Оқу шеберханалары үшін аралас дискалы ара станогы орнатылады. Пышақ ұзындығы және дисканың диаметрі 120 мм. Дискалы арада қосымша жабдықсыз-ақ ағаш аралаумен қатар шпунт, фальцы, т.б. кеседі.
Мектепте И-2УА типтегі электросүргілер, И-93 маркілі электролобзик, И-78 марклі дискалы ара т.б. кең көлемде қолданылады. Аталған құрал-саймандарды мектептерде пайдалану өте тиімді бірақ олармен жұмыс істеу мұғалімге ғана рұқсат етіледі.
Шеберханада жабдықтарды орналастыруда көптеген талаптарды ескеру керек. Механикалық жабдықтарды мұғалімнің жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналастырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың станоктарды және станоктардағы жұмыстарды қадағалауына жеңіл болады.
Дискалы арамен сүргілеу станоктарын қосымша бөлмеге орналастыру керек. Верстактарды және станоктарды орналастыруда, жарықтың оқушылар-дың жұмыс орнына түсуіне өзара орналасу қашықтықтарына қойылатын талаптарды орындау керек. Шеберханаларда оқушылардың дайындап аяқталмаған жұмыстарын сақтайтын орын болуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда көптеген қиындықтар туындауы мүмкін.
Ағаш өңдеу шеберханасы «Ағаш өңдеу» деп аталатын кестелер комплектісімен және «Мектеп оқушысы ағаш жөнінде не білуі керек», «Мектеп шеберханаларында ағаш өңдеген кездегі қауіпсіздік техникасы», «Мектеп шеберханаларында бұйымдар жасау технологиясы» деген диафильмдермен жабдықталады.
Мектеп шеберханаларында оқу үдерісін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі материалдарға, жабдықтарға, аспаптарға деген қажеттілікті жоспарлау болып табылады. Бұл мәселелер мектептің оқу-өндірістік ортасына байланысты болып табылады және өз кезегімен шешімдер қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет