Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет30/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. Жалпытехникалық дайындық негіздері бойынша машинатану білімдерін орта мектепте оқыту қай сыныптарда басталады?
2. Жалпытехникалық дайындық үшін материалдарды өңдеу тақырыптарында қайсы оқу материалдарына басымдық беру керек?
3. Не себепті өндірістік есептерді, лабораториялық жұмыстарды орындауға басымдық беріледі?.

15-лекция. Тақырыбы: Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі


Жоспары:
1. Жоғары сыныптарда оқытылатын арнайы пәндер мазмұны.
2. Оқу материалдық базаның жабдықталуы.
3. Оқу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Лекция мақсаты: Жоғары сыныптарда кәсіптік дайындық бағытында оқытылатын арнайы пәндерді оқыту ерекшеліктері жөнінде теориялық мағлұматтар беру.
Лекция мәтіні: (Мал шаруашылығы негіздерін оқыту мазмұны мысалында)
Технология пән бағдарламасына сәйкес 7-сыныпта үй жануарларын ұстау және оларды бағып-күту қарастырылады. Ол төмендегідей мазмұнда берілген.
Ауыл шаруашылық жануарларынан: қоян, ірі қараның төлі, жылқы.
Осыған байланысты ауыл шаруашылық жануарлары және адам тіршілігіндегі олардың маңызы; әр түрлі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау ерекшеліктері; тірі организмнің қоршаған ортамен байланысы; күн сәулесінің маңызы; жануарлардың ішетін суына қойылатын талаптар; жануарлардың өнімділігіне күтім жағдайының ықпалын қамту керектігі жөніндегі теориялық мағлұматтар белгіленеді.
Сондай-ақ теориялық мағлұматтарда мал азығын, өсімдік тектес мал азығын, малдан алынатын және минералдық азықты зерделеу ұсынылады; ауыл шаруашылық малдарының өнімділігін арттыру факторларын (күту, ұстау, бағу, суару және т. б.), мал шаруашылық салаларын және негізгі шаруашылық малдарының өнімділік бағытын зерделеу қарастырылған; мал азығын азықтандыруға дайындау тәсілдерін: механикалық, жылулық, химиялық, бактериологиялық, олардың экономикалық тиімділігін; мал азығын өңдеудің технологиялық үдерістерін; ауыл шаруашылық малдарын тиімді қоректендіруді; мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың мамандығын оқып үйрену белгіленеді.
Көрнекі демонстрациялау бойынша оқушыларға «Ауыл шаруашылық еңбегі» сериясынан кестелерді, «Ірі қара малдың қазіргі мал кешені» диафилмін көрсету нұсқау етіледі.
Оқушылар үшін практикалық жұмыс реттіліктері: үй жануарларын бағып-күту, суару, ақырды, торды тазалау және т. б. жұмыс түрлері орындалады. Практикалық жұмыстарда оқушылардың іс-әрекеттері үлгі бойынша мал азығы түрлерін оқып үйрену, сыртқы белгілері бойынша олардың сапасын анықтау, малдарға азық беру қарастырылады. Сондай-ақ оқушылар жасайтын малдарға жем шөп дайындау; фермадағы кейбір жұмыстарға және мал азығын беруге қатысу; әр түрлі малға азық беру мөлшерлерінің есебін жүргізу іс-әрекеттерін орындау қарастырылады.
Топсеруен объектісі мал фермалары, мақсаты ауыл шаруашылық жануарларын бағып-күтумен танысу.
Пәнаралық байланыс материалдарынан: үй жануарлары жылдың әр кезеңінде (Табиғаттану, ІІІ сынып); өлкеміздің үй жануарлары (Табиғаттану, ІV сынып); жер шарындағы хайуанаттар әлемінің алуандығы; құрғақты мекен ететін хайуанаттар және суда тіршілік ететін хайуанаттар; адам хайуанаттарды қалай пайдаланады (Табиғаттану, V сынып) оқу материалдарын еске түсіру орындалады.
Технология пән бағдарламасында көрсетілген теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекет мазмұны сабақ барысында басшылыққа алынады.
Мал шарушалылығын оқытуда практикалық жұмыстарды ұйымдастыру
Практикалық жұмыс мектептегі оқытудың өте құнды әдістері болып табылады. Оқушылардың жаңа білім алуы мақсатында немесе теориялық білімді бекітуі мақсатында лабораторияларда, мектеп шеберханаларында және мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде мұғалімнің оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін ұйымдастыруы бұларға тән сипат. Бұл әдістер бір топқа біріктірілген, өйткені оқушылардың түрлі білім көздерімен және заттарымен өздігінше жұмыс істеуі осылардың негізіне алынған.
Мектептегі лабораториялық және практикалық жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым саналы түрде және берік игеруге көмегін тигізеді; бұларды істегенде оқушылар дидактикалық принциптерді (көрнекілік, саналылық пен белсенділік, теория мен практиканың байланысы) жүзеге асырады. Бұлар әртүрлі приборлар мен құрал-саймандарды пайдалануда практикалық ептіктіліктер мен дағдыларды қалыптастырады.
Бұл жұмыстар еңбек мәдениетіне тәрбиелеуге жәрдемдеседі - құрал-саймандарды тапсырғанда ұқыптылыққа үйретеді. Бұл жұмыстардың тиімді болуы үшін құрал-жабдықтар дұрыс болып, жақсы нұсқау берілуі қажет. Ондай шарттар орындалмаған жерде бұл әдістің педагогикалық бүкіл құндылығы зая кетеді.
Практикалық жұмыстар зерттеу тұрғысынан да - бақылау жүргізу және өздігінше қорытынды жасау және жинақтау үшін (негізінен жаңа білімдерді меңгеру үшін), сондай-ақ теорияны нығайту үшін, яғни дәлелдеу үшін де (көбінесе мұғаліммен сыныпта талқыланған тақырып бойынша білімді бекіту және тереңдету үшін) жүргізіледі.
Күнделікті сабақтарда мұғалімдер теорияны практикамен ұштастыруға барынша көңіл бөлуге тиіс. Сабақтарда өндірістік - практикалық маңызы бар, лабораториялық жұмыстар жүргізіп отырғаны жөн. Практикалық маңызы ескерілумен, мұндай жұмыстар бастауыш сыныптардан бастап, он бірінші сыныпқа дейін жүргізіледі. Лабораториялық-практикалық жұмыстарды бағдарламаға сәйкестендіріп, жыл бойы жүргізуге болады. Белгілі бір тақы-рыпты өткеннен кейін, оған арналып лабораториялық жұмыс жүргізіледі. Лабораториялық-практикалық жұмыстың оқыту үдерісінде зор маңызы бар. Өйткені, оқушы алған білімін күнделікті қажетті заттарды жасауға қолданады.
Практикалық жұмыстардың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімдерін бекітіп, оны іс жүзінде пайдалана білуге үйрету, практикалық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Практикалық сабақтарды нәтижелі өткізудің бірнеше жағдайлары бар, олар:
1. Мүмкін болғанынша тәжірибелерді әрбір оқушының өзіне жасату қажет. Ол үшін мұғалім лабораториялық жабдықтарды оқушылардың санына қарай алдын-ала даярлап қоюы керек.
2. Практикалық жұмыстардың мақсаты, даярлану жолдары бір сабақ бұрын түсіндіріледі. Нені және қалай бақылау керектігімен, бақылауды қорытындылау тәсілдерімен таныстырылады. Оқушылар үйлерінде оқу-құралдарын және жетекші нұсқауларды оқып, тәжірибенің жүру тәртібін жазып келеді, прибордың, құралдардың т. б. суретін, схемасын салады.
3. Практикалық жұмыстарды бастау алдында оқушыларға бұрын таныс емес жұмыстарды мұғалімнің өзі жасап көрсетеді. Жеке жұмыстарды жасаған кезде болатын кейбір қателер туралы ескертіп, оларды болдырмаудың жолдарын түсіндіреді.
Практикалық жұмыстар кезінде әрбір оқушының жұмысы қатаң бақылауға алынып, тиісті жәрдем көрсетіледі. Толығырақ бақылау үшін сынып оқушыларының бір тобын ғана бөліп алуға болады. Оқушылардың жіберген қателерін өздеріне түзеттіріп, мүмкіндігінше, олардың өздігінен жұмыс істеуін бақылайды.
Мектеп бағдарламларында оқушылардың пәндік біліктерді игеруіне ерекше көңіл бөлінеді. Әр тараудан, тақырыптан кейінгі практикалық сабақтар оқушының алған білімін іс жүзінде пайдалануына, білігін тұжырымдап қорытындылауына бағытталады. Сабақ барысында оқу материалдарының мазмұнына сәйкес өз іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру, уақытты, жұмыс орнын тиімді пайдалану біліктері мен қорытындылау, салыстыру, талдау сияқты ой-лау тәсілдері жетілдіріледі. Осыған байланысты білімді игеру, жетілдіру, тәрбиелеу сияқты еңбек курсының жалпы міндеттерін ескере келе мұғалімнің әр практикалық сабақтың мақсатын жете түсініп, оны оқушы санасына толық жеткізуі керек. Оқушылардың практикалық сабақта алдында тұрған мақсатты жете түсінуі, алған білімдерін іс жүзінде саналы пайдалануына, сол сияқты тәжірибе жасағанда, дұрыс қорытынды жасауына мүмкіндік береді.
Практикалық сабақтарда әр оқушының өзіне тиісті орнының, практикалық жұмысқа арналған бұйымының, жұмысты жеке не екі оқушы бірігіп істейтіндей мүмкіндіктің болуы көпшілікке белгілі. Мұғалім бұл сияқты міндетті мәселелерге көңіл бөлумен қатар, жүргізу әдісіне баса назар аударғаны жөн.
Практикалық жұмыстарда малдардың өсіп-өнуі үшін қажетті шарттарға назар аударылады. Оның ішінде барлық малдар үшін жарық үлкен роль атқарады. Әсіресе, ол жас малдар үшін өте қажет. Күн сәулесінің әсерінен жас малдардың рахит ауруының алдын алуы мен скелеттері жақсы дамуы үшін мал терілерінде D дәрумені түзіледі. Күн сәулесі сондай-ақ ауру тарататын микробтарды жояды. Малдар жарықты түрліше қабылдайды.
Ауа, су, жылу ауыл шаруашылық малдарының барлығына қажет. Оларды күту әр бір мал түрлеріне байланысты тиісті ерекшеліктері бар.
Үй жануарларын өсіру мен күтуде ең қолайлысы қоян болып табылады. Сондықтан да оларды мектепте, үйде, шаруашылықтарда өсіру ыңғайлы, әрі көп қиындық тудырмайды. Олардың өнімділігі басқа үй жануарларына қарағанда жоғары болып есептеледі.
Қояндарды ұстаудың және оларға күтім көрсетудің ерекшеліктері.
Қояндар төменгі температураны оңай өткереді, сондықтан еліміздің орта және оңтүстік аймақтарында оларды жыл бойына торда ашық ауада ұстауға болады. Сонда малдар таза ауамен және күн сәулесімен қамтамасыз етіледі. Торларды суық желден сақтайтын етіп орналастырады.
Солтүстік аудандарда қыста қояндарды жақсы желдетілген жылытылмаған бөлмелерде, ауа температурасы сыртқыға қарағанда бірнеше градус жоғары температурада ұстайды.
Дені сау қояндарды өсіру және олардан жақсы өнім алу үшін, төмендегі шарттарды орындау қажет.

  • Қояндарды өтпелі желден және ылғалдан сақтау.

  • Күн сайын торды тазалау және астындағы төсемді ауыстыру.

  • Күн сайын астауды тазалау, ішетін суды ауыстыру.

  • Аптасына бір рет астауды және су ішетін ыдысты ас содасы қосылған ыстық ерітіндімен дезинфекциялау.

  • Қоянқораға микробтар түспеуі үшін, оған кірер алдында дезинфекцияланған ерітіндімен ылғалданған кілемше төсеу.

  • Жұмысты өте тыныш орындау, қажеттілік болмаған жағдайда торды ашып, қояндарды дегбірсіздендірмеу.

  • Қояндарды орындарынан ауыстыруда ережедегідей етіп ұстау.

Мектеп оқушылары үшін практикалық жұмыстарға басшылық жасайтын жазба материалдарды, жұмыстар реттілігін сипаттайтын оқу материалдарын дайындау керек. Осы мақсатта ауыл шаруашылық малдарын зерделеу тақырыптары бойынша практикалық жұмыстардың мазмұны берілген.
Практикалық жұмыс. Пішеннің сапасын анықтау
Ж ұ м ы с т ы ң б а р ы с ы

  1. Үстел бетіне полиэтиленді пленка немесе газет төсеңіз.

  2. Пішеннің үлгісін алыңыздар (200-300 г. бума салмақта).

  3. Пішеннің түсін (жасыл (көк), сұр-жасыл, қоңыр-көк, ашық-жасыл, ақшыл, ашық-сары, қоңыр-сары, қоңыр, қара) және оның иісін (хош иісті, шірік иіс, көгерген) анықтаңыздар.

Жақсы пішен жасыл немесе қоңыр-көк түсте болуы қажет. Ашық-сары түс пішеннің кебуі кезінде оған жаңбыр түскеннен болады, пішендерде жұғымды заттар аз болады. Күн көзінде кептірілген пішен ашық, ақшыл түске ие болады. Пішенді қайта кептіру кезінде олардың құрамындағы жұғымды заттар азаяды. Қоңыр - сары, қоңыр және қара түсті пішендер бұзылған деп қарастырылады.

  1. Сынаққа алынған пішенде шіріген немесе көгерген өсімдіктердің бар, жоғын анықтаңыздар.

  2. Пішеннің шамамен ылғалдылығын анықтаңыздар. Ол үшін үлкен емес бума пішенді шыйратылған түрде бұраңыз және осы кезде пішенде не жүретінін бақылаңыз.

Пішеннің ылғалдылығы қажетті мөлшерде болса, онда пішен жақсы бұралып шыйратылады. Қатты кепкен пішен бұрау кезінде жарылады және сынады, ал сілку кезінде сыбдырлап дыбыс шығады. Жақсы кеппеген дымқыл пішен сыйпалағанда салқын тиеді, тек көп бұраған кезде ғана үзіледі (сынады).

  1. Пішеннің ботаникалық құрамын анықтаңыз. Оған үлгі үшін алынған пішенді жеке өсімдіктерге немесе олардың сақталған бөліктерін ажыратыңыздар.

Өздерің білетін өсімдіктерді бөліп алыңдар. Кесте, үлгі, гербарий бойынша пішенде басқа қандай өсімдіктер түрі кездесетінін және олардың ішінде жеуге жарамды, улы өсімдіктер барын анықтаңыздар. Анықталған өсімдіктердің атауын дәптерге жазыңдар.

  1. Өсімдік өсуінің, дамуының қандай фазасында пішен орылған (гүлді қауыз, гүлдеу, түқым түзілу). Өз уақытында, мерзімінде орылған пішендегі өсімдіктерден гүлді қауызды, гүлдерді көруге болады. Егерде пішенде піскен жеміс пен тұқым кездессе, онда шөп кеш орылған. Пішенді дайындау кезінде гүлді өсімдіктерде қоректік жұғымды заттар мөлшері гүлді қауыз фазасында едәуір көп болады.

  2. Пішеннің жапырақтануын анықтаңыз. Ол үшін үлгіге алынған өсімдік жапырақтарының қалай сақталғанын мұқият қараңыз. Пішенді дайындау кезінде жапырақтың түсуі, оның құндылығын төмендетеді. Жапырақтар сабақтарға қарағанда екі еседей жұғымдылыққа бай.

Практикалық жұмыстардың оқушыларға кәсіптік дайындықты жүзеге асыру үшін арнайы пәндерді оқытуда тиімділігі жоғары болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Орта мектепте жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулу (оқыту) бойынша қандай бағыттар анықталған.
2. Ауыл және қала мектептері үшін дайындық бағыттары сараланған ба?
3. Оқу материалдық база мәселесін шешу үшін қандай ұсыныс жасаған болар едіңіз?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет