Лекция тезистері лекция тақырыптары 2 сағатқа арналып жасалған. 1-лекция. Тақырыбы: Жалпы техикалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәніне кіріспе. Курстың пәні. Жоспары



бет22/30
Дата05.10.2023
өлшемі0.56 Mb.
#479914
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
stud.kz-72859

Бақылау сұрақтары:
1. «Технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдарына түсінік беріңіздер.
2. Оқытудың бірыңғай технологиясының мәнін түсіндіріңіздер.
3. Танымдық іс-әрекеттің психология-дидактикалық құрылымын 4-сурет бойынша түсіндіріңіздер.

10-лекция. Тақырыбы: Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабаққа дайындығы


Жоспары:
1. Мұғалімнің сабаққа даярлану кезеңдері.
2. Мектеп мұғалімінің сабаққа дайындалуындағы жоспардың рөлі.
3. Еңбек объектілерін іріктеу және мөлшерлеу.
4. Күнделікті сабақ жоспарының құрылымы.
5. Технология пән мұғалімінің сабақ өткізуі.
Лекция мақсаты: Технология пәні (кәсіптік оқыту) мұғалімінің сабаққа дайындалуы іс-әрекеттері жөнінде теориялық мағлұматтар беру
Лекция мәтіні:
Білім беру үдерісін жүзеге асырудың жолы, оқытудың негізгі формасы сабақ екендігі белгілі. Сабақ жөнінде П.Р.Атутов «әрбір сабақ оқушының білім ғимаратының бір бөлігі» ретінде қарастыру керектігін және оны әрбір мұғалімнің жадында берік ұстану қажеттігін айтқан болатынды. Себебі сабақта білім берумен (ұсынылуымен біргелікте оны оқушының меңгеруі) қатар, практикалық іс-әрекеттерді орындаудағы іскерлік пен дағдылардың, сапалық қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асырылады. Сабақтың нәтижелі болуы (екі жақты үдерісс ретінде) мұғалім мен оқушының қатынасына байланысты.
Көбіне мұғалімнің, оның ішінде технология пәні мұғалімінің даярлығы келесі сабақ тақырыбына сәйкес мазмұны мен жоспары бойынша қарастырылады. Сабақта педагогикалық іс-әрекет, оқу жұмыстары жүзеге асырылатын болғандықтан, сабаққа даярлықтың құраушыларын және сипаттамаларын әрбір мұғалімнің білуі шарт.
Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда «даярлық» оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға сәйкес мұғалімнің дайындығы, нәтиже ретінде қарастырылады, оның ішінде әдістемелік дайындығы мұғалімнің педагогикалық қызметке кіріктірілген дайындығы болып табылады.
Пән мұғалімдерімен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар негізінен оқыту үдерісін жетілдіру бағытында орындалады. Мұғалімінің әдістемелік дайындығы оқытуды сапалы ұйымдастырудың бір шарты екендігі белгілі.
Қазіргі уақытта технология пәні мұғалімдерімен ұйымдастырылып жүрген әдістемелік жұмыс көп жағдайда сын көтермейтіні баршаға мәлім. Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында талқыланатын тақырыптар мұғалімдердің қажеттілігіне, олардың дайындық дәрежесіне сәйкес емес, формалды түрде алынған, сондықтан оларды қызықтырмайды. Әдістемелік жұмыстың мазмұны көбіне біржақты болып келеді, жүйелі түрде қаралып, мазмұнының барлық құрамдас салалары қамтылмайды. Мысалы, әдістемелік жұмысты жоспарлағанда, ұйымдастырушылар оның тек дидактикалық мазмұнына ғана көңіл аударады да, басқа салаларын ескермейді.
Технология пән мұғалімдерімен әдістемелік жұмыс ұйымдастырғанда ең алдымен бұл жұмыстың өзіне тән ерекшеліктерімен қатар практикада қалыптасқан бірқатар кемшіліктер ескеріледі. Олар, біріншіден: технология пән мұғалімдерінің педагогикалық-психологиялық дайындығының төмен дәрежеде болуы (мамандығы басқа, немесе мамандығы жоқ адамдар), оқушылардың жас, жыныстық, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін білмеуі;

  • сабақ беру, практикалық жұмыс, сыныптан тыс жұмыстардың (үйірме, факультатив, т. б. … .) ұйымдастыру әдістемесін жетік меңгермеуі;

  • оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас әдістемесіне көңіл бөлмеуі;

  • кабинетті, оқу шеберханаларын жабдықтау, безендіру, қажетті техникалық т. б. құралдарды (станоктарды, т. б.) дұрыс пайдалана алмауы;

  • қоғамға пайдалы, өнімді еңбек ұйымдастыру әдістемесін, сабақ беру әдістемесін жетік білмеуі.

Екіншіден: технология пән мұғалімдерінің мектепте аз болуына (1-2 адам, әрі кетсе 3-4) байланысты олармен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру қиынға түседі, яғни бұлар басқа пән мұғалімдерімен бір бірлестікте болады, ал әдістемелік жұмыстың мазмұны ол мұғалімдердің қажеттілігін ескермейді, сондықтан технология пән мұғалімдері тек формалды түрде қатысады немесе әдістемелік жұмысқа тартылмайды.
Үшіншіден: технология пән мұғалімдерін мектептерде көп жағдайларда оқытушы емес, қосымша жұмысшы ретінде пайдалануы, сондықтан олардың сабағына, әдістемелік шеберлігін жетілдіруге ешқандай көңіл бөлінбеуі;
Төртіншіден: технология пән мұғалімдерімен аудандық әдістемелік кабинет жұмысының жеткілікті атқарылмауы, себебі – кабинет штатында технология пәнін оқыту ісімен айналысатын әдіскердің болмауы.
Қазіргі уақытта мектептерде технология пән мұғалімдерінің әдістемелік жұмыстары бойынша кемшіліктерін түзеу мақсатында, әдістемелік жұмысты қалыпқа келтіру үшін оның маңызына, мазмұнына, түрлеріне оны түзету жолдары қарастырылған.
Мектептегі әдістемелік жұмыс – педагогика ғылымының, озат тәжірибе-сінің жетістіктеріне, нақты мектептің оқу-тәрбие үдерісін талдау нәтижелеріне негізделген, біртүтас жүйе, бір-бірімен тығыз байланысты мұғалімнің кәсіптік шеберлігін жетілдіруге, педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, шаралар. Тегінде осылардың барлығы мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жоғары дәрежеге көтеруге ықпал жасайды. Әдістемелік жұмысты, жоғарыда айтылғандай, іс-әрекет тұрғысынан біртұтас жүйе ретінде қарастырса, ол мынадай құраушылардан тұрады.
Технология пән мұғалімі ұйымдастыратын сабақтар негізінен аралас немесе көбіне практикалық сипатта болады. Осыған байланысты пән мұғалімі сабақтың құрылымына сәйкес ұйымдастыру, үй тапсырмасын қайталау, білім мен іскерлікті тексеру, мақсат қою, жаңа материалды түсіндіру, түсінікті тексеру және оны оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырумен бекіту, үйге тапсырма беру кезеңдері бойынша даярланады.
Жалпы білім беретін мұғалімдердің апталық жүктемесіне сәйкес, олардың нақты сабақты ұйымдастырудан тыс уақыттарын тиімді пайдалану керектігі көбіне ұмыт болып жатады. Кейбір жағдайда мұғалім еңбегі басқа өндірістік, еңбек сфераларының қызметіне қарағанда оңай көрінеді. Ол түсінік дұрыс еместігін педагог-ғалымдарымыз өз жауаптарында алға тартады. Мәселен, аптасына 16-18 сағат сабақ беретін орта мектептің мұғалімі күн сайын 1 сағаттық сабаққа даярлану үшін 3 сағат шамасында уақыт жұмсауы тиіс. Ертеңгі сабақты толық мәнді ұйымдастыруы үшін үш сағат мөлшерінде мұғалім қандай іс-әрекеттерді орындайды? Технология пән мұғалімі сабаққа дайындалу барысында төмендегідей іс-әрекеттерді қамтиды.
Технология пән мұғалімінің сабаққа дайындалудағы тақырыпқа сәйкес дайындық жұмыстарының мазмұны:

  1. Бағдарлама және оқу құралдары бойынша бөлімнің, тақырыптың мазмұнын зерделеу.

  2. Тақырыптың тәрбиелік (тәрбиелеу), дидактикалық және дамытушылық функциясын анықтау, белгілеу.

  3. Тақырыпты зерделеу кезінде қалыптастырылатын ұғымдар, білімдер және іскерліктер тізбегін белгілеу.

  4. Тақырып бойынша пәнаралық байланыстарды анықтау және тіректі білім мен іскерліктерді белсендіру тәсілдерінің мүмкіндігін анықтау, белгілеу.

  5. Көрнекі құралдар мен техникалық құжаттарды іріктеп алу.

  6. Бағдарламада шамамен алынған еңбек объектілерін іріктеу.

  7. Алдағы сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың, бейімдеу құралдарының, материалдар тізбегін анықтау.

  8. Практикалық жұмыстар мазмұнын және оларды ұйымдастырудың формаларын белгілеу.

  9. Кәсіптік бағдар жұмыстарының мазмұнын және формаларын іріктеп алу.

  10. Оқу материалдарын сабақтар жүйесіне сәйкес үлестіру.

Технология пән мұғалімі оқушыларды еңбек объектілерін даярлау үдерісіне қатыстырады. Сол үшін пән мұғалімі төмендегідей талаптарды қанағаттандырады:
1. Еңбек объектісінің технология пән бағдарламасына сәйкестігін.
2. Еңбек объектісін дайындауда оның тәрбиелеу және дамыту функциясын атқаруды.
3. Еңбек объектісін дайындауда сабақтастықты жүзеге асыруды.
4. Еңбек объектісін дайындауда шамаға лайықтылық пен қажетті күрделіліктің үйлесімділігін.
5. Еңбек объектісінің педагогикалық мақсаты мен қоғамдық (жеке бастық) мақсаттылықпен үйлесімділігін.
6. Еңбек объектілерінің оқушы шығармашылығы бастамасын дамытуды жүзеге асыруын.
7. Еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын.
Мектепте технология пән мұғалімінің дайындығын айқындау жүзеге асырылады. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін анықтайтын диагностикалық картада төмендегі сұрақтарды қарастырады:

  • тақырыптық және әр сабақ жоспары;

  • сабақ барысында оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруы;

  • жаңа бағдарлама мен оқулықтар мазмұнын меңгеруі;

  • сабақ барысында пәнаралық байланыстарды пайдалану;

  • оқушылардың таным белсенділігін дамыту;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

  • оқушылардың қабілеттеріне байланысты топтарға бөліп оқыту;

  • оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру;

  • оқушыларды өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға үйрету;

  • сабақ барысында ойын әдістерін пайдалану;

  • техникалық көрнекі т. б. құралдар пайдалану;

  • кәсіби бағдар беру;

  • өз жұмысын, сабағын, өзі талдау;

  • қауіпсіздік техникасын сақтау;

  • пән бойынша сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру;

  • оқу барысында қоғамға пайдалы, өнімді еңбекті ұйымдастыру;

  • жазғы мезгілде қоғамға пайдалы, өнімді еңбекті ұйымдастыру;

  • материалдық базаны нығайту.

Оқу жылы аяқталарда диагностика негізінде ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстың нәтижесін бағалау мақсатымен бірқатар есеп беру шараларын өткізеді (олар - қысқаша хабарлама дайындау; реферат жазу; баяндама жасау; белгілі тақырыпқа байланысты есеп сабағын өткізу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет