2 . Қазакстан Республикасы Азаматтык кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сырткы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз. Олар: сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе өзге де кредит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша қүқықтарды пайдалану туралы лицензиялык шарттар. Бүл шарттар сыртқы экономикалык мәмілені білдіре алады, егер олар мәміле жасасушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін.
Енді осы шарттардың маңыздыларына тоқталсақ: Сатып алу-сату шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне ша-руашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бүл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін акша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттенді.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік күқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттененеді, не оны өзінің немесе үшінші түлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады, не босатуға міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк женелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
Жолаушы тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы тендеме жүкті апаратын мекенге жеткізуді және оны тендеме жүкті алуға күқык берілген адамға беруге міндеттенеді; жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.
Е нді сыртқы экономикалық мәмілелерді ішкі мәмілелерден ажырата білу ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар:
1. Тараптардың коммерциялык кәсіпорындары міндетті түрде екі мемлекетке орналасуы керек. Бірлескен кызметжәне құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің күкығы қолданылады.
2. Конкурстық сауда-саттықтың (тендердің, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржа орналаскан елдің, күкығы колданылады.
Егер бүрын тараптар «бірлескен өнеркәсіп» күру туралы бірлескен кызмет шартын жасай отырып, қай елдің кұкығын қолданатынын тандап алатын болса, казіргі жағдайда мүндай еркіндік шектелген. Азаматтык кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15 түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік, күрылыс және басқа да күрделі күрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген. Оған сәйкес егер тараптардың келісімінде өзгеше көрсетілмесе ондай жағдайда осындай қызметтін жүзеге асырған жер күкығы немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолда-нылады. Бұндай біріздендіру мына жолдармен жүзеге асуы мүмкін:
ұ лттық зандарға халықаралық зандар шарттар шеңберінде жасалған нормативтік ережелерді енгізу;
біркелкі зандарды қалыптастыру;
әр түрлі топтық шарттарды колдану;
халықаралық ұйымдардың қалыптасқан сауда-саттыкка
байланысты әдет-ғұрыптарын сауда-саттық терминдердері деп аталатын күжатқа біріктіру.
Осыған байланысты 1964 жылы өткен Гаага конвенциясының сессиясында халықаралык сатып алу-сату шартын жасасуға қолданылатын біркелкі зандар туралы Гаага конвенциясы және тауарларды халықаралық сатып алу шарты туралы Гаага конвенциясы кабылданды, бірақ күшіне енбеді. Себебі, бүл батыс елдерінің заңына сүйене отырып, жасалған еді.
БҰҰ-ның халықаралық сауда комиссиясы өз алдына қүқықтық жүйесі әр түрлі көптеген елдерге қолайлы болатын унификацияланған ережелерді жасау туралы мақсат қойды. Осы Комиссияның жүмысының нәтижесінде 1980 жылы Венада қабылданған халыкаралық сатып алу, сату шарты туралы Вена конвенциясының жобасы жасалды. Бүл конвенцияның кіріспе бөлімінде әр түрлі қоғамдык, экономикалық және қүкықтық жүйені қамтитын және халықаралық сатып алу, сату шартын реттейтін біркелкі норманың қабылдануы халыкаралық сауда-саттықтағы кедергілерді жоюға және оның дамуына ықпал етеді делінген.
Бүл конвенцияда талап ету мерзімі және дауды шешу тәртібіне байланысты ештеңе айтылмаған. Бірақ талап ету мерзімі 1974 жылы қабылданған халықаралық сатып алу-сатудағы талап ету мерзімі туралы конвенциямен реттеледі.
Ешқандай коллизиялық нормаларды қамтымайтын 1980 жылғы конвенцияның кабылдануы сол конвенциямен қамтылмаған баска да материалдық нормаларды қолдау кажеттігін туғызды. Содан кейін, 1985 жылы кезектен тыс Гага конференциясында халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын қүкық туралы конвенция қабылданды.
Коллизиялық проблемаларды жоюдың тағы бір жолы — типтік контракт болып табылады. Бүл көбінесе ірі экспортерлар мен импортерлар арасында және олардың бірлестіктері мен ассоциация арасында қолданылады. Бүл негізінде XIX ғасырдың соңында колданыла бастаған.
Экономикалық даму, әлемдік сауда, индустрияландыру, табиғи ресурстарды игеру және осы сияқты басқа да мәселелер бойынша БҰҰ-ның арнайы мекемелері мен орган-дарының экономикалық және әлеуметтік қызметін бағыттау Экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы жүргізіледі.
1947 ж. мемлекеттер арасындағы сауда қатынастарын реттеу мақсатында тарифтер мен сауда туралы көпжақты Бас келісімге қол қойылды. Оның қатысушыларының саны 1997 ж. 130 мемлекетті қүрады. Алаламау және ең көп жеңілдік жасау қағидаты бүның негізіне айналып, ең негізгі жеңілдіктер дамушы елдерге жасалды.
Ең көп жасалатын жеңілдік қағидатының күшімен, келісім бойынша бір қатысушы елдің екінші қатысушы елге жасайтын кедендік-тарифтік жеңілдігі бірден ГАТТ-тың барлық қатысушы елдеріне таралды. Тарифтік жеңілдіктер туралы келісімдер кезеңімен шақырылып түратын үзақ конференция-раундтарда өткізілді. 1965 ж. бастан ГАТТ-п.ің басшысы бас директор деп аталды.
Соңғы Уругвай раунд-конференциясында (1986— 1993 жж.) қауымдастықты реттеуде түбегейлі өзгерістер болды. Осы өзгерістерден кейін қызметтестік шегіндеө неркәсіп тауарларының саудасымен шектелмей, қызмет саудасына, ауылшаруашылық және тоқыма тауарлар саудасына, интеллектуалдық меншікті қорғаудың саудалық аспектілеріне (ТРИПС) және инвестициялық шаралардың сауда аспектілеріне (ТРИМС) кеңейді.
ГАТТ-тың мүше елдері Уругвай рауңдының шегіндегі көпжақты сауда келіссөздерінен кейін 1993 ж. 15 желтоқсанында өз жүмысын аяқтап, 1994 ж. көкекте Марракештегі мәжілісте Қорытынды Актіге қол қойылды. Сонда Халықаралық Сауда Үйымын қүру туралы шешім қабылданып, 1995 ж. 1 қаңтарынан бастап Бүкіләлемдік Сауда Үйымын (БСҰ) күру туралы мөмілеге қол қойды. Қүрылу кезінде БСҰ-ға 70-тен астам мемлекет мүше болып кірген. БСҰ Женевада орналасқан.
ГАТТ-қа мүше болып кіру үшін ілтипат білдірген мемлекет оның Секретариатына үйымға кіру туралы арыз береді. ГАТТ өз кезегінде жаңа мүшені қабылдауға мүдделі мемлекеттер өкілдерінен жүмыс тобын күрады. Мүшелікке талапкер мемлекет жүмысшы топқа өз мемлекетінің сыртқы сауда режимі туралы Меморандум тапсырады. Бүл қүжат ГАТТ-қа мүше елдердің зерттеуіне жіберіледі. Әр мемлекеттің осы қүжатқа байланысты жазбаша сүраулар жіберуіне қүқығы бар. Жүмысшы топтың Меморандумға байланысты қызметінің нәтижесінде қосылу туралы Хаттама толтырылады. Осыдан кейін арыз беруші мемлекет келісуші тараптармен тарифтік және басқа жеңілдіктер туралы екіжақты келіссөздер жүргізеді. Жеңілдіктердің тізімі Хаттамаға қосымша ретінде тіркеледі. Осы процестің нөтижесінде келісуші жақтар ГАТТ-тың жаңа мүшесінен қандай жеңілдіктер алатындығы туралы біледі.
Жүмыс тобы Өкілдер Кеңесіне баяндама үсынады, ал ол соның нәтижесіне қарап дауыс беру арқылы өз шешімін шығарады. Егер баяндама 2/3 дауыспен қабылданса, қосылушы жақ Хаттамаға қол қоя алады. Ол хаттама 30 күннен кейін күшіне енеді.
Қазір Қазақстан Республикасын да БСҰ-ға мүше болуға үмтылуда. Оның негізгі себептерінің бірі — БСҰ қызметінің иегізгі бағыты — оған мүше мемлекеттердщ рыногында олардың тауарлары мен қызметіне еркін және тең дәрежеде қол жеткізілуі қамтамасыз етіледі. Бүл үйымға мүше болу үшін мынадай талаптарды үстану қажет: тауарлар мен қызмет саудасы бойынша өзара жеңілдіктер жасау, шаруашылық заңдарын БСҰ-ның талаптарымен үйлестіру, шет мемлекеттермен сауда-экономикалық қызметтестік аясында екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қажетті соттық және окімшілік шаралар қолдану. Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туын-дайтын қүкықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны қүрайтын элементтерді карастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дүрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Француз зандылығында: тасымалдау шарты бойынша тек кана жүкті өткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік әрекеттеледі.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді. Кейбір елдердің ұлттық зандылығында және халықаралық келісімдерінде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктер бойынша егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе орындалғандығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп карастырылған. Тіпті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті бекітуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бұзылуына немесе зақымдануы). Бүл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша кұрылады.
Тасымалдау кезінде арақашыктықты аныктау және көліктің маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісімшартта белгіленген жағдайда жүзеге асырылады.
Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау бір тарап тасымалдаушы жолаушыны айтқан жеріне дейін жеткізуге, ал екінші тарап жолаушының белгіленген тарифі бойынша соманы толеуге міндеттенеді. Жолаушыны тасымалдау шарттының тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны тасымалдау автобустарда жол жүру билетімен рәсімделеді. Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
Жолаушы қүқықтары:
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар;
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар.
Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Онын, негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады, Жолаушылардың жол акысын телеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы телеуіне міндеттенеді. Тендеме жүкті тасымалдау күқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудың ішкі тасымалдаудан ерекшелігі:
1. жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
2. жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халыкаралық тасымалдау шарты аркылы халықаралық тасымалдау деп, - бекітуге болады;
3. халықаралык тасымалдауда ұлттык валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;
4. халықаралық тасымалдаудың қайнар кездері ретінде халықаралык конвенциялар, үлттық зандар, халықаралык әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде бекітіледі. Тасымалдау шартында әр түрлі құкыктык субъектілер катысады. Халықаралык тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және занды түлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымаддауға мүдделі және осы тасымаддау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын түлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік күралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы түлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік үйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген үғымның өзі эволюцияға үшырады.1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді.
«Қазақстан Республикасының Келік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы — бүл меншік қүқығы негізінде немесе басқа да зандылық негізде көлік қүралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды үсынатын жеке немесе занды түлға. Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік күралын жөнелтуді кідірткені немесе мүндай көлік күралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалык және қала маңы катынастарындағы тасымалдауды коспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу табиғи апат немесе жол апаттарынан болғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілеріндебелгіленген мөлшерде айыппұл тәлейді.
Жолаушы көлік күралы женелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға ақысын толық көлемде кайтаруға, сондай-ақ жолаушыға кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді, былайша Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр түрлі қарастырған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымадау теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің талаптары келік конвенцияларында накты көрсетілген. Бір ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралык келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана зандылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және шыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзге де адамдар анықтайды, не алып тастай алмайды. Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралықтасымалдауда да тасымалдау шар-тын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |