Бақылау сұрақтары:
1.Халықаралық есеп қатынастардың түсінігі.
2. Есеп құқықтық қатынастарының мазмұны.
3. Халықаралық есептеудің нысандары.
9-лекция. Тақырыбы: Халықаралық жеке құқықтағы интелектуалдық меншік.
Жоспары:
1.Интелектуалдық меншіктің түсінігі мен мазмұны.
2. Өнеркәсіптік меншіктің түсінігі, объектілері.
3. Конвенциялық басымдылық туралы Ереже.
Лекция мақсаты: Студенттерге Интелектуалдық меншіктің түсінігі мен мазмұнын, Өнеркәсіптік меншіктің түсінігін, объектілерін және Интелектуалдық меншік құқығының негізгі институттарын, Конвенциялық басымдылық туралы Ережелерді оқытып, түсіндіру.
Лекция мәтіні.
1. Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазакстан Республикасының Патент Заңында бүл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар керсетілген:
жаңалығы;
өнертапқыштық деңгейінің болуы;
өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазакстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі. Алайда, өнертабысты мәселенің шығармашылық-техникалық шешімі ретінде анықталатын құбылыс ретінде қарастыру занды. «Техникалык шешім» термині техниканың әр түрлі салаларындағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету қүралы ретінде, сонымен қатар, мысалы, жаңа музыкалық аспап жасау арқылы, өнер; көмекші құралдарын жасау арқылы, спорт; жаңа емдеу әдістерін, дәрі-дәрмектерді жасау арқылы медицина және т.б. салаларда кең мағынада колдана алады. Бүған қарамастан, емдеудің, терапиялык әдістері емдеу кұралдарын нақты белгіленген мөлшерде, белгілі бір уақыт ішінде, белгілі бір кезектілікпен және т.б. қолдануды меңзейтіндіктен, бұл аркылы емдеу техникасы аныкталады. Бұл
мағынада емдеу тәсілдері техникалық шешім ретінде қарастырылады. Осылай, өнертабыс арқылы техника, ауыл шаруашылық, мәдениет, білім беру салаларындағы әр түрлі мәселелер өз шешімін табады, бірақ бұл жерде өзге (экономикалық, әкім-
шілік, ұйымдастырушылық т.б.) техникалық әдістер мен құралдар қолданылмауы тиіс.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралдарды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылға
максатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген қүралдарға тәуелді анықталады.
Қүрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады.
Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтар
көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құкықтық маңызы зор.
Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар — мысалы, «Қар жинаушы машина»; күрылғылар — «Магнит өрісі датчигі»; механизмдер.
Жетілдірілген инструмент, мысалы, «Геологиялық балға», «Қозғалмалы пышақ» немесе қандай болмасын қүрал, мысалы, «Тормозное устройство для железнодорожного вагона», «Гидравлическое устройство для удержания руля относительно рамы мотоцикла» объект — кұрылғы категориясына жатқызылуы мүмкін.
Құрылғы болып көлік құралдары, жабдық, құрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады — мысалы, «Әмбебап оқу партасы». Электр схемалары да күрылғының бір түрі болып табылады.
Патенттік қорғалуға қүрылғының өзі ғана емес, олардың бөлек элементтері де: түйіндері, бөлшектері т.б. жатады.
Құрылғы өнертабыс объектісі ретінде келесі конструктивтік «белгілермен сипатталады:
конструктивтік элементтердің болуы;
элементтер арасында байланыстың болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
құрылғының немесе оның элементтерінің орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысанда жасалуы;
элементтер арасындағы байланыстың орындалу нысаны;
элементтер параметрлері мен өзге сипаттамалары және олардың өзара байланысы;
құрылғы немесе оның элементтері жасалған материал;
құрылғының кез келген элементінің қызметін орындайтын аясы;
техникалық шешімнің басқа түрлерімен салыстырғанда
құрылғы — өнертабыс олардың фактілі түрде қолданылуына талқылануды қамтамасыз етеді. Бүл олардың кең таралуын анықтайды.
2. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материаддық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл — белгілі тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Өнертабыс объектісі «Әдіс» келесі белгілермен сипатталады:
белгілі бір әрекеттін немесе әрекеттер жиынтығының болуы: «тұзды ерітеді»;
осындай әрекеттерді уақыт бойынша орындау тәртібі (кезекпен, бір уақытта, әр түрлі жолдармен т.б.). «қышқылмен өңдегеннен кейін пленканы дистилденген сумен шаяды»;
әрекеттерді жүзеге асырудың режимдері мен шарттары (температура, кысым, қуаттылығы, жылдамдығы т.б.). «40°С-қа дейін қыздыру кезінде ерітеді»;
заттар немесе материалдарды пайдалану (алғашқы шикізат реагенттер, катализаторлар, микроорганизмдер тектері және т.б.) «процессті инертті газ атмосферасында жүргізеді»;
қүрылғыларды (құралдарды, жабдықтар т.б.) пайдалану.
«реагенттің электрохимиялык өңдеуін ерітілмеген электродтары бар электролизде жүргізеді».
Өнертабыс объектісі ретінде заттарға:
жеке химиялық қосындылар, сонымен катар, оларға жоғары молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері (рекомбинантты нуклеидтік қышкылдар, векторлар т.б.).
композициялар (құрамдар, қоспалар), мысалы, «псориазды емдеу майы»,
ядролық айналу өнімдері жатады.
Жеке химиялык қосындыларды сипаттау үшін келесі белгілер қолданылады:
- сапалық және сандық құрам;
- атомдар арасындағы байланыс және олардың молекулада химиялық құрылымдық формулалары сипатталған өзара орналасуы. I
Құқықтық қорғау таралатын өнертабыстың бұл түрі болып бұрыннан белгілі болған құрылғы, зат, әдіс, т.б.мақсаттарда колданылуы табылады.
Өнертабыстың бұл объектісі өзге өнертабыстардан қызметінің сипаттамасымен байланысты пайда болуымен ерекшеленеді.
Егер құрылғы, әдіс, зат, тек коғамдық қажеттілікті қанағаттандырудың жаңа құралы болса және олардың бағытталған синтезі жасалса, онда өнертабыстың бұл обьектісі белгілі обьектінің жаңа мүмкіндіктерін (белгісіз қасиетін) анықтау арқылы пайда болады.
Бүл объектінің негізінде белгілі техникалық құралды, бұл онертабыс пайда болған кезде колданылған мақсатқа карағанда, өзге мақсаттарда қолдану. Бұрыннан белгілі болған кұрал иеленетін қызметке қарағанда, жаңаша қызметте пайдаланылып, осыған байланысты өзге қажеттілікті қанағаттандырады. Мысалы, бояу ретінде қолдану үшін арнайы синтезделген белгілі «А» заты белгілі бір жағдайда зиянды бактериялар үшін күшті әсер ететін у ретінде қолданыла алады. Белгілі заттың жаңа қасиетін анықтау нәтижесінде зиянды бактерияларды жою үшін жаңа құрал ұсынылады.
Бұл жерде белгілі бір мақсатпен арнайы алынған заттардан, яғни белгілі бір қолданудан басқа, тәжірибеден алынған табиғи немесе аралық қосындылар немесе өндіріс қалдықтары екендігін атап өту қажет. Мүндай қасиетті анықтау алдында белгілі болған кұрылғы, әдіс, зат, тектің жаңа мақсаттарда қолданылуын өнертабыс ретінде саралауға болады. Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туын-дайтын қүкықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны қүрайтын элементтерді карастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дүрыс.
Тасымалдау шартын жасаудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Француз зандылығында: тасымалдау шарты бойынша тек кана жүкті өткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік әрекеттеледі.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді. Кейбір елдердің ұлттық зандылығында және халықаралық келісімдерінде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктер бойынша егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе орындалғандығына байланысты залал келтірген жағдайда қолданылмайды деп карастырылған. Тіпті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті бекітуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бұзылуына немесе зақымдануы). Бүл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша кұрылады.
Тасымалдау кезінде арақашыктықты аныктау және көліктің маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымалдаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісімшартта белгіленген жағдайда жүзеге асырылады.
Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдаудағыдай сияқты жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау бір тарап тасымалдаушы жолаушыны айтқан жеріне дейін жеткізуге, ал екінші тарап жолаушының белгіленген тарифі бойынша соманы толеуге міндеттенеді. Жолаушыны тасымалдау шарттының тараптары болып жеке тұлға (жолаушы) және тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Жолаушыны тасымалдау автобустарда жол жүру билетімен рәсімделеді. Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
Жолаушы қүқықтары:
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар;
өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті
жағдайларда алып жүруге күкылы;
белгіленген нормалардың шегінде өзімен бірге кол жүгін
ақысыз алып жүруге құкылы;
тендеме жүкті тариф бойынша ақы төлеп, тасымалдауға
тапсыруға қүкығы бар.
Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де ие. Онын, негізгі міндеті болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады, Жолаушылардың жол акысын телеуі сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы ереже бойынша тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді, ал екінші тарап жолаушы тендеме жүкті тасымалдауына ақы телеуіне міндеттенеді. Тендеме жүкті тасымалдау күқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
2. Халықаралық тасымалдаудың ішкі тасымалдаудан ерекшелігі:
1. жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
2. жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халыкаралық тасымалдау шарты аркылы халықаралық тасымалдау деп, - бекітуге болады;
3. халықаралык тасымалдауда ұлттык валютадан баска шетелдік валюта қолданылады;
4. халықаралық тасымалдаудың қайнар кездері ретінде халықаралык конвенциялар, үлттық зандар, халықаралык әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде бекітіледі. Тасымалдау шартында әр түрлі құкыктык субъектілер катысады. Халықаралык тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және занды түлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымаддауға мүдделі және осы тасымаддау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын түлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік күралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы түлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік үйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген үғымның өзі эволюцияға үшырады.1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді.
«Қазақстан Республикасының Келік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы — бүл меншік қүқығы негізінде немесе басқа да зандылық негізде көлік қүралын иеленетін жүкті, жолаушыны, тендеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе, сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды үсынатын жеке немесе занды түлға. Жолаушыны және тендеме жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап та нормативтік тәртіпте белгіленген ретте мүліктік жауапкершілікте болады. ТМД елдері арасында тендеме жүкті тасымалдау кезінде шектеулі жауапкершілік кағидасы әрекет етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік күралын жөнелтуді кідірткені немесе мүндай көлік күралының баратын жеріне кешігіп барғаны үшін (қалалык және қала маңы катынастарындағы тасымалдауды коспағанда) тасымалдаушы, мысалы, кідірту немесе кешігу табиғи апат немесе жол апаттарынан болғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілеріндебелгіленген мөлшерде айыппұл тәлейді.
Жолаушы көлік күралы женелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан бас тартқан жағдайда, тасымалдаушы жолаушыға ақысын толық көлемде кайтаруға, сондай-ақ жолаушыға кідіруге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған жол берілмейді, былайша Францияда тасымалдаушының жолаушыны тасымалдау кезіндегі жауапкершіліктен босату әр түрлі қарастырған. Англияда жауапкершіліктің талаптары шарт негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымадау теңдеме жүкті тасымалдау бойынша жауапкершіліктің талаптары келік конвенцияларында накты көрсетілген. Бір ескеретін нәрсе, көрсетілген халықаралык келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана зандылық нормаларына сілтеме жасайды. Жүкті және шыны тасымалдау бойынша шарт негізінде белгіленетін жауапкершіліктің көлемін немесе талаптарын тараптар не өзге де адамдар анықтайды, не алып тастай алмайды. Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
Ағылшын күқығы бойынша осы рейске берілген билет, егер онда шарттар көрсетілген болса, шарт қүжат болып табылады. Бірақ та, кала ішіндегі билет бүл жолаушының билет акысын төлеп, шарт талаптарын орындады дегенді білдіреді.
Жолаушыны халықаралықтасымалдауда да тасымалдау шар-тын жасау билетпен бекітіледі. Халықаралык келісімдер билеттін, мазмүнына кейбір ерекше талаптарды қояды.
3. Өнертабыстың бүл обьектісі заттарға (жеке заттар, композициялар, тектер т.б.) тән, себебі, олар қолданылу шарттарына сәйкес жеріне алатын касиеттерді иеленеді, сондықтан әр түрлі мақсаттарда колданыс таба алады.
Аталмыш обьект құрылғыларға аса тән емес, себебі олар бір қызметті атқару үшін жасалады және олардың анық көрінетін максаты бар. Сондықтан құрылғыға қандай да бір өріс енгізбей езге мақсаттарда колдану мүмкін.
Соңғы ондаған жылдар ішінде теориялык мүддеге ғана ие, биология тәжірибелік маңыздылығымен сипатталатын гылымға айналды. Өнеркәсіпті «биологизациалау» өріс алуда. Биотехнология ғылыми-техникалык прогресстің, бағытына айналып жатыр. Биотехнологияның кең тәжірибе мүмкіндіктері гендік инженерия арқылы адамдарды істерінен қоршаған ортаны қорғау әдістеріне дейінгі әр биологиялык обьектілерге байланысты өнертабыстарды жаңаруына алып келді.
Қазақстан Республикасы аумағында үлттық заңнаманың бір бөлігі ғана емес, кей жағдайларда ұлттық заңнамадан да басым түсетін бірқатар халықаралық келісімдер, шарттар, конвенциялар іс әрекет етуде.
1993 жылы 16 ақпанда қабылданған өнеркәсіптік меншікті корғау саласындағы халықаралык шарттар туралы Қазақстан Республикасының Декларациясына сәйкес Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы күқықтық қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді:
1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы.
1891 жылғы 14-сәуірдегі Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі.
1967 жылғы 14 шілдедегі Бүкіл әлемдік интеллектуалдық меншікті корғау ұйымы конвенциясы;
1970 жылғы 19 маусымда қабылданған Патент кооперациясы туралы келісім-шарт.
1995 жылдын 5 қарашасынан бастап еліміздің аумағында 1994 жылдың 9 қыркүйегінде Мәскеуде кол койылған Еуразиялық патенттік конвенция әрекет етуде.
Бүл халықаралық келісімдердің жасалуына ширек ғасыр бойы үлттық, заңнамалардағы айырмашылыққа байланысты өнеркәсіптік үлгіні корғау құкығын бір уақытта бірнеше елде болу қиындығы себеп болды. Сонымен қатар, қорғау құжатын алу үшін өтініштер бір елде жариялануын болдырмау үшін және өзге елдерде өнертабыстың жаңашылдығын айырмау үшін, барлық мемлекеттерде бір уақытта берілуі тиіс.
Өткен ғасырдың екінші жартысында көптеген мемлекеттер өнертабыстарды қорғау жүйесін жасады, сонымен катар, мемлекетаралық технологиялық айырбас дамып, халыкаралық сауда өсті. Өнеркәсіптік меншік туралы заңнаманы халықаралық деңгейде унификациялау кажеттігі туындады.
Париж конвенциясы өнеркәсіптік қорғау саласындағы халықаралық көпжақты әмбебап шарт болып саналады.
Өнеркәсіп меншік объектілеріне байланысты мәселелерді реттейтін негізгі халыкаралық келісім болып табылады. Конвенцияның басты мақсаты — өнертабыстар, өнеркәсіп үлгілерін патенттеуде және бір мемлекет фирмалалары, үйымдары мен азаматтарына өзге мемлекеттерде тауар белгілерін тіркеуде жағдайлар жасау.
Конвенцияға 1883 жылдың 20 наурызында Парижде кол қойылды. Кейін ол 1900, 1911, 1925, 1934 жж. конвенцияларда, ал соғыстан кейінгі жылдары, 1958 жылы Лиссабонда және 1967 жылы Стокгольмде кайта қаралып, толықтырылды.
Қазақстан Республикасы аталған конвенцияға 1993 жылдың 16 ақпанында қабылданған Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық шарттар туралы Казақстан Республикасының Декларациясына сәйкес косылды.
Достарыңызбен бөлісу: |