Лекция тезистерінің жинағын дайындаған: аға оқытушы Қ. А. Тұрлыбеков



бет2/21
Дата15.11.2022
өлшемі221.57 Kb.
#464855
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
4.лекция тезистері

Лекция мәтіні.
1. Халықаралық жеке құқық құқық салаларының ішіндегі ерекше саланың бірі болып табылады, себебі ол бірнеше мемлекттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді. Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы және құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған. Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде. Халықаралық жеке құқықтың қызметі - бұл халықаралық жеке құқық жүйесімен арадағы тұрақты түрде, өзара қызмет жасау, яғни халықаралық жүйенің құрамдас бөлімі. Оны бұл тұрғыдан қарау, халықаралық құқықтың келешектегі рөлінің, бейбітшілік пен халықаралық өзара қарым-қатынасты ныгайтуда, дами түсуіне ықпалын тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету - бұл, халықарлық құқық функцияларын іске асыру үрдісі.
Халықаралық жеке құқық адамзат дамуының әр саласында түрліше қызмет атқарады. Атақты заңгерлердің бірі Ф.Лист "халықаралық жеке құқық жиі аяққа тапталады", — деп атап көрсеткен. Бірақ, сонымен бірге мемлекет және халықаралық құқықтың басқа да субъектілері, халықаралық жеке құқық нормасының міндетті күшін мойындайды.
Халықаралық құқықтың басты қызметі — мемлекеттердің өзара іс-қимылынан байқалады. Құқықтық өзара қарым-қатынас субъектілері қазіргі кезде әр түрлі тәсілдерді қолданады. Халықаралық құқықтың іс-әрекетінде, бір жағынан халықаралық құқық пен ішкі саясаттың, екінші жағынан, халықаралық құқық пен дипломатияның қатынасы туралы проблема тән. Ішкі саясатқа қарағанда сыртқы саясаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны сыртқы және ішкі саясатта мемлекеттің жоғарғы органдары бағыттап және бақылап отырады. "Дипломатиялық сөздікте" дипломатияға берілген тұжырымдама мынадай: "Мемлекет және үкімет басшыларының және ішкі арнайы органдарының мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаты мен міндетін атқарудағы, сонымен қатар шекарадан тыс жердегі мемлекеттің құқығы мен көзқарасын қорғаудағы арнайы қызметі".
Біріншіден, бүл шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың объективті процесі осыған сай жан-жакты экономикалык қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бүл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационалдандырудың ең жарқын керінісі ретінде жан-жакты экономикалык және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. ХІХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі XX-XXI ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік кауымдастық, оның құрамына бірлескен кәспорындар мен өндірістер, бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бүл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері арқасында кептеген елдер бір-бірімен жақындасты, осының арқасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктік кұрылғыларды колдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді. Космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстің керітартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп кана қоймайды.
Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе — халықаралық қатынастардың гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің — халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.
Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы әзара ыкпалдастық түтастарынан да көрінеді. Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді.
Халыкаралық жеке құқықтың спецификалык ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың кемегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты — әр түрлі елдердің фирмалары мен үйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Катынастардың екінші бір тобы — шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құкыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке түлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық жеке кұкықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға койылады, әсіресе, бүл аралас некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Казақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі катынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқық халықаралық жария күқықпен тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық өзбетімен, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (түжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жеке құқық болып табылады.
2. Біздің отандық білім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құкықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасындағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қатынастарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да козғап өту керек.
Ең біріншіден, мүліктік катынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элементі бар мүліктік катынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:
1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік катынастар. Бүл шет мемлекеттердің азаматы, шет мемлекеттердің, занды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, Қазақстандық өнеркәсіп орны ағылшындық, фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мүндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады. Халықаралық жеке құқықтың реттеуіне енгізіледі, ал Англияда, Уэльсте және Нидерландта бұл халықаралық жеке кұқықтың көрінісі деп танылады.

  1. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік
    қатынастар (мәселен, мүрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.

  2. Занды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік катынастар (зиян келтіру, шарт жасау т.б.).

Отандық ілім халықаралық жеке құкық, сонымен қатар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де карастырды. Мүның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір туғызады.
Халықаралық жеке құқықтың тарихи негізін коллизиялык нормалар кұраған. Шетелдік элементі бар азаматтық кұқықтық катынастарды реттеудің басты ерекшелігі — көп жағдайда халықаралық жеке құкық мәселелерін шешуде тікелей ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнамаға қол қою керек екендігін меңзейді. Мүндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.
Ғылым тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер колданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық жеке құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды. Бірақ коллизиялық сауалдармен халықаралық жеке құқық мазмүны толығымен ашылмайды.
Халықаралық жеке құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс.
Халықаралық жеке құқықтың қолданылатын кеңістігі мен оның мазмүны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусының сауалы халықаралық жеке құқыққа бағытталған. Сонымен катар, осы тұста да бірқатар нюанстар бар.
3. Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқыктың нормалары бір ғана мақсат үшін — әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде - осы жердегі халықаралық катынастар туралы ойлар бұл үғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп түр.
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмүнының әртүрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сиякты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық қүқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал, халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол катынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жеке құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызылады. Халықаралық жеке құқықта катысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке түлғалар мен занды түлғалар болып табылады. Жеке түлғалар — бүл азаматтар, ал занды түлғалар - бүл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап етуге болады. Халықаралык шарт халықаралық жария құқықта катынастарды реттеудің негізгі кайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа үшырайды.
Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бүл халықаралық жария құкыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.
Енді, халықаралық жеке құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді қарастырған жөн.
Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сүрақтардың бірі халықаралық жеке құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениндік түсінік — біз ешқандай жекелікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жеке құқық деген сөздің өзі түтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бүл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жеке және жария деп белуді ары қарай дамытып отыр. Мұны Улышниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жеке құқық — жеке тұлғалардың қүқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралык жеке құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ коптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функция болып табылады және мүндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп түжырымдады.
4. Шетелдіктердің құқықтық жағдайын халықаралық жеке құқық мәселелерінің қатарына жатқызу Франция мен оның бұрынғы отарларына тән болып табылады. Сонымен қатар назар аударатын бір мәселе, Францияның халықаралық жеке құқығында шетелдік азаматтың Франция азаматтығын алуы, оның аумаққа енуі, оның азаматтық және саудадағы мәртебесі сиякты мәселелер басым орынды иеленеді. Француздық құқықтық доктриналарда халықаралық жеке құқыққа қатысты көзқарас кездеседі, оған сәйкес халықаралық жеке құқық халықаралық қатынасқа енуші субъектінің құқықтық жағдайын анықтаушы болып табылады.
Халықаралық жеке құқықты зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуы бойынша оның реттеу аясына, сонымен қатар азаматтық сауалын, олардың статусына, жария тәртіпке байланысты мәселелерді де енгізуі керек. Бірак 1940 жылдардың басынан бастап, күні бүгінге дейін халықаралық жеке кұқықты іс жүргізу құқығымен байланыстыру сауалы ашық түрде қалып отыр.
Жоғарыдағы даулардың тиісті шешімін тапқанша халықаралық жеке құқықтың жалпы танылған және мойындалған пәнін анықтау мүмкін емес. Осы пәннің жүйесіне байланысты даулардың шексіз жалғасуы халыкаралық жеке қүқықтың қүқықтық табиғатын және оның реттелу әдістерін, оның жүйесіне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқықтың осындай сипаттаушы белгілері құқықтың реттеу пәніне тәуелді болып табылады.
Ең біріншіден айтарымыз, халықаралық жеке құқық реттейтін қатынастардың бір тобын бөліп алу үшін оның тек халықаралық қатынастарды реттейтіндігін атап өту керек. Халықаралық қатынастар күрделі кешенді құбылыс болып табылады. Бірінші кезекте мемлекетаралық қатынастарды ажыратып алған жөн (мүның ішінде мемлекеттен келіп шығатын субъектілерді де міндетті түрде қосамыз). Бұл қатынастардың тобын ерекшелейтін белгісі болып олардың субъектілері — мемлекеттерге тиесілі - егемендік болып табылады.
Мемлекетаралық катынастар мен көбіне олардың субъектілері азаматтар мен үйымдар (занды түлғалар) арасындағы қатынастар байланысты болып келеді. Мысалы, Қазақстан шетелдік мемлекетпен сауда және экономикалық әріптестік туралы шартқа отырады. Бұл халықаралық құқықтың реттеу пәні болып табылады. Аталған жағдай мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың негізінде айқындалады. Бүл қатынастардан басқа сол мемлекеттердің жекелеген үйымдары мен азаматтарының арасында да сауда, экономика мен коммерциялық қатынастар орнығып қалуы мүмкін. Бұл тұста, жоғарыда аталған мемлекетаралық шарттар оларды реттеуде әлсіз болып қалады. Сондықтан да, халықаралық қатынастарда жеке түлғалар мен занды тұлғалардың қатысуы ерекше бір спецификалық қатынастарды тудырады. Халықаралық жеке құқықтың тарихи негізін коллизиялык нормалар кұраған. Шетелдік элементі бар азаматтық кұқықтық катынастарды реттеудің басты ерекшелігі — көп жағдайда халықаралық жеке құкық мәселелерін шешуде тікелей ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнамаға қол қою керек екендігін меңзейді. Мүндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.
Ғылым тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер колданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық жеке құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды. Бірақ коллизиялық сауалдармен халықаралық жеке құқық мазмүны толығымен ашылмайды.
Халықаралық жеке құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс.
Халықаралық жеке құқықтың қолданылатын кеңістігі мен оның мазмүны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусының сауалы халықаралық жеке құқыққа бағытталған. Сонымен катар, осы тұста да бірқатар нюанстар бар.
Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқыктың нормалары бір ғана мақсат үшін — әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде - осы жердегі халықаралық катынастар туралы ойлар бұл үғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп түр.
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмүнының әртүрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сиякты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық қүқықтың туындауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал, халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол катынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жеке құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызылады. Халықаралық жеке құқықта катысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке түлғалар мен занды түлғалар болып табылады. Жеке түлғалар — бүл азаматтар, ал занды түлғалар - бүл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап етуге болады. Халықаралык шарт халықаралық жария құқықта катынастарды реттеудің негізгі кайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа үшырайды.
Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бүл халықаралық жария құкыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.
Енді, халықаралық жеке құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді қарастырған жөн.
Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сүрақтардың бірі халықаралық жеке құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениндік түсінік — біз ешқандай жекелікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жеке құқық деген сөздің өзі түтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бүл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жеке және жария деп белуді ары қарай дамытып отыр. Мұны Улышниан қалыптастырған болатын, оның айтуынша жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жеке құқық — жеке тұлғалардың қүқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралык жеке құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ коптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функция болып табылады және мүндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп түжырымдады.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын халықаралық жеке құқық мәселелерінің қатарына жатқызу Франция мен оның бұрынғы отарларына тән болып табылады. Сонымен қатар назар аударатын бір мәселе, Францияның халықаралық жеке құқығында шетелдік азаматтың Франция азаматтығын алуы, оның аумаққа енуі, оның азаматтық және саудадағы мәртебесі сиякты мәселелер басым орынды иеленеді. Француздық құқықтық доктриналарда халықаралық жеке құқыққа қатысты көзқарас кездеседі, оған сәйкес халықаралық жеке құқық халықаралық қатынасқа енуші субъектінің құқықтық жағдайын анықтаушы болып табылады.
Халықаралық жеке құқықты зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуы бойынша оның реттеу аясына, сонымен қатар азаматтық сауалын, олардың статусына, жария тәртіпке байланысты мәселелерді де енгізуі керек. Бірак 1940 жылдардың басынан бастап, күні бүгінге дейін халықаралық жеке кұқықты іс жүргізу құқығымен байланыстыру сауалы ашық түрде қалып отыр.
Жоғарыдағы даулардың тиісті шешімін тапқанша халықаралық жеке құқықтың жалпы танылған және мойындалған пәнін анықтау мүмкін емес. Осы пәннің жүйесіне байланысты даулардың шексіз жалғасуы халыкаралық жеке қүқықтың қүқықтық табиғатын және оның реттелу әдістерін, оның жүйесіне байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқықтың осындай сипаттаушы белгілері құқықтың реттеу пәніне тәуелді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет